daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Кордиамин Инъекцияға Арналған Ерітінді 25% 2 Мл №10 | Здоровье ФК ООО

Алматы қаласындағы Кордиамин Инъекцияға Арналған Ерітінді 25% 2 Мл №10 | Здоровье ФК ООО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз немесе сәл боялған ерітінді.

Халықаралық атауы:

Никетамид

Өндіруші:

Здоровье ФК ООО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша зат - инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз немесе сәл боялған ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

25 %

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

коллапс және асфиксия (оның ішінде жаңа туған нәрестелер);

операциялық араласулар кезіндегі және операциядан кейінгі кезеңдегі шок жағдайлары;

қан айналымының жедел және созылмалы бұзылулары;

қан тамырлары тонусының төмендеуі, инфекциялық аурулар кезінде және сауығу кезеңінде тыныс алудың тежелуі;

ұйықтататын және анальгетикалық дәрілермен улану (кешенді ем құрамында).

Қарсы көрсеткіштер

никетамидке аса жоғары сезімталдық;

құрысуға бейімділік, эпилепсия, эпилепсиялық ұстамалар (анамнезінде);

балалардың гипертермиясы;

порфирия;

жүктілік, емшек емізу кезеңі.

Өзара әрекеттесуі

Никетамидтің аналептикалық әсері парааминосалицил қышқылы (ПАСҚ), салюзид, фенотиазин туындылары (аминазин және т.б.) әсерінен азаяды. Аминазин мен резерпин никетамидтің құрысу әсерін күшейтуі мүмкін. Никетамидтің нығыздау әсері моноаминооксидаза тежегіштерінің әсерімен жоғарылайды. Никетамид фтивазидтің төзімділігінің дамуына ықпал етеді. Психостимуляторлардың, антидепрессанттардың әсерін күшейтеді. Есірткі анальгетиктерінің, ұйықтататын, антипсихоздық, тырысуға қарсы дәрілердің, анксиолитиктердің әсерін төмендетеді. Терең наркоздың аясында әрекет етпейді.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезеңі.

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Емделу кезінде автокөлікті басқарудан және жоғары зейінділікті және психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерін орындаудан аулақ болу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бір реттік және тәуліктік дозалар, енгізу жиілігін пациенттің көрсеткіштері мен жасына қарай дәрігер жеке белгілейді. Вена ішіне енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді және 1-3 минут бойы енгізеді.

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға тәулігіне 1 - 2 мл-ден 1 - 3 рет тағайындайды.

Ересектер үшін жоғары дозалар тері астына: бір реттік – 2 мл, тәуліктік – 6 мл.

Ұйықтататын және анальгетикалық заттармен уланған кезде ересектерге арналған препараттың жоғары бір реттік мөлшері тері астына және вена ішіне 5 мл құрайды.

Жанама әсерлері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: мазасыздық, қатты ашушаңдық, үрейлену.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, құсу.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, аритмия, артериялық гипертензия.

Тірек-қимыл аппараты тарапынан: бұлшықеттің тартылуы (ауыздың дөңгелек бұлшықетінен басталатын), тремор, бұлшықеттің сіресуі.

Дерматологиялық реакциялар: беттің домбығуы немесе қызаруы, тері жабындарының қышуы және/немесе терінің қабыршақтануы.

Басқалар: гипертермия, қатты терлеу.

Аллергиялық реакциялар: есекжем, ангионевроздық ісіну, жайылған папулезді бөртпелер.

Жергілікті реакциялар: енгізу орнындағы инфильтрация және ауырсыну.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ

Егер сізде қандай да бір жағымсыз реакциялар пайда болса, емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз. Бұл нұсқаудың кез келген ықтимал жағымсыз реакцияларға, оның ішінде қосымша парақта келтірілгендерге де қатысы бар. Сіз сонымен қатар жағымсыз реакциялар туралы, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарлауларды қоса, Қазақстан Республикасының аумағында анықталған дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына электронды пошта (лар) бойынша: farmevro@mail.ru;

және телефон (дар) бойынша: +7-777-392-80-80 тікелей хабарлай аласыз.

Жағымсыз реакциялар туралы хабарлай отырып, сіз ДП қауіпсіздігі туралы көбірек мәлімет алуға көмектесесіз.

Шығарылу түрі

2 мл препаратты шыны ампулаларға құяды.

5 немесе 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан 5 ампуладан немесе 10 ампуладан 1 пішінді ұяшықты қаптамада медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен картон қорапқа салынады.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен, кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге аралық бөліктері бар картон қорапқа салынады.

Препаратты сыну сақинасы бар ампулаларға немесе керамикалық диск кесетін нүктесі және кертігі бар немесе кесетін керамикалық немесе ампулалық керамикалық пышақ салынбайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Алматы қаласындағы «Кордиамин инъекцияға арналған ерітінді 25% 2 мл №10» бағасының өзгеру диаграммасы

03006009001200150012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКордиамин инъекцияға арналған ерітінді 25% 2 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1045

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 206

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

1251

1045

206

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАлматы қаласындағы «Кордиамин инъекцияға арналған ерітінді 25% 2 мл №10» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube