Қолдану көрсеткіштері
Билобил® интенс симптоматикалық емдеу үшін ұсынылатын өсімдік негізіндегі дәрілік зат болып табылады:
- келесі негізгі симптомдары бар деменция синдромы кезіндегі жалпы емдік стратегияның бөлігі ретінде ақыл-ой қызметінің бұзылуын симптоматикалық емдеу үшін: жадының және зейін шоғырландырудың бұзылуы, депрессиялық көңіл-күй, бас айналу, құлақтағы шуыл және бас ауруы. Негізгі мақсатты топқа дегенеративті деменцияның, қантамыр деменциясының және «аралас» (гибридті) түрлерінің салдарынан деменция синдромы бар пациенттер жатады.
Пациенттің емдеуге жеке реакциясын болжау мүмкін емес.
Гинкго билоба экстрактісімен емдеуді бастамас бұрын, басқа аурудан туындаған және спецификалық емдеуді қажет ететін жай-күйлерді жоққа шығару керек.
- жаяу жүруді қамтитын физиотерапиялық емшаралар құрамында аяқ артерияларының окклюзиялық ауруы (Фонтейн жіктемесі бойынша мезгіл-мезгіл ақсақтықтың II сатысы) бар пациенттерде ауырусыз жүру қашықтығын ұлғайту үшін
- шығу тегі қантамырлы және инволютивті бас айналуы
- шығу тегі қантамырлы және инволютивті құлақтағы шуылды адъювантты емдеу
Жиі бас айналу немесе құлақтағы шуыл эпизодтарын әдетте дәрігер тексеруі керек. Кенеттен естімей қалған немесе саңырау болып қалған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керек.