Состав
1 г кремнің құрамында
белсенді зат - клотримазол 10 мг,
қосымша заттар: полисорбат 60, сорбитан моностеараты, цетостеарил спирті, октилдодеканол, цетилпальмитат, бензил спирті, тазартылған су
1 г кремнің құрамында
белсенді зат - клотримазол 10 мг,
қосымша заттар: полисорбат 60, сорбитан моностеараты, цетостеарил спирті, октилдодеканол, цетилпальмитат, бензил спирті, тазартылған су
дерматофиттерден (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum және Microsporum canis) және өңездік зеңдерден туындаған қол, аяқ, дене терісінің зеңдік аурулары
кандидозды вагинит, кандидозды баланит, үлбірлі дерматит, баздану, эритразманы қоса алғанда, терінің және сыртқы жыныс мүшелері шырышты қабығының (жыныс мүшесінің ернеуі, күпек) ашытқы тәрізді зеңдерден (Candida текті) туындаған зеңдік инфекциялар
Malassezia furfur (Pityrosporum orbiculare) туындаған кебекті теміреткі
салдарлы cуперинфекциямен асқынған (пиодермиямен) микоздар.
клотримазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Егер жоғары сезімталдық немесе тітіркену симптомдары пайда болса, емдеуді тоқтату керек.
Жыныс мүшелері аумағында Клотримазол кремін және латексті контрацептивтерді (мысалы, мүшеқаптар мен диафрагмалар) бірге қолданған кезде олар зақымдалып, осылайша олардың тиімділігін азайтып және қауіпсіздікті төмендетуі мүмкін. Бұл әсер уақытша және тек препаратты қолдану кезеңінде ғана байқалады. Пациенттерге клотримазолмен емдеу кезінде және ол аяқталғаннан кейін кемінде 5 күн ішінде контрацепцияның балама әдістерін қолдану ұсынылуы керек.
Кремді көзге тигізіп алудан аулақ болыңыз! Жұтуға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Зерттелмеген.
Арнайы сақтандырулар
Препарат құрамында цетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, крем құрамында бензил спирті бар, одан жергілікті жеңіл тітіркену болуы мүмкін.
Балалар
Арнайы ұсыныстар жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Клотримазолды жүктілік кезінде қолдануға қатысты деректер шектеулі. Сақтық шарасы ретінде жүктіліктің бірінші триместрінде клотримазолды қолданудан аулақ болу керек.
Клотримазолмен емдеу кезінде емшек емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Клотримазол көлік құралдарын басқару және күрделі механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз ғана әсер етеді.

Дозалау режимі
Ересектер
Кремді терінің алдын ала тазартылған (рН бейтарап мәнді сабынды қолдана отырып) және құрғақ зақымданған жерлеріне күніне 2-3 рет жұқа қабатпен, сақтықпен, ысқылап сылаумен жағу ұсынылады
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы 2 аптадан 4 аптаға дейінді құрайды және аурудың ауырлығына, патологиялық өзгерістердің орналасуы мен емнің тиімділігіне байланысты.
Дерматомикоздарды емдеу кем дегенде 4 апта, Candida туындатқан инфекцияларды емдеу - кемінде 2 апта жүргізіледі.
Кебекті теміреткі 1-3 апта бойы жергілікті қолданғанда тиімді емделеді.
Кремді барлық зақымданған жерлерге бір мезгілде жағу керек.
Қайталануын болдырмау үшін Клотримазол кремінің емін ауру симптомдары жойылғаннан кейін кемінде 2 апта жалғастыру ұсынылады.
Егер 7 күн емнен кейін симптомдар жақсармаса, пациенттерге дәрігерге қайта қаралу қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Дәрілік түріне, қолдану тәсіліне және клотримазолдың төмен абсорбциясына байланысты препаратпен артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары: кремді ішке абайсызда қолданған жағдайда бас айналуы, жүрек айнуы, құсу болуы мүмкін.
Емі: арнайы антидоты жоқ. Қажет болған жағдайда – симптоматикалық ем.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз

15 г кремнен алюминий сықпада. Бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от