daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Йодомарин Таблеткалары 200 Мкг №50 | Berlin - Chemie AG (Menarini Group)

Шымкенте қаласындағы Йодомарин Таблеткалары 200 Мкг №50 | Berlin - Chemie AG (Menarini Group)

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Жалпақ беткейлі, бір жағында ойығы мен сызығы бар ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Калий йодиді

Өндіруші:

Berlin - Chemie AG (Menarini Group)

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

манифестік гипертиреоз тәулігіне 150 мкг мөлшерден артық йод дозаларын қолдану кезіндегі жасырын гипертиреоз автономды аденома, сондай-ақ 300-1000 мкг йод/тәулік дозасында қолдану кезіндегі қалқанша бездің ошақтық және диффуздық автономды бұзылыстары (Пламмеринг мақсатында операция алдындағы емдеуді қоспағанда) қалқанша без аденомасы; герпес пішінді Дюринг дерматиті (кәрілік кезіндегі); тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер.

Белсенді заттың дозасы:

0,200 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- йод тапшылығының профилактикасы (мысалы, эндемиялық зоб профилактикасы үшін және йод тапшылығы себеп болатын зоб резекциясынан кейін)

- балалар, оның ішінде емізулі жастағылар, жасөспірімдер және жас кезеңдегі ересектерде диффузды эутиреоидты зобты емдеу

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа немесе дәрінің қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

манифестік гипертиреоз

тәулігіне 150 мкг мөлшерден артық йод дозаларын қолдану кезіндегі жасырын гипертиреоз

автономды аденома, сондай-ақ 300-1000 мкг йод/тәулік дозасында қолдану кезіндегі қалқанша бездің ошақтық және диффуздық автономды бұзылыстары (Пламмеринг мақсатында операция алдындағы емдеуді қоспағанда)

қалқанша без аденомасы;

герпес пішінді Дюринг дерматиті (кәрілік кезіндегі);

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер.

Өзара әрекеттесуі

Гипертиреоз кезіндегі тиреостатикалық емге реакцияны йод тапшылығы арттырады, ал йодтың артық мөлшері төмендетеді; осыған байланысты гипертиреозды емдеу алдында немесе ем кезінде, мүмкіндігінше, йодты кез келген қабылдаудан аулақ болуға кеңес беріледі.

Тиреостатикалық дәрілік заттар қалқанша без ішінде йодтың органикалық заттармен байланысқан пішінге ауысуын тежейді, сондықтан да зоб түзілуін туындатуы мүмкін.

Йодид сияқты сол «қармау» механизмі бойынша қалқанша безде сіңірілетін заттар (мысалы, калий тиоцианаты немесе осы тұста қалқанша без ішіндегі йодидтің кері айналымын бәсеңдететін перхлораты) йодтың нақты механизм бойынша қалқанша безде сіңірілуін тежеуі мүмкін. Тежелуі, мысалы, 5 мг/дл  мөлшерінен асып кететін концентрациялардағы тиоцианат сияқты өздігінен сіңірілмейтін дәрілік заттар тарапынан да болуы мүмкін. Йодтың қалқанша безге сіңірілуі және онда оның алмасуы эндогенді және экзогенді тиреотропты гормон (ТТГ) арқылы көтермеленеді.

Қалқанша без гормондарының инкрециясын бәсеңдететін йодтың жоғары дозаларымен және литий тұздарымен бір мезгілде емдеу зоб және гипотиреоз туындауына ықпал етуі мүмкін.

Калий жинақтаушы диуретиктермен біріктірілген калий йодидінің жоғары дозалары гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

- Зоб профилактикасы үшін:

Күніне, кем дегенде, 150 мкг-300 мкг құрайтын йодтың талапқа сай тұтынылуына кепілдік берілмейтіндіктен (ДДҰ ұсынатын ересектердің йод тұтыну нормасы), төменде көрсетілген йод мөлшерін қосымша қабылдау керек:

Артық дозалану

Уыттану симптомдары:

Шырышты қабықтардың қоңыр түске боялуы, рефлекторлы құсу (тағамда крахмал болған жағдайда көкке боялуы), іштің ауыруы және диарея (қан аралас болуы мүмкін). Дегидратация және шок дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда өңеш стенозы орын алды. Өліммен аяқталу нәтижелері йодтың көп мөлшерін (30-дан 250  мл дейінгі йод тұндырмасы) қабылдаудан кейін ғана байқалды.

Ұзақ уақыт артық дозалану сирек жағдайларда йодизм деп аталатын феноменнің пайда болуына алып келеді: ауыздың металл татуы, шырышты қабықтардың ісінуі және қабынуы (тұмаурату, конъюнктивит, гастроэнтерит, бронхит). Туберкулез сияқты жасырын қабынулар йодидтің әсер етуімен белсендірілуі мүмкін. Ісінулер, эритема, безеу тәрізді және буллезді бөртулер, геморрагиялар, қызбалар, сілекей безі ағынының және жүйке қозғыштығының ұлғаюы мүмкін.

Уыттану кезіндегі емдеу

Асқазанды крахмал, ақуыз ерітіндісімен немесе 5% натрий тиосульфаты ерітіндісімен йодтың бүкіл іздерінің шығарылуына дейін жуып-шаю керек. Су-электролит теңгерімінің бұзылуларында симптоматикалық ем, шокқа қарсы ем.

- Созылмалы уыттану кезінде емдеу:

Йод қабылдауды тоқтату.

- Йод индукциялаған гипотиреоз.

Йод қабылдауды тоқтату, қалқанша без гормондарының көмегімен зат алмасуды қалыпқа лүсіру.

- Йод тудырған гипертиреоз.

Бұл шын мәнінде артық дозалану емес, өйткені гипертиреоз басқа елдерде физиологиялық шама болып табылатын йод мөлшерінен туындауы да мүмкін.

Емдеу ағым түріне сәйкес жүргізіледі: Жеңіл түрінде емдеу қажет емес, айқын түрлерінде тиреостатикалық ем көрсетілген (алайда, оның әсері кешірек басталады). Ең ауыр жағдайларда (тиреоуытты криз): қарқынды ем, плазмаферез немесе тиреоидэктомия.

Шығарылу түрі

25 таблеткадан ақ, қатқыл, поливинилхлоридті (ПВХ) үлбірден және қатқыл алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1, 2 немесе 4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЙодомарин таблеткалары 200 мкг №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube