Қолдану көрсеткіштері
- созылмалы іш қатуда
- ішектің гипо- және атониясында
- геморройда, проктитте және артқы өтіс жарықтарында ішектің босауын жеңілдетуде
- диагностикалық және емдеу емшаралары алдында ішекті тазартуда
- созылмалы іш қатуда
- ішектің гипо- және атониясында
- геморройда, проктитте және артқы өтіс жарықтарында ішектің босауын жеңілдетуде
- диагностикалық және емдеу емшаралары алдында ішекті тазартуда
сенна гликозидтеріне және қосымша заттардың кез келгеніне жеке жоғары сезімталдық
метроррагиялар
ішектің бітелуі
ішектің жедел қабыну аурулары (Крон ауруы, ойық жара колиті, аппендицит)
перитонит
асқазан мен он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасы
асқазан-ішектен қан кету
жарықтың қысылып қалуы
цистит
генезі анықталмаған іш тұсының ауыруы
су-электролиттік теңгерімнің ауыр бұзылуы
12 жасқа дейінгі балалар
тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Мәлімет жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препарат ас қорыту жолында баяу сіңетін дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді. Хинидин сульфатпен (антиаритмиялық препарат) бір мезгілде қолданғанда антрахинонды іш жүргізетін дәрілермен бәсекелестік қасиеттеріне байланысты қанда әсер етуші заттардың деңгейін төмендетуі мүмкін. Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолдану гипокалиемия салдарынан жүрек аритмиясын туындатуы мүмкін. Аритмияға қарсы дәрілермен, диуретиктермен және кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда бұлшықет әлсіздігі дамиды. Ұзақ қолданғанда және/немесе жоғары дозада қолданғанда препарат тетрациклиндердің сіңірілуін бұзады.
Арнайы ескертулер
Диетаны өзгертумен ішектің босауын қалыпқа келтіру мүмкін болмаған жағдайда ғана, препаратты қолдану ұсынылады; қалыпты ішек функциясын қалпына келтіруге қажетті ең төменгі тиімді дозаны қолданған жөн.
Жүрек гликозидтері, аритмияға қарсы дәрілер, QT аралығын ұзартатын препараттар, диуретиктер, кортикостероидтар немесе мия тамыры негізіндегі препараттар қабылдайтын пациенттер препаратты қабылдауды бастар алдында дәрігермен кеңесуі қажет.
Егер іш қатудың себебі белгісіз немесе ас қорыту жолы тарапынан шағымданулар (іштің ауыруы, жүрек айну және құсу) болса, онда іш жүргізетін дәрілер қабылдауды бастар алдында дәрігер іш қатудың себебін анықтауы қажет, өйткені бұл симптомдар басталып жатқан немесе бұрыннан бар ішек бітелісінің белгілері болуы мүмкін.
Препарат анда-санда қолдануға арналған, сондықтан препаратты қолдану 1 аптадан артық жүргізілсе, сақтықпен және дәрігермен алдын ала кеңесуден кейін қолданады, өйткені ішек қызметін көтермелейтін іш жүргізетін дәрілерді ұзақ қолдану ішек атониясының күшеюіне әкелуі мүмкін.
Басқа дәрілік заттарды қолданғаннан кейін екі сағат ішінде немесе ұсынылған дозадан асатын дозада препаратты қолдануға болмайды. Нәжісті ұстай алмаумен (инконтиненция) зардап шегетін ересектер препаратты қабылдау кезінде төсеуішті (сүрткіні) жиі ауыстыра отырып, терінің нәжіспен ұзақ уақыт жанасуын болдырмаған жөн.
Бауыр немесе бүйрек аурулары, ішектің созылмалы қабыну аурулары бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолданған жөн.
Препарат құрамында лактоза бар, осыны лактозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын формалары, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттердің ескергені жөн.
Педиатрияда қолданылуы
12 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүкті әйелдерге тек дәрігердің қадағалауымен қолдану керек. Жүкті әйелдерде препаратты қолдану жағымсыз әсерлер (абдоминальді ауырулар, диарея) дамуының анағұрлым жоғары ықтималдығымен қатар жүреді. Препаратпен емделу кезінде бала емізуді тоқтату ұсынылады, өйткені препарат компоненттері емшек сүтіне өтуі және баланың ішінің жиі, сұйық болып өтуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетін әсер етуі
Сенадексин-Здоровье әдетте көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою, психикалық және қимыл реакциялары шапшаңдығын қажет ететін жұмыстарды орындау мүмкіндігіне әсер етпейді. Алайда, препаратқа жеке реакцияны тексеру керек.

Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 таблеткадан. Әсері болмаған жағдайда дозаны 3 таблеткаға дейін арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік доза - 3 таблетка. Дәрігердің кеңесінсіз препаратты 1 аптадан артық қабылдау ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
12 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмаған.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге емді тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан бастау ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Аздаған мөлшердегі сұйықтықты іше отырып, ішке қабылдайды.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Әдетте ұйықтар алдында немесе таңертең.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігердің кеңесінсіз препаратты 1 аптадан артық қабылдау ұсынылмайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: диарея, су-тұз теңгерімінің бұзылуы, ішек шаншуы, ас қорыту жолы ағзаларының тітіркенуі, жүрек айну, эпигастрий аумағының ауруы, құрысулар, ішек функциясының нашарлауы, қантамырлық коллапс, метаболизмдік ацидоз.
Емі: асқазанды шаюды қоса алғанда, симптоматикалық. Егер күрделі диарея қаупі бар болса, регидратация (суды көп мөлшерде қабылдау) ұсынылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қолдану қажет шаралар
Мәлімет жоқ.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Мәлімет жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевке кеңес алу үшін жүгініңіз.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1, 2 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Пішінді ұяшықты қаптамаларды тұтынушының келісімімен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге гофрланған картоннан жасалған жәшікке салуға жол беріледі.
Түпнұсқалық қаптамасында 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.