Қолдану көрсеткіштері
Артериялық гипертензия: каптоприл жеңіл және орташа артериялық гипертензияны емдеу үшін көрсетілген. Гипертензияның ауыр дәрежесі кезінде дәрілік затты стандартты терапия тиімсіз немесе орынсыз болған жағдайда қолдану керек.
Жүрек жеткіліксіздігі: каптоприл сол жақ қарыншаның систолалық функциясының төмендеуімен созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін көрсетілген. Оны диуретиктермен және қажет болған жағдайда оймақгүл препараттарымен және бета-блокаторлармен бірге қолдануға болады.
Күніне 100 мг-нан астам дозаны диуретикпен бірге немесе онсыз қабылдайтын пациенттер, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер немесе ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер маманның бақылауында болуы тиіс.
Миокард инфарктісі:
- қысқа мерзімді (4 апта) қолдану: каптоприл инфаркттан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде клиникалық тұрақты пациенттер үшін қолданылады;
- клиникалық көріністері бар жүрек жеткіліксіздігінің ұзақ мерзімді профилактикасы: өміршеңдікті жақсарту, симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінің басталуын кешіктіру, жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу санын азайту және қайталанатын миокард инфарктісін азайту үшін миокард инфарктісінен кейін симптомсыз сол жақ қарыншалық дисфункциясы (фракция шығаруы≤40%) бар клиникалық тұрақты пациенттерге қолданылады. Терапия басталғанға дейін жүрек функциясы радионуклидті вентрикулография немесе эхокардиография арқылы анықталуы тиіс.
I типті диабеттік нефропатия: каптоприл диабеттік нефропатияны емдеу үшін көрсетілген (микроальбуминурия тәулігіне 30 мг-нан жоғары). Каптоприл бүйрек жеткіліксіздігінің үдеуін алдын-ала алады және онымен байланысты клиникалық көріністерді, яғни диализді, бүйрек трансплантациясы мен өлімді азайта алады.
Каптоприлді жеке немесе басқа гипертензияға қарсы дәрілермен біріктірілімде қолдануға болады.