Показания к применению
инсультта және оның зардаптарында
бассүйек-ми жарақатында және оның салдарында
мидың дегенерациялық және қан тамырлық бұзылуларынан туындаған когнитивтік, сезімталдық және қозғалыстық неврологиялық бұзылыстарда
инсультта және оның зардаптарында
бассүйек-ми жарақатында және оның салдарында
мидың дегенерациялық және қан тамырлық бұзылуларынан туындаған когнитивтік, сезімталдық және қозғалыстық неврологиялық бұзылыстарда
- цитиколинге немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия
- парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусы
- 6 жасқа дейінгі балалар
Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге қандай да бір басқа препараттарды қабылдап жүргеніңізді, жақында қабылдағаныңызды немесе қабылдай бастайтыныңыз туралы хабарлаңыз.
Цераксон® L-дигидроксифенилаланиннің (L-ДОФА) әсерін күшейтеді. Егер сіз Цераксон® қабылдағанға дейін құрамында L-ДОФА бар препаратты қабылдасаңыз, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Құрамында L-ДОФА бар дәрілік заттар әдетте Паркинсон ауруын емдеуде қолданылады.
Цераксон® препаратын ми қызметін стимуляциялайтын меклофеноксат бар препараттармен бір мезгілде қабылдамаңыз.
Арнайы ескертулер
Егер дәрілік затты қолдану кезінде симптомдар сақталса немесе жай-күйі нашарласа, дәрілік препаратты қолдануды тоқтату және дәрігерге жүгіну қажет.
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесінің шектеулі деректеріне байланысты Цераксон® препаратын емдеуші дәрігер мұны қажет деп тапқан жағдайда ғана қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, жүкті немесе жүктілікті жоспарласаңыз, препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Цераксон® препаратын жүктілік кезінде, мүмкін болатын жүктілік кезінде немесе бала емізу кезеңінде, егер сіздің емдеуші дәрігер мұны қажет деп таппаса, қабылдауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цераксон® препаратының көлік құралдарын басқару қабілетіне және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері байқалмаған.
Дозалау режимі
Препаратты әрқашан Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіздің ұсыныстарына толық сәйкес қабылдаңыз. Күмән пайда болса, Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Ұсынылатын доза аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 500 мг-нан 2000 мг-ға дейінді (1-4 таблетка) құрайды.
Егер Сіз Цераксон® препаратын қабылдауыңыз тиіс болғаннан артық қабылдасаңыз, бұл туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлаңыз.
Препаратты қабылдауды ұмытып кеткеніңізді анықтағаннан кейін, препараттың кезекті дозасын қабылдаңыз.
Өткізіп алған дозаны өтеу үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
5 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаларға салынады.
4 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
Сақтау мерзімі 3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
15º C -ден 30º C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.