Состав
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – азоксимер бромиді 12 мг,
қосымша заттар: маннитол, повидон, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, стеарин қышқылы.

Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – азоксимер бромиді 12 мг,
қосымша заттар: маннитол, повидон, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, стеарин қышқылы.
Жедел және созылмалы респираторлық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 3 айдан бастап балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады.
Емдеу үшін (кешенді емде):
- ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақтың жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну ауруларын асқынуы
- қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі).
Профилактика үшін (монотерапия):
- назальді және лабиальді аумақтағы қайталанатын герпестік инфекциялар
- ауыз жұтқыншақ, мұрын маңы қойнаулары, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдары, ішкі және ортаңғы құлақ инфекцияларының созылмалы ошақтарының асқынуы
- қартаю немесе жағымсыз факторлардың ықпалы салдарынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы жағдайлары.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жеке жоғары сезімталдық
- жүктілік, емшек емізу кезеңі
- 3 жасқа дейінгі балалар
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі
- сирек тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы.
Дозалану режимі
Препаратты нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге, қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес қолданыңыз. Қажет болса 3-4 айдан кейін қайталама емдеу курстарын өткізуге болады. Препаратты қайта тағайындағанда оның тиімділігі төмендемейді
Ұсынылған емдеу сызбасы:
Сублингвальді
Ересектерді емдеу үшін:
- тұмау және жедел респираторлық инфекцияларды – 7 күн күніне 2 рет 1 таблеткадан;
- ауыз жұтқыншақтың қабыну үдерістерін – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;
- жоғарғы тыныс алу жолдары, мұрын маңы қойнауларының созылмалы ауруларының асқынуы, созылмалы отиттер – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан;
- қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) – 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан.
3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін:
- тұмау және жедел респираторлық инфекцияларды – 7 күн күніне 2 рет ½ таблеткадан;
- ауыз жұтқыншақтың қабыну үдерістерін – 7 күн бойы күніне 2 рет ½ таблеткадан;
- қайталанатын бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциядан асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі) – 7 күн бойы күніне 2 рет ½ таблеткадан.
Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. Ұсынылғаннан асатын дозаны абайсызда қабылдаған жағдайда дәрігерге қаралу керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Препараттың кезекті дозасын енгізуді жіберіп алған жағдайда оны кейіннен қолдануды осы нұсқаулықта көрсетілгендей немесе дәрігер ұсынған әдеттегі режимде жүргізу керек. Жіберіп алған дозалардың орнын толтыру мақсатында пациент қосарлы дозаны енгізбеуі тиіс.
Егер сізде дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша сұрақтар туындаса, дәрігерге жүгініңіз.
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Препаратпен емді тоқтату қажет болса, тоқтатуды бірден жүргізуге болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Емдеуді бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп, дәрігерге сіз қабылдап жүрген барлық дәрілік препараттар туралы хабарлау ұсынылады.
Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін нұсқаулықта көрсетілген және дәрігер берген барлық ұсыныстарды қатаң сақтау керек.
Көрсетілген дозалар мен емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігермен кеңесусіз арттырмау керек. Егер емнен кейін жақсару басталмаса немесе симптомдар шиеленісіп кетсе немесе жаңа симптомдар пайда болса дәрігермен кеңесу қажет.
Аллергиялық реакция дамыған кезде Полиоксидоний® препаратын қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
Пішінді ұяшықты бір немесе екі қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 1096₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Алматы:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
6536₸
5440₸
1096₸