Құрамы
1 құтының ішінде
белсенді зат - 4 мг пипекуроний бромиді,
қосымша зат – маннитол,
еріткіш: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
1 құтының ішінде
белсенді зат - 4 мг пипекуроний бромиді,
қосымша зат – маннитол,
еріткіш: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
20-30 минуттан астам миорелаксацияны қажет ететін әртүрлі хирургиялық операциялар барысында жалпы анестезия кезіндегі қаңқа бұлшықетінің релаксациясында және эндотрахеальді интубацияда.
препараттың компоненттеріне немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық;
балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
- бүйрек жеткіліксіздігі;
- бауыр жеткіліксіздігі;
- жүйке-бұлшықет аурулары;
- жүктілік.
Препарат тыныс алу бұлшықеттеріне әсер ететіндіктен, өкпеге жасанды желдету (ӨЖЖ) жүргізуге мүмкіндік беретін стационарлық жағдайларда ғана, және ӨЖЖ жүргізу жөніндегі маманның қатысуымен қолдану керек.
Әдебиеттерде миорелаксанттарды қолданған кезде анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялардың дамыған жағдайлары сипатталған. Ардуан препаратын қолданғанда бірнеше жағдайлар ғана сипатталғанына қарамастан, оны осындай жай-күйлерді емдеуге дереу кірісуге мүмкіндік беретін жағдайларда ғана қолдануға болады.
Ардуан препаратының миорелаксацияны тудыратын дозалары жүрек-қантамыр жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізбейді. Жүректің жиырылу жиілігінің, систолалық және диастолалық артериялық қысымның, және жүректің минуттық көлемінің аздаған клиникалық елеусіз өзгерістері (әдетте төмендеуі) байқалуы мүмкін. Бұл өзгерістер, сірә, анестезияны индукциялаған кезде Ардуан препаратымен бір мезгілде қолданылатын басқа препараттардың әсеріне байланысты болады.
Жоғары баяндалғанды ескере отырып, ваголитикалық препараттарды премедикация мақсатында қолдану және дозалау үшін алдын ала мұқият баға берілуі тиіс; сондай-ақ бір мезгілде пайдаланылатын басқа дәрілік препараттардың вагусқа стимуляциялайтын әсер беретінін және операция түрін ескерген жөн.
Препараттың салыстырмалы артық дозалануын болдырмау және бұлшықет белсенділігінің қалпына келуіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету үшін шеткері жүйкелердің стимуляторын қолдану ұсынылады.
Ардуан препаратының фармакокинетикасына және/немесе миорелаксациялаушы әсерінің айқындығына келесі факторлар әсер етуі мүмкін:
Бүйрек жеткіліксіздігі
Препараттың әсері ұзарады және жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің қалпына келу уақыты ұлғаяды.
Жүйке-бұлшықет аурулары
Мұндай жағдайларда препараттың әсері күшеюі, сонымен қатар бәсеңдеуі мүмкін болғандықтан, Ардуан препаратын жүйке-бұлшықет аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Ардуан препаратының аздаған дозаларының өзі ауыр миастения gravis кезінде немесе Итон-Ламберт синдромында күшті айқын әсер беруі мүмкін. Мұндай пациенттерге препаратты мүмкін болатын қаупіне мұқият баға бергеннен кейін өте төмен дозаларда тағайындайды.
Бауыр аурулары
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Ардуан препаратын қолдану туралы деректер шектеулі. Ардуан препаратын күтілетін пайдасы ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайларда ғана қолдануға болады.
Қатерлі гипертермия
Ардуанды қолданған кезде қатерлі гипертермияның даму жағдайлары эксперименттік те, клиникалық та жағдайларда тіркелген жоқ. Миорелаксанттар әрқашанда басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданылатындықтан, сондай-ақ анықталған түрткі болушы факторлар жоқ кезде қатерлі гипертермия синдромының даму мүмкіндігі болатындықтан, дәрігер аталған синдромның дамуының бастапқы белгілерімен, оны диагностикалау және емдеу әдістерімен таныс болуға тиіс.
Басқалары
Басқа да миорелаксанттарды қолданған кездегідей электролиттік теңгерімді және қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті алдын ала қалпына келтіру керек.
Гипотермия Ардуан препаратының әсерін ұзартуы мүмкін.
Гипокалиемия, дигитализация, диуретиктерді қабылдау, гипермагниемия, гипокальциемия (трансфузия салдарынан), дегидратация, ацидоз, гипопротеинемия, гиперкапния, кахексия Ардуан препаратын әсерінің күшеюіне және ұзаруына ықпал етуі мүмкін.
Басқа да деполяризацияланбайтын миорелаксанттар сияқты Ардуан препараты ішінара тромбопластиндік және протромбиндік уақытты төмендетуі мүмкін.
Магний тұздары нейробұлшықеттік блокаданы күшейтетіндіктен, жүктілік токсикозын емдеу үшін магний сульфатын қабылдайтын әйелдерде миорелаксанттарды енгізуден туындаған нейробұлшықеттік блокаданың қайтымдылығы бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда шеткері жүйкелердің стимуляторын пайдалану керек.
