daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Стартум №3 Еріткіш Бөтелкелер | Мефар Илач Санайи. А.Ш

Алматы қаласындағы Стартум №3 Еріткіш Бөтелкелер | Мефар Илач Санайи. А.Ш
Сипаттама:

Қызғылт түсті лиофилизацияланған ұнтақ. Еріткіш. Мөлдір түссіз ерітінді. Қалпына келтірілген ерітінді. Қызыл-қызғылт түсті мөлдір ерітінді.

Өндіруші:

Мефар Илач Санайи. А.Ш

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

50.0 мг кокарбоксилаза хлориді, 20.0 мг никотинамид, 0.5 мг цианокобаламин қосымша заттар: глицин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су ⃰ ⃰ ⃰⃰⃰ ⃰ Дайын өнімде жоқ. Еріткіштің құрамы 1 ампуланың ішінде қосымша заттар: натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Қызғылт түсті лиофилизацияланған ұнтақ. Еріткіш. Мөлдір түссіз ерітінді. Қалпына келтірілген ерітінді. Қызыл-қызғылт түсті мөлдір ерітінді.

Қаптамадағы саны:

3 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді заттар: 10.0 мг аденозинтрифосфат динатрий тригидраты,

50.0 мг кокарбоксилаза хлориді,

20.0 мг никотинамид,

0.5 мг цианокобаламин

қосымша заттар: глицин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су ⃰ ⃰

⃰⃰⃰ ⃰ Дайын өнімде жоқ.

Еріткіштің құрамы

1 ампуланың ішінде

белсенді зат - 10.0 мг лидокаин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Қызғылт түсті лиофилизацияланған ұнтақ.

Еріткіш. Мөлдір түссіз ерітінді.

Қалпына келтірілген ерітінді. Қызыл-қызғылт түсті мөлдір ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

- В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығына байланысты полиневритте.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- миокард инфарктісінің жедел кезеңі

- гиперкоагуляция (оның ішінде жедел тромбоздар кезінде), эритремия, эритроцитоз, артериялық гипертонияның ауыр түрлері, артериялық гипотония, өкпенің қабыну аурулары, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, псориаз, өткізгіштіктің ауыр бұзылыстары, жүректің жедел жеткіліксіздігі

Лидокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде оның қарсы көрсетілімдерін ескеру қажет (амид типті анестетиктерге аса жоғары сезімталдық, жүректің толық блокадасы, гиповолемия).

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдыққа күдік туындаған пациенттерде Стартум препаратын енгізер алдында тері ішіне сынама жүргізу ұсынылады.

Дайындалған ерітіндінің түсі қызыл-қызғылт болуы керек.

Егер түсі өзгерсе, ерітіндіні пайдалануға болмайды.

Ерітінді тек бұлшықет ішіне енгізуге арналған! Лидокаинді еріткіш ретінде қолданған кезде препарат тек бұлшықет ішіне енгізіледі!

Лидокаинді еріткіш ретінде қолданар алдында оны қолдану кезінде қарсы көрсетілімдерді, айрықша нұсқаулар мен сақтандыруларды зерделеу қажет. Препаратты вена ішіне енгізуге болмайды!

Ерітінді дайындалғаннан кейін бірден қолданылуы керек!

Стартум анамнезінде асқазанның ойық жарасы, гастрит, подагра, қан кету, бауыр мен өт шығару жолдарының зақымдануы туралы мәліметтер бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы керек.

Препаратты ұзақ уақыт бойы қолданған кезде жалпы қан талдауындағы эритроциттер санын, қанның ұю уақытын, коагулограммадағы протромбиндік индексі, трансаминазалар деңгейін, сілтілі фосфатазаны, гамма-глутамилтранспептидазаны, билирубинді, қан сарысуындағы несеп қышқылын, қандағы тромбоциттер санын бақылау қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Кокарбоксилаза жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерін күшейтеді.

Никотинамидті эпилепсияға қарсы, әсіресе карбамазепин, диазепам және натрий вальпроаты сияқты дәрілермен бір мезгілде қолданғанда олардың құрысуға қарсы әсерін күшейтуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Балалар

Препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Жүктілік кезінде Стартумды анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек.

Лактация

Препаратпен емдеу кезінде лактацияны тоқтату ұсынылады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер ұсынылмаған.

Өзара әрекеттесуі

Кокарбоксилаза жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерін күшейтеді.

Никотинамидті эпилепсияға қарсы, әсіресе карбамазепин, диазепам және натрий вальпроаты сияқты дәрілермен бір мезгілде қолданғанда олардың құрысуға қарсы әсерін күшейтуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Балалар

Препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Жүктілік кезінде Стартумды анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек.

Лактация

Препаратпен емдеу кезінде лактацияны тоқтату ұсынылады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер ұсынылмаған.

Арнайы нұсқаулар

Балалар

Препаратты балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Жүктілік кезінде Стартумды анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек.

Лактация

Препаратпен емдеу кезінде лактацияны тоқтату ұсынылады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер ұсынылмаған.

Артық дозалану

Артық дозалану жағдайлары байқалмады. Кездейсоқ вена ішіне енгізу немесе пероральді қабылдау арқылы уыттылықтың ықтимал дамуы туралы деректер жоқ. Егер уыттылыққа күдік туындаса, бақылау және симптоматикалық емдеу қажет.

Жанама әсерлері

Жиілігі белгісіз

аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық шокты қоса)

емдеудің басында іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, пальпитация

шеткері қантамырлар тромбозы, ысыну, гипотензия

емдеудің басында өкпенің ісінуі, ентігу

нақты полицитемия

бас айналу

диарея (жеңіл түрі, транзиторлы), жүрек айнуы, эпигастрий аумағындағы жайсыздық

қышыну, бөртпе (транзиторлы), аллергиялық дерматит, есекжем, ангионевроздық ісіну, гипергидроз

полиурия

астения, дімкәстану, гипертермия, қалтырау, енгізу орнындағы реакциялар, соның ішінде енгізу орнындағы ауырсыну және енгізу орнындағы некроз

Шығарылу түрі

Еріткіш. 2 мл еріткіштен (лидокаин гидрохлориді, инъекцияға арналған ерітінді 0.5 %) түссіз шыны ампулаларға құйылады.

Дәрілік препарат. Массасы 198.0-ден ± 242.0 мг-ға дейінгі инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ бромбутилкаучук тығыны және «Flip off» типті біріктірілген алюминий қалпақшасы бар күңгірт шыны құтыға салынады.

3 құтыдан 3 ампула еріткішпен жиынтықта пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Дәрілік препарат үшін – 3 жыл, еріткіш үшін – 4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыстартум №3 еріткіш бөтелкелер дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube