daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Напрофф Гелі 10% 45 Г | World Medicine Ilac San. ve Tic A.S.

Алматы қаласындағы Напрофф Гелі 10% 45 Г | World Medicine Ilac San. ve Tic A.S.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Спирт пен раушанның әлсіз иісі бар мөлдір түссіз біртекті гель. Шығарылу түрі және қаптамасы Сыртқа қолдануға арналған 45 г гель алюминий сықпада. 1  алюминий сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Халықаралық атауы:

Напроксен

Өндіруші:

World Medicine Ilac San. ve Tic A.S.

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

- анамнезінде бронх түйілуі, есекжем немесе жедел ринит сияқты аллергиялық реакциялар, олар ацетилсалицил қышқылын немесе простагландиндер синтезін тежейтін басқа препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған; - жүктіліктің үшінші триместрі; - 3 жасқа дейінгі балалар.

Белсенді заттың дозасы:

10%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

НАПРОФФ гелі мына жағдайларда жергілікті қолданылады:

- бұлшықеттер мен буындардың ауыруында;

- буындардың дегенеративті ауруларында.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа, салицилаттарға және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП), оның ішінде ацетилсалицил қышқылына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- анамнезінде бронх түйілуі, есекжем немесе жедел ринит сияқты аллергиялық реакциялар, олар ацетилсалицил қышқылын немесе простагландиндер синтезін тежейтін басқа препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған;

- жүктіліктің үшінші триместрі;

- 3 жасқа дейінгі балалар.

Өзара әрекеттесуі

Тиісті түрде қолданған кезде дәрілік зат аз мөлшерде жүйелік қан ағымына түседі (шамамен 1%), сондықтан басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Осы уақытқа дейін напроксеннің жергілікті қолдану кезінде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалмады. Алайда, препаратты терінің ауқымды аумақтарында ұзақ уақыт қолданған жағдайда, препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу қаупін толығымен жоққа шығаруға болмайды.

Ацетилсалицил қышқылы

Фармакодинамикалық деректер напроксенді бір күннен артық бір мезгілде қолдану ацетилсалицил қышқылының төмен дозасының тромбоциттер белсенділігіне әсерін дәйекті түрде тежеуі мүмкін екендігін көрсетеді және бұл тежелу напроксенмен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы белгісіз.

Зертханалық өзара әрекеттесулер

Напроксен тромбоциттер агрегациясын азайтып, қан кету уақытын ұзартуы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Препарат сыртқа қолдануға арналған. НАПРОФФ гелі күніне 4-5 рет, әдетте бірнеше сағат аралықпен қолданылады. Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына және емдеудің тиімділігіне байланысты.

Енгізу әдісі мен жолы

Гельдің жолағы құрғақ және таза теріге зақымдалған бөліктің (әдетте шамамен 4 см) өлшеміне байланысты жағылады, зақымдалған аумақ бойымен таратып жағады және толық сіңгенше ақырын уқалайды.

Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу керек.

Емдеу ұзақтығы

Препаратты 4 аптадан артық қолдануға болмайды, егер ауырсыну мен ісіну сақталса немесе емделудің 1 аптасынан кейін жағдай нашарласа, дәрігерге қаралу керек.

Жаққан жерде терінің қызаруы мен тітіркенуі жағдайында емдеуді тоқтату керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Артық дозалану ықтималдығы аз, өйткені сыртқа қолданған кезде напроксеннің жүйелік сіңуі өте төмен. Кездейсоқ ішке қабылдап қойған кезде препарат напроксеннің пероральді түрлеріне тән жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда ҚҚСП уыттану кезінде ұсынылатын іс-шараларды орындау қажет.

Артық дозаланудан кейінгі бірінші сағат ішінде асқазанды босатып, белсендірілген көмірді қабылдау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолданар алдында қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

Сыртқа қолдануға арналған 45 г гель алюминий сықпада.

1  алюминий сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

45 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНапрофф гелі 10% 45 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1425

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 302

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

1727

1425

302

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube