Қолдану көрсеткіштері
- Ұрпақ өрбітетін жастағы әйелдердегі андроген-тәуелді акненің орташа және ауыр түрлерін (себореясыз немесе себореямен қатар жүретін) және/немесе гирсутизмді емдеу үшін.
Акнені емдеу үшін Диане 35 препаратын, жергілікті ем немесе жүйелі антибиотиктермен емдеу тиімсіз болған жағдайларда қолдану керек.
Диане 35 препараты сондай-ақ гормональді контрацептив болғандықтан, оны басқа гормональді контрацептивтермен біріктіріп қолданбау керек.