daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Шымкенте қаласындағы Атоксилин Таблеткалары 1000 Мг №16 | АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Шымкенте қаласындағы Атоксилин Таблеткалары 1000 Мг №16 | АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ашық-крем түсті, екі жағында сындыру сызығы бар ұзынша пішінді таблеткалар (500 мг доза үшін). Ашық-крем түсті, бір жағында сындыру сызығы бар ұзынша пішінді таблеткалар (1000 мг доза үшін).

Международное наименование:

Амоксициллин

Производитель:

АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Страна производитель:

Турция

Действующее вещество:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, магний стеараты, жүгері крахмалы (амидон).

Дозировка активного вещества:

1000 мг

Лекарственная форма:

Таблеткалар 500 мг, 1000 мг

Количество в упаковке:

16 шт

Аналоги

Инструкция

Состав

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – амоксициллин тригидраты 603,0 мг (500,0 мг амоксициллинге баламалы) немесе 1206,0 мг (1000,0 мг амоксициллинге баламалы)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, магний стеараты, жүгері крахмалы (амидон).

Показания к применению

Атоксилин ересектер мен балалардағы келесі инфекцияларды емдеуге арналған:

жедел бактериялық синусит

жедел ортаңғы отит

жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит

созылмалы бронхиттің өршуі

ауруханадан тыс пневмония

жедел цистит

жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия

жедел пиелонефрит

іш сүзегі және паратиф

таралатын целлюлитпен дентальді абсцесс

протезделген буындардың инфекциясы

ойықжара ауруы (он екі елі ішек пен асқазанның)

Helicobacter Pylori эрадикациясы

Лайм ауруы

Сондай ақ Атоксиллин эндокардиттің алдын алу үшін де көрсетілген.

Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескерген жөн.

Противопоказания

- амоксициллинге, пенициллин тобының препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнезінде басқа бета-лактамды препаратқа (мысалы, цефалоспорин, карбапенем немесе монобактам) жедел типтегі аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциясы (мысалы, анафилаксия)

- 6 жасқа дейінгі балалар (осы дәрілік форма үшін)

Меры предосторожности

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Амоксициллин препаратымен емді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды дәрілерге аса жоғары сезімталдықтың алдыңғы реакцияларына қатысты анамнезді мұқият жинау қажет.

Пенициллин қабылдаған пациенттерде анафилактоидты типтегі аса жоғары сезімталдықтың ауыр және тіпті өлімге әкелетін реакцияларының және терінің ауыр жағымсыз реакцияларының дамығаны туралы хабарланды. Аса жоғары сезімталдық реакциялары сонымен қатар миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін күрделі аллергиялық реакция — Коунис синдромына дейін өршуі мүмкін. Мұндай реакциялар анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде және атопиялық дерматиті бар пациенттерде жиі туындады. Аллергиялық реакция туындаған кезде амоксициллинмен емдеуді тоқтату және тиісті балама емді тағайындау керек.

Дәрілік энтероколит синдромы туралы негізінен амоксициллинмен емделген балаларда хабарланды. Бұл аллергиялық реакция, терінің аллергиялық реакциялары немесе респираторлық симптомдар болмаған кезде препаратты қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан соң пайда болатын қайталанатын құсудың жетекші симптомы. Қосымша симптомдар іштің ауыруы, диарея, гипотензия немесе нейтрофилиямен лейкоцитозды қамтуы мүмкін. Ауыр жағдайлар, соның ішінде шокқа дейін өршу байқалды.

Сезімтал емес микроорганизмдер

Амоксициллин кейбір инфекцияларды емдеуге жарамайды, тек қоздырғыш расталған кезде және амоксициллинге сезімталдығы бар немесе қоздырғыштың амоксициллинге сезімтал болу ықтималдығы жоғары болған жағдайларды қоспағанда. Бұл әсіресе несеп шығару жолдарының инфекциялары және құлақтың, тамақтың және мұрынның ауыр инфекциялары бар пациенттерді емдеу туралы шешім қабылдау үшін қолданылады.

Құрысулар

Құрысулар бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаны қабылдайтын пациенттердерде немесе бейімделген факторлары бар пациенттерде пайда болуы мүмкін (мысалы, анамнезінде құрысулар, эпилепсия немесе менингиальды бұзылулар).

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциялары бұзылған пациенттерде бұзылулардың айқындылық дәрежесіне байланысты дозаны түзету талап етіледі.

Тері реакциялары

Емдеудің басында пустулезді бөртпелермен және қызбамен жайылған эритеманың пайда болуы жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AEGP) даму симптомы болуы мүмкін. Бұл жағдайда амоксициллинді қабылдауды тоқтату керек, ал болашақта препараттың кез-келген кейінгі қолданылуы қарсы көрсетілім болып табылады.

Егер инфекциялық мононуклеозға күдік болса, амоксициллинді қолданудан аулақ болу керек, өйткені қызылша тәрізді бөртпенің пайда болуы мүмкін (амоксициллинге).

Яриш-Герксгеймер реакциясы

Лайм ауруын амоксициллинмен емдеу кезінде Яриш-Герксгеймер реакциясының дамуы мүмкін. Бұл амоксициллиннің Лайм ауруын тудыратын бактерияларға, Borrelia burgdorferi спирохеттеріне бактерицидтік әсерімен тікелей байланысты. Пациентке бұл Лайм ауруын антибиотиктермен емдеудің жиі кездесетін салдары екенін және әдетте өздігінен басылатынын хабарлау қажет.

Сезімтал емес микроорганизмдердің қатты өсуі

Амоксициллинді ұзақ уақыт қолдану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.

Антибиотикпен байланысты колиттің дамуы бактерияға қарсы кез келген препараттарға, соның ішінде амоксициллинге тән және ауырлық дәрежесі жеңілден өмірге қауіп төндіретін деңгейге дейін өзгеруі мүмкін. Сондықтан антибиотиктерді қолдану кезінде немесе қолданғаннан кейін пациенттерде диарея дамыған жағдайда, бұл диагнозды ескеру маңызды. Антибиотикпен астасқан колит пайда болған жағдайда, Атоксиллин препаратын қолдануды дереу тоқтату керек. Дәрігермен кеңескеннен кейін тиісті ем тағайындалуы керек. Бұл жағдайда ішек перистальтикасын төмендететін препараттарды қолдануға болмайды.

Ұзақ мерзімді ем

Ұзақ мерзімді ем кезінде бүйрек, бауыр және қан өндіру функциясын қоса, ағзалар жүйесінің жұмысын мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады. Бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы және қан көрсеткіштерінің өзгеруі туралы хабарламалар бар.

Антикоагулянттар

Сирек жағдайларда амоксициллин қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының ұзаруы туралы хабарланды. Антикоагулянттарды бір мезгілде тағайындаған кезде тиісті бақылау жүргізілуі керек. Қажетті антикоагуляция деңгейін ұстап тұру үшін пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кристаллурия

Диурезі төмендеген пациенттерде өте сирек жағдайларда, негізінен препаратты парентеральді қолданғанда кристаллурияның (бүйрек функциясының жедел зақымдануын қоса) дамуы туралы хабарланды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын қолданған кезде жеткілікті сұйықтық қабылдау және амоксициллин кристаллуриясының даму мүмкіндігін азайту үшін талапқа сай диурезді сақтау ұсынылады. Қуық катетері бар пациенттерде катетердің өткізгіштігін үнемі тексеріп отыру керек.

Диагностикалық тестілерге әсері

Қан сарысуындағы және несептегі амоксициллин деңгейінің жоғарылауы кейбір зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Амоксициллиннің жоғары концентрациясына байланысты химиялық әдістер көбінесе жалған оң нәтиже береді.

Амоксициллинді қолданып емдеу кезінде несеп құрамында глюкозаның бар-жоғын тексеру кезінде глюкозооксидазаның ферментативті әдістерін қолдану керек.

Қан құрамында амоксициллиннің болуы жүкті әйелдерде эстрадиолды талдау нәтижелерінің бұрмалануына әкелуі мүмкін.

Специальные указания

Педиатрияда қолдану

Төмендегі кестеде берілген балаларға ұсынылатын доза дене салмағы 40 кг-дан аз балаларға қолданылады.

Дене салмағы 40 кг және одан жоғары балаларға ересектерге арналған дозаларды қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік

Зерттеулер репродуктивтік уыттылыққа қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерді көрсетпейді. Адамда жүктілік кезінде амоксициллинді қолданудың шектеулі деректері дамудың туа біткен ақауларының жоғары қаупін көрсетпейді. Амоксициллинді жүктілік кезінде ана үшін пайдасы шарана үшін ықтимал қауптен асып түсетін жағдайларда ғана қолдануға болады.

