Құрамы
Әр ампуланың ішінде
белсенді зат – апротинин, концентрацияланған ерітінді, 100 000 КТБ,
қосымша заттар - натрий хлориді, бензил спирті, инъекцияға арналған су.
Әр ампуланың ішінде
белсенді зат – апротинин, концентрацияланған ерітінді, 100 000 КТБ,
қосымша заттар - натрий хлориді, бензил спирті, инъекцияға арналған су.
- оқшау аортокоронарлық шунттау (яғни, жүрек-қантамыр жүйесіне басқа араласулармен қатар жүрмейтін, коронарлық артерияларды шунттау) жасау кезінде ауқымды қан жоғалтулар қаупі жоғары ересек пациенттерде операция үстінде қан жоғалту және гемотрансфузия көлемінің азаю профилактикасы үшін
- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
- апротининге спецификалық IgG антиденелері бар пациенттерде (апротининмен емдеу кезінде анафилаксияның жоғарылау қаупі байқалады)
- егер емдеуді бастар алдында апротининге қарсы спецификалық IgG антиденелерге тест жүргізу мүмкін болмаса, бірақ, пациенттің осының алдындағы 12 ай ішінде апротининмен немесе «фибриндік герметиктермен» ем қабылдағанына болжам жасалса
Апротинин тромболитикалық препараттардың, оның ішінде стрептокиназа, урокиназа және альтеплазаның (р-ПТА = плазминогеннің рекомбинантты тіндік активаторы) әсерін тежейді және тежеу әсері препарат дозасына тәуелді.
Апротинин қолдану, әсіресе, бүйрек функциясының бұзылуы бұрыннан бар пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуына алып келуі мүмкін. Аминогликозидтер қолдану да бүйрек функциясы бұзылуының даму қаупін арттырады.
Апротининді жүрек-қантамыр жүйесіне жасалатын басқа операциялармен біріктірілген аортокоронарлық шунттау (АКШ) кезінде қолданбаған дұрыс, өйткені, жүрек-қантамыр жүйесіне жасалатын басқа операциялар кезінде апротинин қолданудың «пайда/қауіп» арақатынасы анықталмады.
Аортокоронарлық шунттау жасау кезінде антикоагуляцияның зертханалық көрсеткіштеріне мониторинг өткізу
Апротинин қолдану қажетті гепарин мөлшерін төмендетпейді, сондықтан, апротининмен емдеу кезінде гепарин қолдану түрткі болған талапқа сай антикоагулянттық белсенділіктің сақталуы өте маңызды. Апротининмен ем қабылдаған пациенттерде, операция жүргізу кезінде және операциядан кейінгі бірнеше сағат ішінде ішінара тромбопластин уақытының (ІТУ) және қан ұюының целит-белсендірілген уақытының (целит - ҰБУ) ұзаруы күтіледі. Сондықтан, ішінара тромбопластин уақыты (ІТУ) көрсеткішін гепарин көмегімен алынған талапқа сай антикоагулянттық белсенділіктің сақталуын бақылау үшін пайдаланбаған дұрыс.
Дозалау режимі
Енгізуді бастар алдында пациенттердің бәрінде апротининге спецификалық IgG антиденелер тестісін жүргізу қажет.
Сынама дозасы
Аллергиялық (анафилаксиялық) реакцияның даму қаупіне байланысты, пациенттердің барлығына бастапқы дозасын енгізуге дейін кемінде 10 минут бұрын апротининнің 10000 КТБ (калликреин тежейтін бірлік) құрайтын (1 мл) сынама дозасын енгізу керек. Егер 1 мл сынама дозасы аллергиялық реакция туғызбаса, онда емдік дозасын енгізуге болады.
H1 және H2 рецепторларының антагонистерін апротининмен тест өткізуге дейін 15 минут бұрын енгізуге болады. Кейбір жағдайларда туындайтын анафилаксиялық және аллергиялық реакциялар кезінде стандартты шұғыл көмек көрсетуге арналған дәрілер мен жабдықтар дайын тұруы тиіс.
Ашық жүрекке жасалатын операциялар кезінде (жасанды қан айналдыру аппаратымен) қан жоғалтуды және гемотрансфузия қажеттілігін төмендету үшін
Наркозға енгізуден кейін (бірақ стернотомия жүргізуге дейін) 1-ден 2 миллион КТБ дейінгі жүктемелік дозасын 20-30 минут ішінде венаішілік баяу инъекция немесе инфузия жолымен енгізу ұсынылады. Келесі 1-2 миллион КТБ жасанды қан айналдыру аппаратын қосудан кейін енгізу керек. Апротинин мен сорғыны бастапқы толтыруға арналған ерітіндіге қосылатын гепариннің физикалық тұрғыдан үйлесімсіздігін болдырмау мақсатында, екі препараттың бір-бірімен араласуына дейін жеткілікті сұйылтылуын қамтамасыз ету үшін сорғыны бастапқы толтыруға арналған ерітіндіге препараттардың әрқайсысын кері айналым үдерісінде қосу керек. Жоғары дозадағы бастапқы болюстік инфузиядан кейін операция аяқталғанша үздіксіз инфузия жолымен сағатына 250000-нан 500000 КТБ дейін енгізу керек.
Жалпы алғанда, емдеу циклы бойына енгізілген апротининнің жалпы мөлшері 7 миллион КТБ аспауы тиіс, бұл инъекцияға арналған ерітінді құрамында бензил спиртінің болуымен байланысты («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер: қазіргі уақытта жинақталған клиникалық тәжірибеге сәйкес, дозасын түзету қажет емес.
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер: бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге ұсынылатын дозалары туралы ақпарат жоқ.
Педиатрияда қолдану: аталған жас тобындағы пациенттерде препарат тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Егде жастағы пациенттерде қолдану: қазіргі уақытта қолда бар клиникалық тәжірибеге сәйкес, егде жастағы пациенттерде дәрілік препаратқа қандай да бір ерекше реакция байқалмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Апротининді орталықтық вена катетері арқылы енгізу керек. Катетердің тура сол қуысын қандай да бір басқа дәрілік препараттарды енгізуге пайдаланбаған дұрыс. Бірнеше қуысы бар катетерді пайдаланғанда, апротинин енгізу үшін бөлек катетер қажет болмайды.
Апротининді тек шалқасынан жатқан пациенттерге ғана енгізу керек; енгізу баяу (ең жоғарғы жылдамдығы 5-10 мл/мин), венаішілік инъекция немесе ұзаққа созылмайтын инфузия жолымен жүргізілуі тиіс.
Артық дозалану жағдайында қолдану қажет болатын шаралар
Артық дозалану немесе уыттану көріністері сипатталмаған.
Арнайы антидоты жоқ. Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады.
Түссіз шыныдан жасалған, сындыруға арналған нүктесі бар ампулаларда 10 мл-ден. 5 ампуладан пластиктен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
Пішінді ұяшықты 5 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде 30о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден