Қолдану көрсеткіштері
Ересектер мен балаларда, оның ішінде мерзіміне жетіп жаңа туған нәрестелерде (туғаннан бастап) келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
- бактериялық менингит
- ауруханадан тыс пневмония
- ауруханаішілік пневмония
- жедел ортаңғы отит
- интраабдоминальді инфекциялар
- несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (оның ішінде пиелонефрит)
- сүйектер және буындар инфекциялары
- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары
- соз
- мерез
- бактериялық эндокардит
- ересек пациенттерде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының қайталанулары
- ересектер мен балаларда, оның ішінде 15-күндік жасынан бастап жаңа туған нәрестелерде диссеминацияланған Лайм ауруы (ерте және кеш сатылары)
- операция алдындағы хирургиялық инфекциялар профилактикасы
- бактериялық инфекциядан туындауы болжанатын нейтропениялық қызба бар пациенттерді емдеуде
- жоғарыда тізбеленген инфекциялармен байланысты бактериемия бар пациенттерге
Бактерияға қарсы дәрілерді ұтымды пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- цефтриаксонға, кез келген басқа цефалоспоринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнездегі бактерияға қарсы бета-лактамды дәрінің кез келген басқа типіне (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакция);
- 41 аптаға дейінгі постконцептуальді жастағы (гестациялық және хронологиялық жас қосындысы) шала туған нәрестелер;
- мерзіміне жетіп туған нәрестелер (≤ 28 күндік жастағы);
- жаңа туған нәрестелердегі гипербилирубинемия, сарғаю немесе ацидоз немесе гипоальбуминемия (іn vitro зерттеулері осындай пациенттерде цефтриаксонның билирубиндік энцефалопатияның даму қаупін арттырып, билирубинді сарысулық альбуминмен байланыстан ығыстыруы мүмкін екенін көрсетті);
- цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне орай, мысалы, парентеральді қоректендіру кезінде, құрамында кальций бар ерітінділердің ұзаққа созылатын инфузияларын қоса, кальций немесе құрамында кальций бар ерітінділерді жаңа туған нәрестелерге вена ішіне енгізу;
- құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізу;
- 15 жасқа дейінгі балаларға лидокаинді еріткіш ретінде пайдалану қарсы көрсетілімді.
Цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізер алдында, егер ол еріткіш ретінде пайдаланылса, лидокаин қолдануға қарсы көрсетілімдер бар-жоғын міндетті түрде анықтау керек. Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге тыйым салынады.