Жаңа дайындалған ерітіндіні ғана қолдану керек.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында еріткіштің бір ампуласында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, сондықтан оны іс жүзінде құрамында натрий жоқ деп санауға болады.
Дозалау режимі
Ардуан препаратының дозасын анестезияның түрін, хирургиялық араласымның болжамды ұзақтығын, анестезияға дейін және анестезия кезінде қолданылатын басқа дәрілік заттармен мүмкін болатын өзара әрекеттесуін және қатар жүретін аурулары мен пациенттің жалпы жағдайын есепке ала отырып, әрбір пациент үшін жекелей таңдап алынады. Жүйке-бұлшықет бөгелісін бақылауды қамтамасыз ету үшін шеткері жүйкелердің стимуляторын қолдану ұсынылады.
Вена ішіне бастапқы болюстік енгізуден кейін Ардуан препаратын миорелаксацияны демеп тұруға қажетті дозаларда вена ішіне бөліп-бөліп енгізеді.
Басқа да нейробұлшықеттік блокаторлар жағдайындағы сияқты, Ардуан препаратын енгізу тәжірибелі мамандармен ғана немесе олардың тікелей бақылауымен, өкпеге жасанды желдету жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар бар болған кезде жүргізілуге тиіс.
Теңдестірілген анестезияны пайдаланып жүргізілетін (эндотрахеальді интубацияны жеңілдету үшін Ардуан препаратын қолданумен де, онсыз да) орташа және ұзақ хирургиялық араласымдар кезінде қажетті миорелаксацияны қамтамасыз ету үшін Ардуан препаратының бастапқы және демеуші дозаларын таңдаған кезде бұдан әрі келтірілген жалпы нұсқауларды пайдалануға болады.
Ересектер үшін ұсынылатын дозалары:
Интубация және кейінгі хирургиялық араласым үшін бастапқы дозасы:
Ұсынылатын дозалары: операцияның ұзақтығына, жалпы анестезия үшін қолданылатын препараттың қасиеттеріне, және пациенттің жеке ерекшеліктеріне байланысты дене салмағына 0,06-0,10 мг/кг, 150-180 секунд бойы интубация үшін жақсы/тамаша жағдайды қамтамасыз етеді, мұндайда бұлшықет релаксациясының ұзақтығы 60-90 минут.
Сукцинилхолинді пайдаланып жасалатын интубацияда миорелаксация үшін бастапқы дозасы:
Ұсынылатын дозалары: 0,05 мг/кг, 30-60 минуттық миорелаксацияны қамтамасыз етеді.
Демеуші доза:
Ұсынылатын дозалары: 0,01-0,02 мг/кг, 30-60 минутқа созылатын хирургиялық операция үшін жеткілікті миорелаксацияны қамтамасыз етеді.
Бүйрек жеткіліксіздігінде
0,04 мкг асатын дозаны қолдану ұсынылмайды (әсерінің ұзаруы мүмкін).
Нейробұлшықеттік блокаданың ұзақтығын арттыру
Мынадай жағдайларда әсерінің ұзаруы мүмкін:
- шамадан тыс дене салмағы, семіздік (дозаны таңдағанда дененің идеалды салмағын негізге алу керек);
- наркозға арналған ингаляциялық дәрілермен бір мезгілде қолдану (Ардуан препаратының дозасын азайтуға болады);
- сукцинилхолинді енгізгеннен кейінгі эндотрахеальді интубация (Ардуан препаратын сукцинилхолин әсерінің клиникалық белгілері жоғалғаннан кейін енгізеді. Деполяризацияланбайтын басқа миорелаксанттар жағдайындағы сияқты, Ардуан препаратын деполяризацияланатын миорелаксанттардан кейін енгізу миорелаксацияның басталуы үшін қажетті уақытты қысқартуы және әсерінің ең жоғары ұзақтығын арттыруы мүмкін).
Әсерінің қайтымдылығы
Симптомдары: тыныс алу бұлшықетінің салдануы, апноэ.
Емі: артық дозалану және ұзаққа созылған жүйке-бұлшықет блокадасы жағдайында өздігінен қанағаттанарлық тыныс алу қалпына келгенге дейін жасанды желдету жүргізген жөн. Өздігінен қанағаттанарлық тыныс алудың қалпына келуі басталғанда тыныс алу функциясына мұқият бақылау жүргізе отырып, антидот ретінде ацетилхолинэстераза тежегішін (мысалы. неостигмин, пиридостигмин, эдрофоний) тиісті дозада енгізеді. Өздігінен тыныс алу толық қалпына келгенге дейін тыныс алу функциясына мұқият бақылау жасау керек.
Препарат біріктірілген flip-off қалпақшамен тығындалған түссіз шыны құтыларға салынған.
2 мл еріткіштен сындыруға арналған белгісі бар түссіз шыны ампулада. Ішінде препараты бар 5 құтыдан және еріткіші бар 5 ампуладан картон тұғырға салынған. 5 картон тұғырдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Жарықтан қорғалған жерде, 2 oС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Препарат - 3 жыл
Еріткіш – 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.