daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Ментолмен Ринт Мұрынға Арналған Спрей 0,05% 10 Мл | Фармак ПАО

Алматы қаласындағы Ментолмен Ринт Мұрынға Арналған Спрей 0,05% 10 Мл | Фармак ПАО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Өзіне тән иісі және тиксотропты қасиеттері (тұрған кезде қоюланады және шайқаған кезде сұйылады) бар мөлдір емес, ақшылдау, гель тәрізді сұйықтық немесе ерітінді.

Өндіруші:

Фармак ПАО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: рацемиялық камфора; ментол (левоментол); бензалконий хлориді; динатрий эдетаты (Трилон Б); бензил спирті; полиэтиленгликоль 400 (макрогол 400); повидон; натрий карбоксиметилцеллюлозасы – микрокристалды целлюлоза; натрий дигидрофосфаты, дигидрат; натрий гидрофосфаты, додекагидрат; инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

0,5 мг/мл

Дәрілік түрі:

Мұрынға арналған спрей, 0,5 мг/мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған:

ринит көріністелуімен (тұмауратумен) қатар жүретін жедел респираторлық ауруларда (ЖРА)

аллергиялық ринитте, поллинозда

вазомоторлы ринитте

жедел және созылмалы синуситте (мұрынның қосалқы қойнаулары қабынған кезде секрецияның дренажын жақсарту үшін)

ринитпен астасқан евстахиитте (ортаңғы отит)

диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуін жоюда

Ринт ментолмен препаратының емдік әсері 25 секундтан басталады, әсер ету ұзақтығы 12 сағат бойы.

Қарсы көрсеткіштер

оксиметазолинге немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық

атрофиялық ринит

трансфеноидальді гипофизэктомиядан немесе мидың қатты қабығын ашатын басқа хирургиялық араласымдардан  кейін

6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Осы дәрілік препаратты қауіп пен пайда арақатынасын мұқият саралағаннан кейін қолданған жөн:

көзішілік қысым жоғарылағанда, әсіресе жабықбұрышты глаукома кезінде;

жүрек-қантамыр ауруларының ауыр түрлері (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, гипертония);

феохромоцитома;

зат алмасу бұзылулары (мысалы, гипертиреоз, қант диабеті);

простата гиперплазиясы;

порфирия кезінде;

моноаминооксидаза тежегіштерімен (МАО тежегіштері) және артериялық қысымды әлеуетті түрде жоғарылататын басқа дәрілік препараттармен ем алатын пациенттерде.

Мұрынға қолдануға арналған тамыр тарылтатын препараттың әсері ұзақ уақыт қолданғанда және артық дозаланғанда төмендеуі мүмкін. Осы препараттарды шамадан тыс пайдалану нәтижесінде келесілер туындауы мүмкін:

мұрын шырышты қабығының реактивті гиперемиясы (рикошет феномені);

мұрын шырышты қабығының созылмалы ісінуі;

мұрын шырышты қабығының атрофиясы.

Ринт ментолмен препаратының құрамында бар консервант (бензалконий хлориді) әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда, мұрын шырышты қабығының ісінуін туындатуы мүмкін. Егер мұндай реакцияға (мұрынның үнемі бітелуі) күдік туындаса, мүмкіндігінше құрамында консервантсыз мұрынға қолдануға арналған препаратты пайдаланған жөн. Егер құрамында консервант жоқ мұрынға қолдануға арналған мұндай дәрілік препараттар жоқ болса, басқа енгізу түрін қарастырған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен және трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, артериялық қысымның жоғарылауы орын алуы мүмкін.

Басқа тамыр тарылтатын препараттарды (гипертензивті дәрілер) бірге тағайындау жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттырады.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Ринт ментолмен, 0,5 мг/мл 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылмауы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктіліктің бірінші триместрінде осы препаратты қабылдаған әйелдердің шектеулі санынан алынған деректер жүктілікке немесе шарананың/жаңа туған нәрестенің денсаулығына әсер етуі мүмкін оксиметазолиннің әсері салдарынан қандай да бір қолайсыз реакциялардың дамуын көрсеткен жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер емдік дозалардың диапазонынан асатын дозаларға қатысты репродуктивті уыттылықты көрсетті. Ринт ментолмен, 0,5 мг/мл препаратын жүктілік кезінде пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін пайдалану керек. Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданған кезде ұсынылған дозадан асырмау керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ринт ментолмен, 0,5 мг/мл ұсынылғаннан жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғаннан кейін жүрек-қантамыр жүйесі мен орталық жүйке жүйесіне жалпы әсерді жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда көлік құралын немесе жабдықты басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектер мен 6 жастан асқан балалар

Әр мұрын жолына 0,05% ерітіндінің 1 дозасын бүрке енгізе отырып, күніне 2-3 рет қолдану керек. Ринт ментолмен препаратының бір реттік дозасы күніне 3 реттен артық қабылданбауы тиіс.

Ринт ментолмен 5-7 күннен артық қолдануға болмайды. Ұсынылғаннан жоғары дозаларды қолдануға болмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Ринт ментолмен мұрынға қолдануға арналған.

Әр қолданар алдында құтыны қатты сілку керек. Сақтандырғыш қалпақшасын шешіп алу керек. Дозалайтын құрылғыны алғашқы пайдаланар алдында аэрозоль ағыны пайда болғанша, оны бірнеше рет басу керек. Ұштықты танауға салып, дозалайтын құрылғыны басу керек, мұрынмен  терең тыныс алу қажет, ол кезде басты артқа шалқайтудың қажеті жоқ. Содан соң ұштықты келесі танауға салып, емшараны қайталау қажет. Пайдаланғаннан кейін ұштықты тазалап сүртіп, құтыны сақтандырғыш қалпақшамен жабу керек.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

Мұрынға арналған бүріккіші бар сорғы-дозатормен жабдықталған қоңыр түсті шыны құтыларға 10 мл препараттан құйылған. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

Әр құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыментолмен Ринт мұрынға арналған спрей 0,05% 10 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1585

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 474

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2059

1585

474

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube