daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Ампуланың Лонгидазасы 3000 ХБ №5 | НПО Петровакс Фарм

Шымкенте қаласындағы Ампуланың Лонгидазасы 3000 ХБ №5 | НПО Петровакс Фарм

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ түсті немесе сарғыш немесе қоңырқай реңді ақ түсті кеуекті масса, гигроскопиялы.

Халықаралық атауы:

Бовгиалуронидаза азоксимер

Өндіруші:

НПО Петровакс Фарм

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді заттың дозасы:

3000 МЕ

Дәрілік түрі:

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3000 ХБ

Қаптамадағы саны:

5 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде дәнекер тіннің гиперплазиясымен қатар жүретін аурулардың емі және профилактикасы үшін кешенді ем құрамында қолданылады:

гинекологияда – ішкі жыныс ағзаларының қабыну аурулары кезіндегі, соның ішінде түтікті-перитонеальді бедеулікте, жатырішілік синехияларда, созылмалы эндометритте кіші жамбастағы жабыспа үдерісінің емі және профилактикасы үшін

урологияда – созылмалы простатиттің, интерстициальді циститтің емі үшін

хирургияда – құрсақ қуысының ағзаларына операциялық араласымнан кейін дәнекерлену үдерісінің және ұзақ уақыт жазылмайтын жаралардың емі және профилактикасы үшін

дерматовенерологияда және косметологияда – шектеулі склеродермияның, инфекциялық емес ониходистрофияның, пиодермиядан, жарақаттан, күйіктен, опрациядан кейінгі келоидтық, гипертрофиялық тыртықтардың, II-IV дәрежедегі тыртықты деформациялары бар тұрпайы безеулердің (безеуден кейінгі іздер) емі үшін

пульмонологияда және фтизиатрияда – пневмосклероздың, фиброзданатын альвеолиттің, туберкулездің (кавернозды-фиброздық, инфильтративтік, туберкулема) емі үшін

ревматологияда – буындардың контрактураларының, соның ішінде Дюпюитреннің контрактураларының және қол буындарының бүгілетін тендогенді контрактураларының, артроздардың, анкилозденетін спондилоартриттің, гематомалардың емі үшін

биожетімділігін арттыру үшін – жергілікті анестетиктердің әсерін күшейту үшін бактерияларға қарсы препараттарды бірге енгізген кезде урологияда, гинекологияда, хирургияда, дерматовенерологияда, пульмонологияда.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жедел инфекциялық аурулар

- өкпеден қан кету және қан түкіру

- шыны тәріздес денеге жаңадан қан құйылу

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (клиникалық зерттеу нәтижелері жоқ)

- жүктілік

Физиотерапиялық емшараларды қолдану арқылы препаратты енгізу кезіндегі қарсы көрсетілімдер:

- лазерлік сәулеленуге және ультрадыбыстық әсерге жоғары сезімталдық

- фотодерматит

- стероидты гормоналды дәрілерді қабылдайтын пациент

- буындардағы қабыну процесі

- физиотерапиялық емшараларды жүргізуге болмайтын соматикалық аурулар

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері

Лонгидаза® препаратын антибиотиктермен, вирустарға қарсы, зеңдерге қарсы препараттармен, бронхолитиктермен біріктіруге болады. Басқа дәрілік заттармен (антибиотиктер, жергілікті анестетиктер, диуретиктер) біріктіріп қолданғанда, Лонгидаза® препараты олардың биожетімділігін арттырады және әсерін күшейтеді. Гепаринмен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің (ҚҚСД), кортизонның, адренокортикотроптық гормонның (АКТГ), эстрогендердің немесе антигистаминдік препараттардың үлкен дозаларымен бірге қолданғанда, Лонгидаза® препаратының ферментативтік белсенділігі төмендеуі мүмкін.

Лонгидаза® препаратын фуросемидпен, бензодиазепиндермен, фенитоинмен және адреналинмен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Арнайы ескертулер

Емдеуді бастар алдында Сіз қабылдап жүрген барлық дәрілік препараттар туралы дәрігерге айтыңыз. Препаратты қолданар алдында дәрігерден кеңес алыңыз. Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығыңыз және оны сақтап қойыңыз. Осы нұсқаулықтағы препаратты қолдану жөніндегі нұсқауларды мүлтіксіз орындаңыз. Егер сізде сұрақтар туындаса, онда түсініктеме алу үшін өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке барыңыз.

Лонгидаза® препаратын қабылдауды тоқтату қажет болған кезде, дозаны біртіндеп азайтусыз, бірден тоқтату арқылы жүзеге асыруға болады.

Препараттың кезекті дозасын енгізуді өткізіп алған жағдайда оның кейінгі қолданылуын осы нұсқаулықта көрсетілгендей немесе дәрігер ұсынғандай әдеттегі режимде жүргізген жөн. Пациент өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі еселенген дозаны енгізбеуі тиіс.

Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі жағдайында препарат аптасына 1 реттен артық тағайындалмайды.

Жағымсыз реакция дамыған кезде, осы қосымша парақта көрсетілген реакцияларды қоса, Лонгидаза® препаратын қолдануды тоқтатату қажет және дәрігерге қаралған жөн.

Жарамсыздығының көзге көрінетін белгілері бар (қаптаманың бүлінуі, ұнтақ түсінің өзгеруі) препаратты пайдаланбау керек.

Инфекцияның немесе жануарлар шаққандағы удың таралу қаупіне байланысты, Лонгидаза® препаратын жедел қабыну аймағына енгізбеген жөн. Инфекция ошақтарының өршуі аясында қолданғанда, оның таралуына жол бермеу үшін, Лонгидаза® препаратын микробтарға қарсы заттарды қалқалай отырып тағайындау қажет.

Сіңуінің болжамсыз тездетілуі және жүйелік әсерінің артуы мүмкін болғандықтан, сақтық таныту және Лонгидаза® препаратымен біріктіріп тағайындалатын дәрілік заттардың фармакокинетикалық сипаттамасын ескеру қажет.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде қолдануға тыйым салынады (жүктілік кезінде қолданудағы препараттың қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ).

Клиникаға дейінгі зерттеулердің қолда бар деректері бойынша препаратты эквитерапевтікке қарағанда 10 есе жоғары дозада енгізу лактацияға және ұрпақтың дамуына кері әсерін тигізбейді.

Көлік құралын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Лонгидаза® препаратын қолдану жоғары зейін қоюды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіпті жұмыс түрлерін орындау қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ерітіндіні дайындау:

1. Тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізу үшін құтының ішіндегі Лонгидаза® 3000 ХБ препаратын 1,0-2,0 мл прокаин (новокаин) 0,5% ерітіндісінде ерітеді. Прокаинге (новокаин) төзімсіздік бар болған жағдайда, Лонгидаза® препаратын сол көлемде инъекцияға арналған 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде немесе инъекцияға арналған суда ерітеді.

2. Ониходистрофияны емдеу үшін фотофорез көмегімен қолданған кезде құтының ішіндегі Лонгидаза® 3000 ХБ препаратын 0,5 мл дистилденген суда ерітеді, 3-4 минут ерітеді, саусақтардың дистальды фалангтарына 1 тамшыдан (шамамен 300 ХБ Лонгидаза® препараты) жағады.

3. Безеулерді емдеу кезінде фотофорез немесе ультрафонофорез жүргізу үшін 1 құты Лонгидаза® 3000 ХБ препараты 2-5 мл ультрадыбыстық гельде («Медиагель-Т») сұйылтылып, зақымданған жерге жағылады.

4. Контрактураларды емдеуде препаратты ультрадыбысты қолдану арқылы енгізу үшін құтының ішіндегі 3000 ХБ Лонгидаза 1,0 мл физиологиялық ерітіндіде ерітеді, 5-7 г вазелинмен араластырылып, тыртық аймағына жағылады.

5. Биожетімділігін арттыру мақсатында қолданған кезде құтының ішіндегі Лонгидаза® 3000 ХБ препаратын 2,0 мл, ал 1500 ХБ дозасын 1,0 мл инъекцияға арналған 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді. Еріткішті құтыға баяу енгізу қажет, 2-3 минут ұстап, ақуыз көбіктенбеуі үшін сілкілемей, ақырын араластыру қажет.

Парентеральді түрде енгізу үшін әзірленген ерітінді сақтауға келмейді. Вена ішіне енгізуге болмайды!

Шығарылу түрі

1 гидролитикалық класқа жататын қоңыр шыныдан жасалған, резеңке тығынмен герметикалық жабылған және алюминий қақпақтармен қысылған, сыйымдылығы 3 мл құтыларда 20 мг препараттан. Құтыға өздігінен жабысатын қағаз немесе үлбірлі жапсырмасы бекітілген. Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптама ішінде 5 құтыдан. Пішінді ұяшықты бір қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

2 °C-ден 8 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

3 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Шымкент қаласындағы «ампуланың Лонгидазасы 3000 ХБ №5» бағасының өзгеру диаграммасы

04000800012000160002000012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыампуланың Лонгидазасы 3000 ХБ №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.57/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
14 бағалау
1
star
0
2
star
2
3
star
0
4
star
0
5
star
12
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
13 Мая 2024
Комментарий: Искала товар по всему городу, не в каждой аптеке нашла. А когда находила, цены были 21000тг. Здесь получилось дешевле на 5000 тг.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Мая 2024
Комментарий: Препарат хороший, был на месте быстро.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
4 Января 2024
Комментарий: Әсері аз! Киста болған дәрігер тағайындауымен бұлшық ет ішіне салдым киста кішіреймеді. Өкінішті!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
9 Сентября 2023
Комментарий: Лекарства стоят очень дорого. Большое спасибо, отличное обслуживание, поставил бы оценку 5.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
21 Марта 2023
Достоинства: Препарат качественный.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
22 Января 2023
Комментарий: Реально помогает.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
29 Октября 2022
Достоинства: Эффективный.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
23 Октября 2022
Достоинства: Незаменимая вещь.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
26 Августа 2022
Достоинства: Хороший препарат, назначают при фиброзах и спайках.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Июля 2022
Достоинства: Превосходный препарат.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Июня 2022
Достоинства: Препарат работает.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 Мая 2022
Достоинства: Киста рассосалась.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
1 Апреля 2022
Достоинства: Чудесный препарат!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Февраля 2022
Достоинства: Неоценимый вклад в здоровье.
16690

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 2947

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Шымкенте:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

19637

16690

2947

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруНұсқаулықСатып алу мәліметтеріШымкент қаласындағы «ампуланың Лонгидазасы 3000 ХБ №5» бағасының өзгеру диаграммасыБағалаулар және пікірлер

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube