Қолдану көрсеткіштері
Дексамед, таблеткалар кортикостероидтардың қабынуға қарсы және иммуносупрессиялық әсерлері қажет болатын аурулар кезінде, әсіресе қысқа уақыт аралығында қарқынды емдеу кезінде қолданылады.
Аллергиялық аурулар
Стандартты ем тиімді болмаған кезде ауыр немесе мүгедек қылатын аллергиялық ауруларды бақылау:
- тұрақты немесе маусымдық аллергиялық ринит
- бронх демікпесі
- жанаспалы дерматит
- атопиялық дерматит
- сарысу құю ауруы
- дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары
Ревматизмдік аурулар
Препарат ауру өршіген кезде қысқа мерзімді перспективада қосымша ем ретінде тағайындалады:
- псориаздық артрит
- ревматоидтық артрит, оның ішінде ювенильдік ревматоидтық артрит (жекелеген жағдайларда төмен дозаларда демеуші ем қажет болуы мүмкін)
- шорбуынданатын спондилит
- жедел немесе жеделге жуық бурсит
- спецификалық емес жедел теносиновит
- жедел подагралық артрит
- жарақаттан кейінгі остеоартрит
- артроз кезіндегі синовит
- эпикондилит
Тері аурулары
- күлдіреуік
- буллезді герпес тәрізді дерматит
- қатерлі көп формалы экссудативті эритема (Стивен-Джонсон синдромы)
- эксфолиативті дерматит
- фунгоидты микоз
- псориаз (ауыр түрлері)
- себореялық дерматит (ауыр түрлері)
Көз аурулары
- аллергиялық конъюнктивит
- кератит
- мөлдір қабықтың шығу тегі аллергиялық шеткейлік ойықжарасы
- офтальмологиялық құрсау теміреткі
- ирит және иридоциклит
- хориоретинит
- көздің алдыңғы сегментінің қабынуы
- солғын ағымды артқы увеит және хориоидит
- көру жүйкесінің невриті
- симпатикалық офтальмия
Эндокриндік бұзылыстар
- бүйрекүстібез қыртысы функциясының бастапқы және салдарлық (гипофиздік) жеткіліксіздігінің орын басу емі (күшті минералокортикоидтық әсеріне байланысты кортизон немесе гидрокортизон қолданылатын бүйрекүстібез функциясының жеткіліксіздігінен басқа)
- бүйрекүстібездің туа біткен гиперплазиясы
- жеделге жуық тиреоидит және сәулелік тиреоидиттің ауыр түрлері
- қатерлі ісіктер кезіндегі гиперкальциемия
Тыныс алу ағзаларының аурулары
- симптоматикалық саркоидоз
- басқа дәрілермен емдеуге келмейтін Леффлер синдромы
- бериллиоз
- туберкулезге қарсы тиісті химиотерапиямен біріктірілімдегі өкпенің фульминантты немесе диссеминацияланған туберкулезі
- аспирациялық пневмония
Қан аурулары
- ересектердің идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурасы
- ересектердің салдарлық тромбоцитопениясы
- аутоиммундық гемолиздік анемия
- эритробластопения
- туа біткен гипопластикалық анемия (эритроидтық)
Қатерлі аурулар
Паллиативтік ем үшін:
- ересектердегі лейкемия және лимфома
- балалардағы жедел лейкемия
- цисплатинмен және басқа да химиотерапиялық препараттармен жүргізілетін эметогендік химиотерапиямен байланысты жүрек айну мен құсуды емдеу.
Ісіну синдромы
- уремиясыз нефроздық синдром немесе жүйелі қызылжегінің идиопатиялық түрі кезінде диурезді жақсарту немесе протеинурияның ремиссиясына қол жеткізу үшін
- мидың ісінуі
Асқазан-ішек бұзылыстары
- спецификалық емес ойықжаралы колит (ауыр өршулер)
- Крон ауруы (ауыр өршулер)
Басқа көрсетілімдер:
- субарахноидалдық блокадасы бар немесе туберкулезге қарсы адекватты еммен біріктірілімдегі блокада қаупі бар туберкулезді менингит
- неврологиялық немесе миокардиалық көріністері бар трихинеллез
Өршу кезінде немесе жекелеген жағдайларда демеуші ем ретінде:
- диссеминацияланған қызыл жегі
- жедел ревматизмдік кардит
- адренокортикальдық гиперфункцияны диагностикалық тестілеу