Қолдану көрсеткіштері
- аллергиялық коньюнктивиттер
- аллергиялық коньюнктивиттер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
8 жасқа дейінгі балалар.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Алопатин OD көзге тамызатын дәрісін жергілікті қолданудан кейін жүйелі сіңуі мүмкін. Жағымсыз реакция немесе аса жоғары сезімталдық белгілері болса, препарат қабылдауды тоқтату қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттесуді зерттеу жүргізілген жоқ.
Арнайы ескертулер
Алопатин OD препаратының құрамында бензалконий хлориді бар, ол көзді тітіркендіруі мүмкін.
Сондай-ақ, бензалконий хлориді нүктелік кератопатияның және/немесе уытты ойық жаралы кератопатияның дамуына әкелуі мүмкін екендігі туралы хабарланды. Құрғақ көз синдромы немесе мөлдір қабықтың зақымдануы бар пациенттерде препаратты ұзақ немесе жиі қолданғанда емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Жанаспалы линзаларды тағу
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіретіні белгілі. Препараттың жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасуын болдырмау керек. Пациенттерге көзге тамызатын дәріні қолданар алдында жанаспалы линзаларды шешу қажеттілігі туралы нұсқау беру керек, препаратты қолданғаннан кейін жанаспалы линзаларды 15 минуттан кейін қайтадан тағуға болады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Алопатин OD препаратын жүктілік кезінде және контрацепцияны пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге қолдану ұсынылмайды.
Бала емізу
Алопатин OD препаратын бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейін олопатадиннің адамның ұрпақ өрбіту функциясына әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Алопатин OD препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Кез-келген көзге тамызатын дәрілер жағдайындағы сияқты тамызудан кейін уақытша анық көрмеу немесе көру қабілетінің басқа бұзылулары болуы мүмкін, ол автокөлікті немесе басқа аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне теріс ықпал етуі мүмкін. Егер препаратты қолдану кезінде анық емес көру пайда болса, пациент көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге кіріспес бұрын көру қалпына келгенше біраз уақыт күте тұру қажет.

Дозалау режимі
Доза зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивалық қалтасына тәулігіне екі рет (8 сағат аралықпен) Алопатин OD препаратының бір тамшысын құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Алопатин OD көзге тамызатын дәріні 8 жастан асқан балаларда ересектердегідей дозада қолдануға болады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде олопатадинді көзге тамызатын дәрі түрінде зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда, бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған жағдайда дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек офтальмологияда қолдану үшін.
Егер алғашқы ашуды бақылауға арналған бекіткіш сақина босаған болса, қақпақты шешкеннен кейін препаратты қолданар алдында оны алып тастаңыз. Тамшылатқыш-дозатордың ұшы мен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін, құты тамшылатқыш-дозатордың ұшымен қабақтың, көз айналасындағы аймақтың және басқа беткейлерге жанасуына жол бермеу керек. Құтыны пайдаланбаған кезде тығыз жабық сақтау керек.
Басқа жергілікті офтальмологиялық дәрілермен қатарлас ем жағдайында препараттарды кезекті қолдану арасындағы 5 минуттық аралықты сақтау керек. Көз жақпамайларын соңғы кезекте қолдану керек.
Емдеу ұзақтығы
Қажеттілігі болғанда емдеу ұзақтығы төрт айға дейін болуы мүмкін.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Кездейсоқ немесе қасақана жұту нәтижесінде адамда артық дозалану туралы деректер жоқ.
Артық дозаланған жағдайда пациентке тиісінше бақылау және емдеуді қамтамасыз ету қажет.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Қатысты емес.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Қатысты емес.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну қажет.
3 мл препараттан төмен тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған сыйымдылығы 5 мл, жартылай мөлдір қондырмамен және жоғары тығыздықтағы полиэтилен қақпағымен жабдықталған, мөлдір емес тамшылатқыш-құтыға құйылады.
1 тамшылатқыш-құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Құты ашылғаннан кейін - 30 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 346₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
2026₸
1680₸
346₸