Құрамы
10 г (=9,75 мл) ерітіндінің құрамында
белсенді зат – Pelargonium sidoides тамырлары сұйық экстрактісі (1:8 – 10) (экстрагент: этанол 11 %) - 8.0 г;
қосымша зат - глицерин 85 %
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық-қоңырдан қызғылт-қоңыр түске дейінгі сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 мл немесе 50 мл-ден бұрандалы қақпағы бар, полиэтиленнен жасалған тамшылатқышпен жабдықталған күңгірт шыны құтыда.
1 құтыдан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.