daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Немозол Суспензиясы 100 Мг / 5 Мл 20 Мл | Ipca Laboratories Limited

Шымкенте қаласындағы Немозол Суспензиясы 100 Мг / 5 Мл 20 Мл | Ipca Laboratories Limited

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті суспензия.

Халықаралық атауы:

Албендазол

Өндіруші:

Ipca Laboratories Limited

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза және натрий карбоксиметилцеллюлозасы (Avicel RC-591), глицерин, бензой қышқылы, калий гидроксиді, сорбин қышқылы, полисорбат-80, кристалданбаған сорбитол ерітіндісі 70%, кептірілген натрий кармеллозасы, калий гидроксиді 5% рН мәнін 4.5-тен 5.5-ке дейін түзетуге арналған ерітінді, аралас жеміс эссенциясы хош иістендіргіші ID25676, «керемет балмұздақ» дәмі бар эссенция хош иістендіргіші FB2867, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті суспензия.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг/5 мл, 20 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- энтеробиозда

- анкилостомидозда және некаторозда

- гименолепидозда

- тениозда

- стронгилоидозда

- аскаридозда

- трихоцефалёзда

- описторхозда

- Larva Migrans тері синдромында

- кистозды эхинококкозда (бауырлық, альвеолярлы, перитонеальді)

- нейроцистицеркозда

- ішек нематодозында

- трихинеллезде

- токсокарозда

- лямблиозда

Қарсы көрсеткіштер

- албендазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- көздің торқабығының патологиясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

- бауыр жеткіліксіздігі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Карбамазепин: албендазол мен карбамазепинді бір мезгілде қолдану албендазол концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Қытай женьшені: албендазол мен панаксиальді женьшенді бір мезгілде пайдалану белсенді препараттың ішектегі концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Грейпфрут шырыны: грейпфрутпен бір мезгілде қолдану кезінде плазмадағы албендазол концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бұл жағымсыз әсерлер қаупін арттырады. Пациенттерге албендазолды қабылдау кезінде грейпфруттан жасалған өнімдерді қабылдамауы керек.

Дексаметазон: албендазолмен бір мезгілде дексаметазон енгізілген кезде албендазолдың ең төменгі концентрациясы шамамен 56%-ға артқан.

Празиквантел: празиквантел қан плазмасындағы албендазол концентрациясын шамамен 50%-ға арттырған.

Циметидин: албендазолды жеке қабылдаумен салыстырғанда, циметидин қабылдаған эхинококк кистасы бар пациенттерде өт пен кисталық сұйықтықтағы албендазол сульфоксидінің концентрациясы (шамамен 2 есе) көтеріледі.

Теофиллин: албендазол мен теофиллинді бір мезгілде қолдану теофиллиннің уыттылық әсері (жүрек айну, құсу, жүректің соғуы, құрысулар) қаупін арттыруы мүмкін. Албендазолдың теофиллин метаболизмін тежемейтіні анықталған, албендазол адам гепатомасының жасушаларындағы P4501A цитохромын индукциялайды. Сондықтан, албендазолмен бірге қабылдау кезінде және қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы теофиллин концентрациясын бақылау ұсынылады.

Кортикостероидтар: қан плазмасындағы албендазолдың белсенді метаболитінің концентрациясы (албендазол сульфоксиді) шамамен 50% артады.

Аминопирин: албендазолмен ұзақ уақыт емдеу аминопириннің N-метилсізденуін тежейді және болжамды түрде жоғары сульфидтеуден туындаған албендазол сульфоксиді концентрациясының біртіндеп төмендеуіне әкеледі.

Эпилепсияға қарсы дәрілер: фенитоин, карбамазепин және фенобарбитал P450 CYP3A цитохромының изоферменті арқылы албендазолдың тотығу метаболизмін туғызады, бұл албендазол сульфоксид концентрациясының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.

Арнайы ескертулер

Немозол лейкоциттердің жалпы мөлшерінің орташа қайтымды төмендеуін тудыруы мүмкін. Қан талдаулары әр 28 күндік цикл бойына емдеудің басында және әр екі апта сайын орындалуы тиіс. Лейкопения дамыған жағдайда, препаратты тоқтату керек. Қысқа емдеу курстары үдерісінде тура осы мерзімдерде шеткері қан (5–7 күнде бір рет) мен аминотрансферазаларға бақылау жүргізу қажет.

