daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Павлодаре қаласындағы Нормовен №30 Таблеткалар | Киевский витаминный завод АО

Павлодаре қаласындағы Нормовен №30 Таблеткалар | Киевский витаминный завод АО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сарыдан қоңырлау-сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Өндіруші:

Киевский витаминный завод АО

Өндіруші ел:

Украина

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 500 мг флавоноид фракциясы бар, ол мыналардан тұрады: 100 % затқа шаққанда 450 мг диосмин, 50 мг гесперидин,

қосымша заттар:

ядро - натрий крахмал гликоляты (А типі), микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилметилцеллюлоза, циклодекстрин, магний стеараты,

қабығы - үлбірмен қаптауға арналған Opadry II Yellow (33G32563) қоспасы (гидроксипропилметилцеллюлоза, лактоза моногидраты, полиэтиленгликоль, триацетин, хинолинді сары (Е104), титанның қостотығы (Е171), индигокармин (Е132), күн батар түстес сары FCF (Е110)).

Қолдану көрсеткіштері

вена-лимфалық жеткіліксіздікті (аяқтағы ауырлық, ауыруы, ісінуі және құрысулар) симптоматикалық емдеуде

геморройдың жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдарда.

Қарсы көрсеткіштер

- препарат құрамына кіретін белсенді компоненттер немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.

Сақтық шаралары

Бұл дәрілік затты жедел геморой кезінде қолдану спецификалық емді алмастыра алмайды және басқа проктологиялық ауруларды емдеуге кедергі келтірмейді. Препаратты қысқа курспен тағайындайды. Егер, қысқа емдеу курсы ішінде симптомдары жылдам басылмаған жағдайда, проктологиялық тексеру жүргізу және емді қайта қарастыру керек.

Вена қан айналымының бұзылулары кезінде тиімдірек емдеу, емді өмір сүру салтына қатысты мынадай ұсынымдарды сақтаумен біріктіру арқылы қамтамасыз етіледі:

күн көзінде ұзақ уақыт болмау, ұзақ уақыт бойы жүрмеу, артық дене салмағын қоспау керек;

жаяу жүру және кей жағдайларда қанайналымды жақсартуға арналған арнайы шұлықтарды кию керек.

Өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесулеріне қатысты зерттеулер жүргізілмеген. Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы әлі күнге дейін хабарланбаған (дәрілік затты тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінің мол екенін ескерсек).

Арнайы нұсқаулар

Дәрілік зат құрамында лактоза бар, сондықтан оны сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза төзімсіздік формалары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар науқастарға қолдануға болмайды.

Егер сізде бұрыннан бірнеше қантқа төзбеушілік болса, осы дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Препарат құрамына күн батар түстес сары FCF кіруіне байланысты аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Педиатрияда қолдануы

Нормовен дәрілік затын балаларға қолданылуына қатысты деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік. Жүкті әйелдерде тазартылған микрондалған флавоноидты фракцияны қолдану туралы деректер шектеулі немесе жоқ.

Сақтық шаралары мақсатында жүктілік кезінде Нормовен қабылдамаған жөн.

Емшек емізу. Белсенді зат немесе оның метаболиттерінің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Жаңа туған нәрестелер мен сәбилер үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Бала емізуді тоқтату немесе Нормовен емді тоқтату/бастамау туралы шешімді, бала үшін емізудің пайдасы мен әйел үшін емдеудің пайдасын негізге ала отырып қабылдаған жөн.

Фертильділік. Жануарлардағы репродуктивті уыттылықтың зерттеулері Фертильділікке әсер етпеді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флавоноидтық фракцияның көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсеріне зерттеулер жүргізілмеген. Алайда, флавоноид фракциясының жалпы қауіпсіздігін ескере отырып, бұл қабілетке айтарлықтай әсер ету күтілмейді. Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерінің белгілері пайда болған жағдайда, сақтық таныту керек («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ішу арқылы қолдануға арналған. Ересектерге тағайындалады.

Венозды-лимфалық жеткіліксіздік кезінде ұсынылатын дозасы – тәулігіне 2 таблетканы құрайды: 1 таблетка – күндіз және 1 таблетка – кешке, тамақтану кезінде. Бір апта қолданғаннан кейін тәулігіне бір рет 2 таблеткадан ішуге болады, тамақтану кезінде.

Жедел геморрой кезінде ұсынылатын дозасы: 4 күн бойы тәулігіне 6 таблеткадан, артынан келесі 3 күн бойы тәулігіне 4 таблеткадан. Ас ішу кезінде қолдану керек. Таблеткалардың тәуліктік мөлшерін 2-3 қабылдауға бөледі. Демеуші ем - тәулігіне 2 таблетка.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын қолданылу көрсетіліміне және аурудың ағымына байланысты дәрігер анықтайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозаланған жағдайлар туралы хабарланбаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Артық дозаланған жағдайлар туралы хабарланбаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

Түсті мөлдір емес поливинилхлорид үлбірі мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 немесе 12 таблеткадан салады.

Пішінді ұяшықты 3 немесе 6 (10 таблеткадан) немесе 5 (12 таблеткадан) қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНормовен №30 таблеткалар дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube