Қолдану көрсеткіштері
Кешенді терапияның бөлігі ретінде:
- әдеттегі терапияға жауап бермейтін созылмалы бронхоспазмды жеңілдету үшін;
- ауыр бронх демікпесінің ұстамаларын жеңілдету үшін
Бронходилататорлар бронх демікпесі терапиясының жалғыз ғана немесе негізгі компоненті болмауы керек. Егер демікпесі бар пациент сальбутамолмен терапияға жауап бермесе, симптомдарды бақылауға қол жеткізу және демеу үшін ингаляциялық ГКС-ті қолдануға кеңес беріледі.
Сальбутамол терапиясына жауаптың жеткіліксіз болуы шұғыл медициналық араласымға/терапияға берілген белгі болуы мүмкін.