daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Далацин 300 Мг № 16 Капсулалар | Фарева Амбуаз

Алматы қаласындағы Далацин 300 Мг № 16 Капсулалар | Фарева Амбуаз

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Өлшемі №1, «Pfizer» саудалық маркасы және «CLIN 150» коды қара сиямен басып жазылған, ақ түсті корпусы және қақпақшасы бар, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ (150 мг дозасы үшін). Өлшемі №0, «Pfizer» саудалық маркасы және «CLIN 300» коды қара сиямен басып жазылған, ақ түсті корпусы және қақпақшасы бар, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ (300 мг дозасы үшін).

Өндіруші:

Фарева Амбуаз

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: магний стеараты, жүгері крахмалы, тальк, лактоза моногидраты, капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Өлшемі №1, «Pfizer» саудалық маркасы және «CLIN 150» коды қара сиямен басып жазылған, ақ түсті корпусы және қақпақшасы бар, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ (150 мг дозасы үшін). Өлшемі №0, «Pfizer» саудалық маркасы және «CLIN 300» коды қара сиямен басып жазылған, ақ түсті корпусы және қақпақшасы бар, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ (300 мг дозасы үшін).

Белсенді заттың дозасы:

300 мг

Қаптамадағы саны:

16 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Емдеу үшін

Клиндамицин өзіне сезімтал микроорганизмдермен туындаған ауыр инфекцияларды емдеуге арналған:

– құлақ, мұрын және тамақ инфекциялары;

– бронх-өкпе инфекциялары;

– стоматологиялық инфекциялар;

– тері инфекциялары;

– урогениталий инфекцияларында;

– сүйек-буын инфекциялары;

– операциядан кейінгі абдоминальді инфекциялар;

– септицемиялар.

Тіпті олар препаратқа сезімтал микроорганизмдермен туындаса да, менингеальді инфекциялар бұған жатпайды, өйткені Далацин емдік тұрғыдан тиімді мөлшерлерінде жұлын сұйықтығына диффузияланбайды.

Профилактика

Бета-лактамдарға аллергиясы бар пациенттерде амбулаториялық стоматологиялық емде және жоғарғы тыныс алу жолдарының емінде инфекциялық эндокардиттің профилактикасы үшін.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтардағы нұсқауларды ескеру керек.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа, линкомицинге немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

препараттың дәрілік түріне байланысты 6 жасқа дейінгі балаларда

жүктіліктің бірінші триместрі және лактация кезеңі

тұқым қуалайтын лактаза жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы

Өзара әрекеттесуі

Дәрігерге Сіздің қаныңыз қаншалықты жақсы ұюын жиірек тексеріп отыру үшін, жүйелі түрде қан талдауларын жүргізу қажет болуы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Бұл препаратты әрдайым қатаң түрде, өз дәрігеріңіздің немесе фармацевттің нұсқауларына сәйкес қабылдаңыз. Егер Сіз бұл препаратты қалай қабылдау керек екендігіне сенімсіз болсаңыз, өз дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Дозалау режимі

Дәрігердің нұсқауларын әрдайым бұлжытпай сақтаңыз.

Анықтама ретінде төменде әдеттегі дозалары келтірілген.

Инфекцияларды емдеу

Ересек пациенттерде: тәулігіне 600-ден 1800 мг дейін 2, 3 немесе 4 дозасы түрінде.

6 жастан асқан балаларда: тәулігіне 8-ден 25 мг/кг дейін 3 немесе 4 дозасы түрінде.

Инфекциялық эндокардиттің профилактикасы үшін

Ересек пациенттерде: емшара алдындағы бір сағат ішінде 600 мг пероральді.

6 жастан асқан балаларда: емшара алдындағы бір сағат ішінде 15 мг/кг пероральді.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді қабылдау.

Капсулаларды тұтастай, бір үлкен стақан сумен ішіп жұтыңыз.

Далацин® капсулалары оларды тұтастай жұта алмайтын балаларға арналмаған.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі

Инфекцияларды емдеу үшін: препараттың тәулігіне 2, 3 немесе 4 дозасы.

Профилактикалық ем: емшара алдындағы бір сағат ішінде 1 дозасы.

Емдеу ұзақтығы

Бұл антибиотик тиімді болуы үшін, оны жазып берілген дозаларында және дәрігер тағайындаған мерзім ішінде жүйелі түрде қабылдау қажет.

Қызбаның немесе кез келген басқа симптомдарының жоғалуы толық сауығуды білдірмейді.

Кез келген ықтимал шаршау сезімі антибиотикпен емдеумен емес, инфекциямен байланысты. Егер препараттың дозасын азайтса немесе емдеуді тоқтатса, бұл жай-күйге немесе сауығудың кешігуіне ықпал етпейді.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Егер Сіз капсулалар түріндегі Далацин® препаратын әдеттегіден көп қабылдап қойсаңыз, тез арада өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарласыңыз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған жағдайда қажет шаралар

Егер Сіз Далацин® капсулаларын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, емделуді әдеттегі режимде, жіберіп алған дозасының орнын толтырмай-ақ жалғастырыңыз.

Тоқтату симптомдарының бар-жоқтығы жөніндегі нұсқау

Қатысы жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер Сізде осы препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтарыңыз болса, оларды өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке қойыңыз.

Шығарылу түрі

8 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 оС -ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДалацин 300 мг № 16 капсулалар дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube