Қолдану көрсеткіштері
ТРАЖЕНТА® препараты 2-ші типті қант диабеті бар гликемиялық бақылауды жақсарту мақсатында диетаға және дене жаттығуларына қосымша ретінде ересек пациенттерге қолданылады:
Монотерапия
- метформиннің жақпаушылығында немесе оның бүйрек жеткіліксіздігі салдарынан қолданылуына қарсы көрсетілім болғанда.
Біріктірілген ем
- басқа диабетке қарсы дәрілік препараттармен, оның ішінде инсулинмен біріктірілімде, гликемиялық бақылауы жеткіліксіз пациенттерге (Әртүрлі біріктірілімдер туралы қолда бар деректерді «Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерінен қараңыз).