Показания к применению
- Staphylococcus aureus тасымалдауын қоса, мұрын қуысына стафилококк инфекциясын (соның ішінде метициллин-резистентті шатаммдарды) тасымалдағыштықта;

- Staphylococcus aureus тасымалдауын қоса, мұрын қуысына стафилококк инфекциясын (соның ішінде метициллин-резистентті шатаммдарды) тасымалдағыштықта;
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Арнайы ескертулер
Сирек жағдайларда препаратты қолданған кезде жоғары сезімталдық және ауыр жергілікті тітіркену реакциялары туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтату, мүмкіндігінше, шырышты қабаттағы препаратты жою және инфекцияға баламалы ем тағайындау керек.
Бактерияларға қарсы басқа препараттардағы сияқты, мупироцинді ұзақ қолданғанда сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсу қаупі болады.
Антибиотиктерді қолданған кезде ауырлық дәрежесі жеңілден өмірге қауіп төндіруге дейін құбылуы мүмкін жалған жарғақшалы колиттің даму жағдайлары сипатталды. Сондықтан антибиотиктерді қолдану аясында және қолданудан кейін диарея дамыған жағдайда мұндай диагноздың болуы мүмкін екендігін қарау маңызды. Мупироцинді жергілікті қолданған кезде осы құбылыстың даму ықтималдылығының аздығына қарамастан, ұзаққа созылатын немесе айқын диарея және іште түйілулер дамыған жағдайда емдеуді дереу тоқтату және пациентке қосымша тексеру жүргізу керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және емшек емізу кезеңінде препаратты қолдану туралы деректер жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде репродукциялық уыттылық белгілері анықталған жоқ.
Алайда, басқа дәрілік препараттарды қолдану кезіндегідей, жүктілік және емшек емізу кезеңінде БАКТОПИК® препаратын тек ана үшін болжамды пайдасы шарана және нәресте үшін ықтимал қаупінен басым болған жағдайда ғана қолданады.
Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз ықпалын тигізбейді.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан үлкен балалар
Жақпамайды аппликатор ретінде жағу үшін мақта таяқшасын пайдалану керек.
Мұрынның шырышты қабығы үшін көлемі шамамен сіріңке көлеміндей жақпамайдың аздаған мөлшерін тәулігіне 2-3 рет мұрын жолының әрқайсысына жағу керек.
Жақпамайды жаққаннан кейін мұрынның желбезегін бірнеше рет нықтап қысу керек, бұл жақпамайдың шырышты қабыққа біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.
Препаратты жақпас бұрын және жаққаннан кейін қолды жуу керек.
Әдетте мұрынға жұғуы емдеуді бастағаннан кейін 5-7 күннен кейін жоғалады.
Енгізу әдісі және жолы
Мұрын ішіне қолдануға арналған.
Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар
Симптомдары: қазіргі таңда мупироциннің артық дозалануы туралы шектеулі ғана деректер бар.
Емі: мупироциннің артық дозалануының арнайы емі жоқ. Артық дозаланған жағдайда демеуші ем және қажет болғанда пациенттің жағдайын тиісінше бақылау көрсетілген.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге барыңыз.
Бұрап жабылатын қақпағы бар алюминий сықпаға 3 г препараттан салынған.
1 сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от