Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - 50 мг немесе 100 мг натрий диклофенагы
қосымша заттар: цетил спирті, қатты май
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндрконус пішінді ақ немесе сарғыш реңді ақ суппозиторийлер. Кесілген жерінде ауа немесе ұсақ тесікті өзек және шұңғыма тәрізді ойықтар болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ректальді суппозиторийлер 50 мг
6 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.
Ректальді суппозиторийлер 100 мг
5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.