Қолдану көрсеткіштері
Интафлю келесі зеңді инфекцияларда көрсетілген.
Ересектерде емдеу:
- криптококкты менингит
- кокцидиоидомикоз
- инвазиялық кандидоз
- шырышты қабықтар кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабықтар кандидозы
- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты), ауыз қуысы гигиенасын қадағалау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда
Ересектердегі профилактика:
- қайталанулар қаупі жоғары пациентерде криптококкты менингит қайталанулары
- қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациентерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталанулары
- ұзаққа созылған нейтропения бар пациентерде (химиялық емнен өткен гемобластоздар бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудан өткен пациенттер) кандидозды инфекциялар профилактикасы
Мерзіміне жетіп туған нәрестелерді, сәбилерді және мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді емдеу.
- шырышты қабықтар кандидозы (орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозы)
- инвазиялық кандидоз
- криптококкты менингит
- иммунитеті әлсіреген пациентердегі кандидозды инфекциялар профилактикасы
- қайталанулар қаупі жоғары балаларда криптококкты менингит қайталануларын болдырмау мақсатындағы демеуші ем.
Емді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулер нәтижелерін алуға дейін бастауға болады, алайда осы нәтижелерді алудан кейін зеңге қарсы емдеуді тиісті үлгіде түзету керек.