daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Вальсакор Н Таблеткалары 160 Мг/12,5 Мг №56 | KRKA d.d., Novo mesto

Алматы қаласындағы Вальсакор Н Таблеткалары 160 Мг/12,5 Мг №56 | KRKA d.d., Novo mesto

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (80 мг/12,5 мг доза үшін). Сопақша пішінді, екі беті дөңес, қызыл-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (160 мг/12,5 мг доза үшін). Сопақша пішінді, екі беті дөңес, ашық-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (160 мг/25 мг доза үшін).

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді заттың дозасы:

160 мг/12,5 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 80 мг/12,5 мг, 160 мг/12,5 мг, 160 мг/25 мг

Қаптамадағы саны:

56 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- артериялық гипертензия

- Вальсакор® препаратымен монотерапия кезінде артериялық қысымды жеткілікті бақылау мүмкін емес артериялық гипертензиясы бар пациенттерді емдеуде

Қарсы көрсеткіштер

- валсартанға, гидрохлоротиазидке, сульфонамид туындыларына немесе Вальсакор® Н басқа да қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары, билиарлы цирроз және холестаз

- анурия, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)

- рефрактерлік гипокалиемия, гипонатриемия, гиперкальциемия және симптоматикалық гиперурикемия

- 2 типті қант диабеті бар пациенттерде валсартан немесе алискиренмен АӨФ тежегіштерін қоса, ангиотензин рецепторларының антагонистерін бір мезгілде қолдану

Өзара әрекеттесуі

Валсартанмен байланысты

Ангиотензин рецепторларының тежегіштерімен, АӨФ тежегіштерімен немесе алискиренмен ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін (РААЖ) қосарлы бөгеу

Валсартанды қоса, ангиотензин рецепторларының тежегіштерін РААЖ-ға әсер ететін басқа препараттармен бір мезгілде қолдану гипотензия, гиперкалиемия жиілігінің артуымен және бүйрек функциясының монотерапиямен салыстырғанда өзгеруімен байланысты. Валсартан және РААЖ-ға әсер ететін басқа препараттар қабылдайтын пациенттерде артериялық қысымды, бүйрек функциясын және электролиттерді бақылау ұсынылады.

Калий

Калий тұздарын, калий жинақтаушы диуретиктерді, құрамында калий бар ас тұзын алмастырғыштарды немесе қанда калий концентрациясының жоғарылауын туындатуға қабілетті кез келген басқа дәрілік препараттарды (мысалы, гепарин) бір мезгілде қолдану алдын ала сақтану шараларын қадағалауды, атап айтқанда, қандағы калий концентрациясын жиі анықтауды талап етеді.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса

Ангиотензин II антагонистерін ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданғанда гипотензиялық әсердің төмендеуі пайда болуы мүмкін. Бұдан басқа, бір мезгілде ангиотензин II антагонистері мен ҚҚСП қолдану бүйрек функциясының бұзылу қаупінің және қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан емдеудің басында бүйрек функциясын бақылау, сондай-ақ пациентті тиісінше гидратациялау ұсынылған.

Тасымалдағыштар

Валсартан OATP1B1 бауырдағы қармау тасымалдағышының субстраты және MRP2 бауырлық эффлюксті тасымалдағыш болып табылады. Бауырлық қармау тасымалдағышының тежегіштерін (рифампицин, циклоспорин) немесе эффлюксті тасымалдағышты (ритонавир) бір мезгілде қолдану валсартанның жүйелік әсерін арттыруы мүмкін.

Басқа препараттар

Валсартанмен валсартанның мына заттардың кез келгенімен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі байқалды: циметидин, варфарин, фуросемид, дигоксин, атенолол, индометацин, гидрохлоротиазид, амлодипин, глибенкламид.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Вальсакор® Н препаратының ұсынылатын дозасы – күн сайын тәулігіне бір рет 1 таблеткадан. Жеке компоненттердің дозаларын таңдау арқылы осы біріктірілген препараттың дозасын титрлеу жүргізу ұсынылады. Әрбір жағдайда жекелеген компоненттердің титрленуін гипотония және басқа да жағымсыз құбылыстар қаупін төмендету үшін келесі дозаға дейін арттыру керек.

Қажет болса, дозаны 160 мг валсартан мен 25 мг гидрохлортиазидке (1 таблетка Вальсакор® Н 160мг/25мг) дейін арттыруға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Вальсакор® Н қауіпсіздік және тиімділік жөніндегі деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Холестаздың қатарлас емес құбылыстарынсыз шығу тегі билиарлы емес жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде гидрохлоротиазид дозасын түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі > 30 мл/мин) препараттың дозасын түзету қажет емес.

Енгізу жолы және тәсілі

Ішке қабылдау үшін.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Күн сайын тәулігіне бір рет 1 таблеткадан.

Емдеу ұзақтығы

Гипотензиялық ең жоғары әсері емдеудің алғашқы 2-4 аптасында байқалады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: валсартанмен артық дозалану айқын гипотензиямен байқалуы мүмкін, ол өз кезегінде, сананың көмескіленуіне, жүрек жеткіліксіздігінің дамуына және/немесе гиповолемиялық шокқа әкелуі мүмкін.

Гидрохлоротиазидпен артық дозаланғанда мынадай белгілер мен симптомдар болуы мүмкін: жүрек айну, ұйқышылдық, гиповолемия, электролиттер теңгерімінің бұзылуы, соның салдарынан, аритмия және бұлшықеттердің түйілуі.

Емі: емдік шаралар шамадан тыс дозаны қабылдағаннан кейінгі уақытқа, сондай-ақ симптомдардың түрі мен ауырлығына байланысты, осы орайда алғашқы кезектегі шара гемодинамиканы қалыпқа түсіру болып табылады. Артық дозалану кезінде препарат қабылдаудан кейін өткен уақытқа қарай қабылданған шараларда құстыру, асқазанды шаю және/немесе белсендірілген көмір қабылдау қамтылуы тиіс.

Гипотензияда пациентті жатқызып, кейінге қалдырмастан изотониялық тұзды ерітінді енгізу арқылы су-тұз теңгерімінің қалпына келтірілуін қамтамасыз ету керек.

Валсартанды организмнен ол плазма ақуыздарымен байланысатындықтан гемодиализ арқылы шығарылмайды, бірақ организмнен гидрохлоротиазидті шығару үшін гемодиализ тиімді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Дәрігерден кеңес алған жөн. Өткізіп алған дозаны толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаған жөн.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар пайда болса, дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

Шығарылу түрі

14 таблеткадан поливинилхлоридті/полиэтиленді/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладывальсакор Н таблеткалары 160 мг/12,5 мг №56 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube