daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Везомни Таблеткалар 6 Мг/0,4 Мг №30 | Авара Фармасьютикал Текнолоджис Инк.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған, «6/0,4» өрнегі бар дөңгелек таблеткалар.

Өндіруші:

Авара Фармасьютикал Текнолоджис Инк.

Өндіруші ел:

Соединенные Штаты Америки

Белсенді ингредиент:

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар Симптомдары: солифенацин мен тамсулозин біріктірілімімен артық дозалану жедел гипотензиямен қатар, ауыр м-холиноблокаторлық бұзылулармен қатарласа жүруі мүмкін. Клиникалық зерттеулер барысында байқамай қабылдап қойған ең жоғары доза 126 мг солифенацинге және 5,6 мг тамсулозинге сәйкес келеді. Бұл дозаның жағымдылығы жақсы, жалғыз жағымсыз құбылыс – 16 күн ішінде айқындылығы әлсіз дәрежедегі ауыздың кеберсуі байқалды. Емі Артық дозаланған жағдайларда белсендірілген көмір тағайындау, асқазанды шаю керек, бірақ құстырмаған жөн. Басқа м-холиноблокаторлардың артық дозалануы жағдайындағы сияқты, симптомдарды былайша емдеген жөн: - орталық әсер беретін ауыр м-холиноблокаторлық әсерлер (елестеулер, айқын қозғыштық) – физостигмин немесе белсендірілген көмір. - құрысуларда немесе айқын қозғыштықта – бензодиазепиндер. - тыныс алу жеткіліксіздігінде – жасанды тыныс алу. - тахикардияда – қажетіне қарай симптоматикалық ем. Бета-адреноблокаторларды абайлап пайдаланған жөн, өйткені тамсулозинмен бірге бір мезгілде артық дозалану ауыр гипотензияға әкеп соғуы мүмкін. - несептің жедел іркілуінде – катетеризация. Басқа м-холиноблокаторлардың артық дозалануы жағдайындағы сияқты, QT аралығының ұзару қаупі анықталған пациенттерге (яғни гипокалиемияда, брадикардияда және QT аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қабылдағанда) ерекше көңіл бөлген жөн. Тамсулозин артық дозаланғаннан кейін пайда болуы мүмкін жедел гипотензияны симптоматикалық түрде емдеген жөн. Диализдің тиімді болу мүмкіндігі аз, өйткені тамсулозин плазма ақуыздарымен қарқынды түрде байланысады. Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерге немесе фармацевтке қаралыңыз.

Белсенді заттың дозасы:

6 мг/0,4 мг

Дәрілік түрі:

Модификацияланып босап шығатын үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 6 мг/0,4 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- монотерапияға талапқа сай жауабы жоқ еркектерде қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясымен байланысты, орташадан бастап күштіге дейін білінетін (несеп шығаруда ургентті қысылу, несеп шығарудың жиілеуі) толу симптомдарын (ирритативті симптомдар) және босату симптомдарын (обструктивті симптомдар) емдеуде.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- гемодиализ жүргізу

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- CYP3A4 изоферменттерінің күшті тежегіштерімен, мысалы, кетоконазолмен бір мезгілде емдеген кезде бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың орташа жеткіліксіздігі

- ауыр асқазан-ішек ауруларының (уытты мегаколонды қоса), миастениялардың және жабық бұрышты глаукоманың, сондай-ақ осы аурулардың даму қауіптерінің болуы

- анамнездегі ортостаздық гипотензия

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Везомниді мына пациенттерге абайлап тағайындаған жөн:

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар

- несеп шығарудың іркілу қаупі бар,

- асқазан-ішектің обструкциялық аурулары бар,

- асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеу қаупі бар,

- диафрагманың өңештік саңылауының жарығы, гастроэзофагеальді рефлюксі бар және эзофагитті тудыруы немесе күшейтуі мүмкін дәрілік препараттарды (мысалы, бисфосфонаттарды) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге,

- шеткері нейропатиясы бар пациенттерге,

- QT аралығының ұзаруы және «пируэт» типті тахикардия байқалған, QT аралығының ұзару синдромы және гипокалиемия сияқты қауіпті факторлары бар пациенттерге.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 және CYP2D6 тежегіштерімен өзара әрекеттесуі

Солифенацин мен кетоконазолды (күніне 200 мг), CYP3А4 изоферментінің күшті тежегішін бір мезгілде қолдану солифенациннің «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданын (әрі қарай – ҚАА) екі есе, ал күніне 400 мг дозада үш есе арттырды.

Тамсулозинді кетоконазолмен күніне 400 мг дозада бір мезгілде қолдану тамсулозиннің Cmax және ҚАА сәйкесінше 2,2 және 2,8 есе артуына әкелді.

Кетоконазол, ритонавир, нелфинавир және итраконазол сияқты CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде енгізу солифенациннің де және тамсулозиннің де әсерінің артуына әкеп соғатын болғандықтан, Везомниді CYP3A4 күшті тежегіштерімен біріктіріп пайдаланғанда сақ болған жөн. Везомниді CYP2D6 метаболизмі фенотиптік түрде төмендеген, немесе CYP2D6 күшті тежегіштерін қолданып жүрген пациенттерге CYP3A4 күшті тежегіштерімен бірге бермеген жөн.

Везомниді верапамилмен (CYP3A4 орташа тежегіші) бір мезгілде қабылдау тамсулозиннің Cmax және ҚАА 2,2 есе және солифенациннің Cmax және ҚАА шамамен 1,6 есе артуына әкелді.

Тамсулозинді CYP3A4 әлсіз тежегіші циметидинмен (әрбір 6 сағат сайын 400 мг) бір мезгілде тағайындау тамсулозиннің ҚАА 1,44 есе артуына әкелді, ал Сmax елеулі өзгеріске ұшырамайды.

Везомни CYP3A4 әлсіз тежегішімен бірге пайдаланылуы мүмкін.

Тамсулозинді CYP2D6 күшті тежегіші пароксетинмен (күніне 20 мг) бір мезгілде қабылдау тамсулозиннің Cmax және ҚАА сәйкесінше 1,3 және 1,6 есе артуына әкеледі.

Солифенацин мен тамсулозин CYP3А4 изоферментімен метаболизденетін болғандықтан, CYP3А4 изоферментінің индукторларымен (мысалы, рифампицинмен) фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі мүмкін.

Басқа өзара әрекеттесулер

Солифенацин

Солифенацин асқазан-ішек жолының моторикасын стимуляциялайтын дәрілік препараттардың, мысалы, метоклопрамид пен цизапридтің әсерін төмендетуі мүмкін.

Іn vitro зерттеулер солифенациннің емдік концентрацияларда CYP1A1/2, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 немесе 3А4 изоферменттерін тежемейтінін көрсетті. Сондықтан, солифенациннің осы изоферменттермен метаболизденетін дәрілердің клиренсін өзгерту ықтималдылығы аз.

Солифенацинді қабылдау R-варфариннің немесе S-варфариннің фармакокинетикасында немесе олардың протромбин уақытына ықпал етуінде өзгерістер тудырған жоқ.

Солифенацинді қабылдау дигоксиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Тамсулозин

α1-адренорецепторлардың басқа бөгегіштерін бір мезгілде тағайындау гипотензиялық әсерге әкеп соғуы мүмкін.

Диазепам, пропранолол, трихлорметиазид, хлормадинон, амитриптилин, диклофенак, глибенкламид, симвастатин және варфарин in vitro адам плазмасында тамсулозиннің бос фракциясын өзгертпейді. Өз кезегінде, тамсулозин сондай-ақ диазепамның, пропранололдың, трихлорметиазидтің және хлормадинонның бос фракцияларын өзгертпейді. Диклофенак пен варфарин тамсулозиннің шығарылу жылдамдығын арттыруы мүмкін.

