Показания к применению
Аргосульфан инфекцияны емдеуде жергілікті қолданылады:
- терінің барлық дәрежедегі күйіктері (соның ішінде сәулеленyден болған)
- тесілулерде
- балтырдың трофикалық ойық жараларында.
Аргосульфан инфекцияны емдеуде жергілікті қолданылады:
- терінің барлық дәрежедегі күйіктері (соның ішінде сәулеленyден болған)
- тесілулерде
- балтырдың трофикалық ойық жараларында.
- сульфатиазолға және басқа сульфаниламидтерге аса жоғары сезімталдық
- туа біткен глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі
- шала туған сәбилер және 2 айлыққа дейінгі жаңа туған нәрестелер (ядролық сарғаюдың қаупіне байланысты)
- жүктілік, лактация кезеңі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Сыртқа қолдануға арналған басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Миелоуытты ДЗ препараттың гемауыттылық көріністерін күшейтеді.
Фолий қышқылы және оның құрылымдық аналогтары (мысалы, прокаин) сульфатиазолдың микробқа қарсы әсерін әлсіретуге қабілетті.
Арнайы ескертулер
Терінің ауқымды бөліктерінде ұзақ уақыт қолдану аясында, әсіресе бүйрек пен бауыр аурулары жағдайында қан сарысуындағы сульфатиазол деңгейін бақылау керек.
Ауқымды күйіктерде, толық аллергологиялық анамнезді жинау мүмкін болмауына орай, шок күйіндегі науқастарға қолданғанда сақ болу керек.
Препарат құрамында қосымша зат цетостеарил спирті бар, оны қолдану жергілікті тері реакцияларына (жанаспалы дерматиттерге), сондай-ақ метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, оларды қолдану баяу типті аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін
Жаңа туғандар сәбилерде сарғаюдың күшею ықтималдығына орай, шала туған сәбилерде, жаңа туған нәрестелерде және 2 айға толмаған балаларда қолданылмайды.
Сыртқа қолданылатын Аргосульфан кремі теріні және іш киімді қарайтпайды.
Бұл дәрілік заттың құрамында 1 г кремде 10,00 мг натрий лаурилсульфаты бар, бұл 40 г кремдегі 400,00 мг натрий лаурилсульфаты мөлшеріне сәйкес келеді. Натрий лаурилсульфаты терінің жергілікті тітіркенуін туындату мүмкін (мысалы, сыздатуы немесе ашытуы) немесе терінің сол аймағына қолданылатын басқа дәрілерден терінің реакциясын нашарлатуы мүмкін.
Жүктілік
Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Аргосульфан дәрілік препаратын жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ. Жүкті әйелдер арасында күміс сульфатиазолды өзекті қолданғаннан кейін ұрықтың дамуына әсер етуге қатысты бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Лактация
Жергілікті қолданғаннан кейін емізетін әйелдердің сүтіне күміс сульфатиазолының немесе оның метаболиттерінің бөліну дәрежесі анықталған жоқ. Алайда, пероральді сульфонамидтер емшек сүтімен шығарылатындығы және нәрестеде сарғаю тудыруы мүмкін екендігі анықталды. Емшек емізетін пациенттерде өнімнен аулақ болу керек.
Балаларда қолдану
Жаңа туғандар сәбилерде сарғаюдың күшею ықтималдығына орай, шала туған сәбилерде, жаңа туған нәрестелерде және 2 айға толмаған балаларда қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Аргосульфан көлік құралын басқару немесе қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Тазартудан және хирургиялық өңдеуден кейін стерильділік шарттарының сақталуымен препаратты күніне 2-3 рет 2-3 мм қалыңдықпен жараға жағады.
Ең жоғары тәуліктік доза - 25 г.
Ең ұзақ емдеу курсы – 20 күн.
2 айдан асқан сәбилерде дозаны өзгерту қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат ашық әдіспен де, окклюзиялық таңғыштарды пайдаланумен де сыртқа қолданылады.
Емделу кезінде жараның барлық жеріне крем жағылуы тиіс. Егер жараның бір бөлігі ашылса, қосымша крем жағу қажет. Окклюзиялық таңғышпен байлауға болады, бірақ ол міндетті түрде емес.
Кремді жара толық жазылғанша немесе жараның беті теріні ауыстыруға дайын болғанша жағады. Препарат жұқтырылған жараларға қолданылған жағдайда экссудат пайда болуы мүмкін. Кремді қолданар алдында жараны хлоргексиннің 0,1% сулы ерітіндісімен, бор қышқылының 3% сулы ерітіндісімен немесе басқа антисептикпен шаю қажет.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозалану жағдайлары байқалмайды.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу ұсынылады
15 г (15 г бөлшектеп өлшеу үшін) немесе 40 г (40 г бөлшектеп өлшеу үшін) препараттан пластмасса қақпақпен жабылатын алюминий жарғақшалы сықпаларға салады.
1 сықпадан медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Алғашқы ашудан кейінгі сақтау мерзімі - 6 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 409₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Алматы:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
2154₸
1745₸
409₸