Қолдану көрсеткіштері
Хирургия
Оториноларингологияда, гинекологияда және акушерлікте, урологияда, стоматологияда, офтальмологияда, пластикалық және реконструктивтік хирургияда аса мұқияттылықты талап ететін араласуларда операция алдындағы, операциядан кейінгі капиллярлы қан кетулердің профилактикасы және емдеу.
Ішкі аурулар
Шығу тегі және орналасуы әртүрлі капиллярлық қан кетулердің профилактикасында және емдеуде: гематурия, гематемезис, мелена, мұрыннан қан кету, қызылиектің қанауы.
Гинекология
Метроррагия, меноррагия, бастапқы меноррагияда немесе органикалық патологиясы болмаған кезде жатырішілік контрацептивтер пайдаланатын әйелдердегі меноррагияда.