Фуросемидпен бір мезгілде қолданғанда концентрацияның біршама төмендегені байқалды, алайда бұл дозаны өзгертуді қажет етеді, өйткені препараттың концентрациясы қалыпты диапазон шегінде қалады.

Іn vitro зерттеулер тамсулозиннің емдік концентрацияларда CYP1A1/2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 немесе 3А4 изоферменттерін тежемейтіндігін көрсетті. Сондықтан тамсулозиннің осы изоферменттермен метаболизденетін дәрілер клиренсін өзгерту ықтималдылығы аз.

Тамсулозинді атенололмен, эналаприлмен немесе теофиллинмен бірге тағайындағанда өзара әрекеттесулер болған жоқ.

Арнайы ескертулер

Арнайы ескертулер мен Везомниді қолдану кезіндегі сақтық шараларын

мына пациенттерге абайлап тағайындаған жөн:

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар

- несеп шығарудың іркілу қаупі бар,

- асқазан-ішектің обструкциялық аурулары бар,

- асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеу қаупі бар,

- диафрагманың өңештік саңылауының жарығы, гастроэзофагеальді рефлюксі бар және эзофагитті тудыруы немесе күшейтуі мүмкін дәрілік препараттарды (мысалы, бисфосфонаттарды) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге,

- шеткері нейропатиясы бар пациенттерге,

- QT аралығының ұзаққа созылуы және «пируэт» типті тахикардия байқалған, QT аралығының ұзару синдромы және гипокалиемия сияқты қауіпті факторлары бар пациенттерге.

Жиі несеп шығарудың басқа себептеріне (жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек аурулары) Везомниді қабылдауды бастағанға дейін баға берілуі тиіс.

Егер несеп шығару жолдарының инфекциялары бар болса, бактерияларға қарсы тиісті емді бастау қажет.

Препаратты тіркегеннен кейін солифенацинмен ем қабылдаған кейбір пациенттерде анафилаксиялық реакция байқалды. Анафилаксиялық реакциялар дамыған кезде Везомнимен емдеу тоқтатылуы және қайта жаңғыртылмауы тиіс.

Басқа α1-адреноблокаторларды пайдаланған кездегідей, тамсулозинмен емдегенде жекелеген жағдайларда артериялық қысымның төмендеуі байқалуы мүмкін, ол сирек жағдайларда естен тану жағдайына әкеп соғуы мүмкін. Везомниді қабылдай бастаған пациенттерге ортостаздық гипотензияның алғашқы белгілерінде (бас айналу, әлсіздік) отыру немесе жата тұру және белгілер жоғалғанға дейін осы күйде қалудың қажеттілігі жөнінде ескерткен жөн.

Тамсулозин гидрохлоридін қабылдап жүрген және бұрын қабылдаған кейбір пациенттерде, катаракта мен глаукомаға байланысты операциялық араласым кезінде көздің нұрлы қабығының интраоперациялық тұрақсыздығы синдромының (қарашықтың тарылу синдромы) дамуы байқалды, ол операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде асқынуларға әкеп соғуы мүмкін. Катарактаға немесе глаукомаға байланысты операция жоспарланған пациенттерді Везомнимен емдеуді бастауға кеңес берілмейді. Катарактаға немесе глаукомаға байланысты операциядан 1-2 апта бұрын Везомнимен емдеуді тоқтатудың қажеттілігі күні бүгінге дейін дәлелденген жоқ. Пациенттерді операция алдында тексеру кезінде хирург және дәрігер-офтальмолог осы пациенттің Везомниді қабылдап жүрген-жүрмегенін немесе қабылдағанын ескеруі тиіс. Бұл операция кезінде көздің нұрлы қабығының интраоперациялық тұрақсыздығы синдромының дамуына дайын болу үшін қажет.

Везомниді CYP3A4 күшті және орташа тежегіштерімен, мысалы, верапамилмен, кетоконазолмен, ритонавирмен, нелфинавирмен, итраконазолмен біріктіргенде сақтықпен пайдаланған жөн. Препаратты CYP2D6 изоферментінің метаболизмі бұзылған пациенттерде CYP3A4 күшті тежегіштерімен немесе CYP2D6 күшті тежегіштерімен, мысалы, пароксетинмен біріктіріп пайдаланбау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Везомни бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар (КК>30 мл/мин) пациенттерге қолданылуы мүмкін, бірақ бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (КК≤ 30 мл/мин) пациенттерге абайлап қолданған жөн, олар үшін ең жоғары тәуліктік доза – бір таблетка Везомни (6 мг/0,4 мг).

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Везомни бауырдың жеңіл жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≤ 7 балл) бар пациенттерге қолданылуы мүмкін. Бауырдың орташа жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) бар пациенттер сақтықпен қабылдағаны жөн (ең жоғары тәуліктік доза – бір таблетка Везомни (6 мг/0,4 мг)). Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9-дан жоғары балл) бар пациенттерге Везомниді қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Везомни препараты әйелдерге қолдануға арналмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Везомни препаратының көлік құралдарын басқару және қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда пациент бас айналудың, көздің анық көрмеуінің, шаршаудың және сирек ұйқышылдықтың пайда болу ықтималдығы жөнінде хабардар болуы тиіс, бұл автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Егде жастағы пациенттерді қоса, ересек ер адамдар.

Ішке, ас қабылдауға қарамай-ақ, тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 1 (бір) таблетка Везомни (6 мг/0,4 мг).

Таблетка тұтастай қабылдануы тиіс, оны шайнауға болмайды, өйткені белсенді заттың босап шығуының ұзаруына ықпалын тигізуі мүмкін.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Симптомдары: солифенацин мен тамсулозин біріктірілімімен артық дозалану жедел гипотензиямен қатар, ауыр м-холиноблокаторлық бұзылулармен қатарласа жүруі мүмкін. Клиникалық зерттеулер барысында байқамай қабылдап қойған ең жоғары доза 126 мг солифенацинге және 5,6 мг тамсулозинге сәйкес келеді. Бұл дозаның жағымдылығы жақсы, жалғыз жағымсыз құбылыс – 16 күн ішінде айқындылығы әлсіз дәрежедегі ауыздың кеберсуі байқалды.

Емі

Артық дозаланған жағдайларда белсендірілген көмір тағайындау, асқазанды шаю керек, бірақ құстырмаған жөн. Басқа м-холиноблокаторлардың артық дозалануы жағдайындағы сияқты, симптомдарды былайша емдеген жөн:

- орталық әсер беретін ауыр м-холиноблокаторлық әсерлер (елестеулер, айқын қозғыштық) – физостигмин немесе белсендірілген көмір.

- құрысуларда немесе айқын қозғыштықта – бензодиазепиндер.

- тыныс алу жеткіліксіздігінде – жасанды тыныс алу.

- тахикардияда – қажетіне қарай симптоматикалық ем. Бета-адреноблокаторларды абайлап пайдаланған жөн, өйткені тамсулозинмен бірге бір мезгілде артық дозалану ауыр гипотензияға әкеп соғуы мүмкін.

- несептің жедел іркілуінде – катетеризация.

Басқа м-холиноблокаторлардың артық дозалануы жағдайындағы сияқты, QT аралығының ұзару қаупі анықталған пациенттерге (яғни гипокалиемияда, брадикардияда және QT аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қабылдағанда) ерекше көңіл бөлген жөн.

Тамсулозин артық дозаланғаннан кейін пайда болуы мүмкін жедел гипотензияны симптоматикалық түрде емдеген жөн. Диализдің тиімді болу мүмкіндігі аз, өйткені тамсулозин плазма ақуыздарымен қарқынды түрде байланысады.

Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерге немесе фармацевтке қаралыңыз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан алюминий үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

300C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Алматы қаласындағы «Везомни таблеткалар 6 мг/0,4 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

03000600090001200012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВезомни таблеткалар 6 мг/0,4 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
8310

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 2709

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

11019

8310

2709

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАлматы қаласындағы «Везомни таблеткалар 6 мг/0,4 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube