Показания к применению
- энергетикалық субстратпен, оның ішінде жеңіл қол жетімді липидті компонентпен (MCT) қамтамасыз ету
- толық парентеральді қоректену кезінде маңызды май қышқылдарымен қамтамасыз ету

- энергетикалық субстратпен, оның ішінде жеңіл қол жетімді липидті компонентпен (MCT) қамтамасыз ету
- толық парентеральді қоректену кезінде маңызды май қышқылдарымен қамтамасыз ету
- Жұмыртқа немесе соя ақуызына, соя бұршақтарының өнімдеріне немесе жержаңғаққа, немесе препараттың кез келген басқа белсенді немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- Ауыр гиперлипидемия
- Ауыр коагулопатия
- Ауыр бауыр жеткіліксіздігі
- Бауырішілік холестаз
- Орын басу бүйрек емі болмағанда бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі
- Жедел тромбоэмболия
- Май эмболиясы
- Асқынған геморрагиялық диатез
- Метаболизмдік ацидоз
Парентеральді қоректену үшін жалпы қолдануға болмайтын жағдайлар мыналарды қамтиды:
- өмір үшін қатер төнетін тұрақсыз гемодинамикалық жағдай (шок және коллапс)
- тұрақсыз метаболизмдік жағдайлар (мысалы, жарақаттанудан кейінгі ауыр жағдайлар, ауыр сепсис, генезі айқындалмаған кома)
- Миокард инфарктісінің немесе инсульттің жедел кезеңі
- Орын басу бүйрек емі болмағанда бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (олигурия немесе анурия)
- Су-электролиттік теңгерімнің реттелмеген, мысалы, гипокалиемия және гипотониялық дегидратация сияқты бұзылулары
- Декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі
- Өкпенің жедел ісінуі
Егер пациент басқа дәрі-дәрмектерді қабылдаса немесе қабылдай алса, дәрігерге хабарлау керек.
Липофундин МСТ/ЛСТ 20% кейбір препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін. Егер пациент қанның ұюын бақылау үшін кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдаса немесе қабылдаса, дәрігерге хабарлау керек, атап айтқанда:
● гепарин,
● кумарин препараттары, мысалы варфарин.
Липофундин МСТ/ЛСТ 20% кейбір ингредиенттер туралы маңызды ақпарат
Берілген препараттың құрамында литрге шаққанда 1 ммольден азырақ натрий (23 мг) бар, яғни оның құрамында «натрий жоқ» дерлік.
Резеңке тығынмен нығыздап тығындалған және үстінде сұр түсті пластик қондырмасы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған мөлдір шыны құтыда препарат 100 мл, 250 мл және 500 мл-ден.
10 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа қапталған.
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды! Байқаусызда мұздатып қатырылған жағдайда, құтыны жою қажет! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Сыйымдылықты алғаш ашқаннан кейін
Эмульсия құтыны ашқаннан кейін бірден пайдаланылуы тиіс.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.