Бала емізу

Амоксициллин емшек сүтіне аз мөлшерде шығарылады, сенсибилизация қаупінің болуы ықтимал. Нәтижесінде емшек сүтімен қоректенетін балада диарея, шырышты қабықтың зеңдік инфекциясы, бөртпе пайда болуы мүмкін. Амоксициллинді бала емізу кезінде дәрігер пайда/қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қолдануға болады.

Фертильділік

Зерттеулерде фертильділікке жағымсыз әсері анықталған жоқ. Амоксициллиннің адамның фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, көрсетілген қызмет түрлеріне әсер етуі мүмкін жағымсыз әсерлер (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысулар) болуы мүмкін.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Инфекцияны емдеу үшін амоксициллиннің дозасын таңдаған кезде мыналарды ескеру қажет:

• күдікті қоздырғыштар және бактерияға қарсы препараттарға ықтимал сезімталдық

• инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы

• пациенттің жасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы (төменде қараңыз)

Емдеу ұзақтығы инфекция типіне және пациенттің реакциясына сәйкес анықталады және әдетте мүмкіндігінше қысқа болуы керек, бірақ кейбір инфекциялар ұзақ емдеу кезеңін қажет етеді.

Передозировка

Симптомдары: артық дозалану асқазан-ішек жолдарының тарапынан жүрек айну, құсу және диарея симптомдарымен, сондай-ақ су-электролит теңгерімінің бұзылуымен көрінуі мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек функциясының жеткіліксіздігіне әкелетін амоксициллин кристаллуриясы байқалды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде артық дозалану немесе жоғары дозалар құрысуды тудыруы мүмкін.

Емі: амоксициллинмен артық дозаланған жағдайда спецификалық антидот жоқ. Асқазан-ішек симптомдарын симптоматикалық емдеу ұсынылады. Су-электролит теңгерімін сақтау керек. Амоксициллинді қанағымынан шығару үшін гемодиализді қолдануға болады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Өткізіп алған қабылдауды өтеу үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңеске жүгіну бойынша ұсынымдар

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгіну керек.

Побочные действия

Препаратты қолдану кезінде жиі хабарланатын жанама реакциялар - диарея, жүрек айну және тері бөртпесі болды.

Амоксициллинді қолдану кезінде клиникалық зерттеулер мен маркетингтен кейінгі бақылау кезінде байқалған жағымсыз реакциялар төменде берілген

Жиі

- жүрек айнуы, диарея*

- тері бөртпесі

Жиі емес

- құсу*

- есекжем, қышу*

Өте сирек

- тері мен шырышты қабықтың кандидозы

- қайтымды лейкопения (оның ішінде ауыр нейтропения немесе агранулоцитоз), қайтымды тромбоцитопения, гемолиздік анемия, қан кету уақыты мен протромбин уақытының ұзаруы

- ауыр аллергиялық реакциялар, соның ішінде ангионевроздық ісіну, анафилаксия,сарысу құю ауруы және аса жоғары сезімтал васкулит

- гиперкинезия, бас айналу, құрысулар

- антибиотикпен астасқан колит (жалған жарғақшалы колит пен геморрагиялық колитті қоса алғанда), қара «түкті» тіл, тіс эмалінің түсінің беткейлік өзгеру#

- гепатит және холестаздық сарғаю, АЛТ және / немесе AСT орташа жоғарылауы

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, буллезді және эксфолиативті дерматит және жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) сияқты тері реакциялары және эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)

- интерстициальді нефрит, кристаллурия

Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

- Яриш-Герксгеймер реакциясы

- асептикалық менингит

- Коунис синдромы (аллергиялық коронарлық синдром)

- дәрілік препаратпен индукцияланған энтероколит синдромы

- Iga тәуелді тізбекті дерматоз

- кристаллурия (бүйрек функциясының жедел зақымдануын қоса)

Форма выпуска

8 таблеткадан ПВХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге УК - лакпен картон қорапшаға салады (500 мг және 1000 мг доза үшін).

Условия хранения

Құрғақ жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаАтоксилин таблеткалары 1000 мг №16 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube