Показания к применению
Ересектерде аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамалары кезінде бас ауыруы фазасын шұғыл емдегенде.
Ересектерде аурамен немесе онсыз бас сақинасы ұстамалары кезінде бас ауыруы фазасын шұғыл емдегенде.
Ризатриптанға немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық;
моноаминоксидазаның (MAO) тежегіштерімен бір мезгілде қолдану немесе MAO тежегіштерімен емді тоқтатқан сәттен бастап екі апта ішінде қолдану;
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі;
ми қан айналымының бұзылуы немесе анамнездегі өтпелі ишемиялық шабуыл;
орташа немесе ауыр артериялық гипертензия, сондай-ақ емделмеген жеңіл артериялық гипертензия;
коронарлық артериялардың белгіленген ауруы, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруы (анамнезінде стенокардия, миокард инфаркті немесе белгіленген симптомсыз ишемия), жүректің ишемиялық ауруы немесе Принцметал стенокардиясының симптомдары мен белгілері;
шеткері қан тамырларының ауруы;
ризатриптанды және эрготаминді қастауыш алкалоидтары туындыларын (метисергидті қоса) немесе 5-HT1B/1D рецепторының басқа агонистерін бір мезгілде қолдану;
лактоза жақпаушылығымен, туа біткен Lapp-лактаза жеткілісіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге.
Дозалау режимі
Ризоптан препаратын профилактикалық мақсатта қолдануға болмайды. Ішке қолданады. Таблеткаларды тұтастай жұтып, сұйықтық ішу керек.
Тамақтың әсері
Тағаммен бір мезгілде қабылдаған кезде ризатриптанның сіңірілуі шамамен 1 сағатқа кешіктіріледі. Сондықтан тоқтық жағдайында қабылдаған кезде препараттың әсер етуі кешіктірілуі мүмкін.
Ұсынылатын доза – 10 мг.
Қайта қабылдау
Келесі дозаны кемінде 2 сағаттан соң қабылдауға болады; 24 сағаттық кезең ішінде екі дозадан артық қабылдауға болмайды.
Келесі 24 сағат ішінде бас ауыруы қайталанған кезде
Егер алғашқы ұстаманың жеңілдеуінен кейін бас ауыруы қайталанса, тағы бір дозаны қабылдауға болады. Жоғарыда көрсетілген дозалау нормаларын сақтау керек.
Әсер болмаған кезде
Бірінші дозаның әсері болмаған кезде, сол ұстаманы емдеу үшін қайталама дозаның тиімділігі ризатриптан зерттеулері кезінде тексерілмеді. Осылайша, бірінші дозаны қабылдағаннан кейін пациентте терапиялық әсер туындамаса, сол ұстаманы емдеу үшін екінші дозаны қабылдауға болмайды.
Егер тіпті бір ұстама кезінде терапиялық әсер болмаса да, келесі ұстамаларда терапиялық әсер туындау ықтималдығы қалады.
Кейбір пациенттерге, әсіресе пациенттердің мынадай топтарына Ризоптан препаратын аз мөлшерде (5 мг) тағайындау керек:
– пропранолол қабылдайтын пациенттерге. Пропранолол қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң, одан ерте емес, ризатриптанды қабылдау керек;
– жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер;
– жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер.
Екі дозаны қабылдау арасында кемінде 2 сағат өтуі керек; 24 сағаттық кезең ішінде 2 дозаға дейін қабылдауға болады.
65 жастан асқан пациенттер
65 жастан асқан пациенттерде ризатриптанды қабылдау тиімділігі және қауіпсіздігі жүйелі зерттелген жоқ.
Балалар (18 жасқа дейін)
Балаларда және (18 жасқа дейінгі) жасөспірімдерде Ризоптан препаратын қолдану тиімділігі және қауіпсіздігі анықтамады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Ризатриптан 40 мг дозада (дозалар арасындағы екі сағаттық аралығымен бір доза немесе екі доза түрінде қабылданған) әдетте көтерімділігі жақсы болды; препаратты қабылдаған кезде жиі жағымсыз әсерлер бас айналу және ұйқышылдық болды.
12 ересек адам 80 мг ризатриптанның жалпы жиынтық дозасын алған клиникалық фармакологиялық зерттеуде (4 сағат ішінде), екі адамда есінен тану және/немесе брадикардия байқалды. Бір адамда, 29 жастағы әйелде, жалпы 80 мг ризатриптанды қабылдағаннан кейін (2 сағат ішінде), 3 сағаттан соң құсу, брадикардия және бас айналу тіркелді. Осы симпомдар дамығаннан кейін атропиннің әсеріне сезімтал III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада өрбіді. Екінші адам, 25 жасар ер адамда, болюсті венепункциядан кейін бірден уақытша бас айналу, есінен тану, несепті ұстамау және 5 секундтық систолалық пауза (ЭКГ мониторында) байқалды. Венепункция пациент 80 мг ризатриптанның жалпы дозасын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң жасалды (дозаны 4 сағат ішінде қабылдады).
Артық дозаланғаннан кейін гипертензия немесе басқа да неғұрлым күрделі жүрек-қантамырлық симптомдар пайда болуы мүмкін. Ризоптан препаратымен артық дозалануына күдік туған пациенттерде ас қорыту жолын тазарту (мысалы, асқазанды шаю, одан кейін белсендірілген көмірді қабылдау) керек. Бұдан кейін тіпті клиникалық симптомдар байқалмаса да, клиникалық және электрокардиографиялық мониторинг кемінде 12 сағат бойы жүргізілуі тиіс.
Ризатриптанның сарысудағы концентрациясына гемодиализ және перитонеальді диализдің әсері белгісіз.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
3 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада, 1, 2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түпнұсқалық қаптамасында 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 589₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Алматы:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
3884₸
3295₸
589₸