Қажет болса, нейроцистицеркозы бар пациенттер, стероидтарды қамтитын және антиконсульванттарды қамтитын кешенді ем қабылдауы тиіс. Көз аурулары кезінде емдеуді бастар алдында көздің торқабығына зерттеу жүргізу қажет. Көз цистицеркозы кезінде, ауыр асқынулардың (торқабықтың ажырауы) болуы мен соқырлықтың даму мүмкіндігіне байланысты, паразитке қарсы емдеу қарсы көрсетілімді.

Қосымша заттар

Сорбитол

Препараттың құрамында 2750.0 мг мөлшерде сорбитол бар, осыған байланысты тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды, сонымен қатар, орташа босаңсытқыш әсері бар. Сорбитолдың калориялылығы - 2,6 ккал/г.

Калий

Препараттың құрамында 6,5 мг / 5 мл (яғни, бір реттік ең аз 10 мл дозасында 13 мг) мөлшерде калий бар, осыған байланысты бүйрек функциясы төмен немесе калийдің тамақпен түсімі бақыланатын адамдарға сақтықпен тағайындау керек.

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Дозасын түзету қажет емес, бірақ бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Албендазол мен оның біріншілік метаболиті, албендазол сульфоксиді аз мөлшерде, бүйрек патологиясының бүйрек клиренсіне әсері екіталай. Алайда, бүйрек жеткіліксізділігімен пациенттерде бүйрек функциясының мониторингін жүргізу қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Әлсіз немесе орташа бауыр энзимдерінің жоғарылауы Немозолды қабылдауды тоқтатқаннан кейін қалпына келу мүмкін. Бауыр функциясының көрсеткіштерін анықтау әрбір емдеу циклінің алдында және емдеу барысында әрбір екі апта сайын жүргізілу тиіс. Егер трансаминаза көрсеткіші екі есе және одан да көп жоғарыласа, Немозолды тоқтату керек. Емдеуді бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскен кезде қайталауға болады.

Педиатрияда қолданылуы

6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Албендазол жануарларға тератогенді және эмбриоуытты әсер ететіні белгілі. Жүктілік кезінде албендазолдың қауіпсізділігі белгісіз, жүктіліктің кез келген кезіндегі әйелдерге немесе жүкті болуы мүмкін әйелдерге, емдеу курсы кезінде немесе кейін қабылдауға болмайды.

Немозолдың жүктіліктің алғашқы мерзімдерінде қабылдануын болдырмас үшін, бала туатын жастағы әйелдерге ем етеккірден кейінгі алғашқы аптада немесе жүктілікке жасалған тест нәтижесі теріс болып шыққаннан кейін жүргізілуі тиіс. Гельминтозда емдеу кезінде және препаратты қабылдау аяқталғаннан кейінгі бір ай ішінде контрацепция шараларын қолдану керек. Әйелдерге жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Бала емізу

Әйелдерге лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Отбасы мүшелерінің барлығына бір мезгілде ем жүргізу ұсынылады. Дозасы жекелей, гельминттің түріне және науқастың дене салмағына байланысты белгіленеді.

Ішек нематодоздарын емдеу

Аскаридоз, трихоцефалез (түктібас)

Немозолды ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 400 мг дозада (20 мл суспензия) тәулігіне бір рет немесе тамақтан соң 2 қабылдауға бөліп, 6 -12 жастағы балаларға 200 мг (10 мл суспензия) бір рет тағайындайды, қажет болса 3 аптадан соң қайталайды. Арнайы дайындық пен диета қажет емес.

Энтеробиоз (үшкір құрттар)

Препаратты ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 400 мг дозада (20 мл суспензия), 6 жастан асқан және 12 жасқа дейінгі балаларға кг дене салмағына 5 мг бір рет тағайындау жеткілікті. Дайындалу да, диета да қажет емес. 14 күннен соң емдеу курсын дәл сол дозасында және дәл сол режимде қайталау керек.

Стронгилоидоз (ішек угрицасы)

Препарат ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 400 мг (20 мл суспензия), 6 жастан асқан және 12 жасқа дейінгі балаларға 3 күн бойы кг дене салмағына 10 мг дозада бір рет тағайындалады. Бір аптадан соң емдеу циклін дәл сол дозаларында қайталап жүргізу ұсынылады.

Анкилостомидоз (қисықбас)

Препараттың дозалары, стронгилоидозды емдеу кезіндегідей. Қатар емдеген кезде тиімділігі 85% құрайды, ал курсты 2–3 күнге дейін ұзартқан кезде ол жоғарылайды.

Тіндер нематодоздарын емдеу

Трихинеллез

Трихинеллезді емдеудің стандартты сызбалары жоқ. Емдеу инвазия мерзімдерін, оның клиникалық көріністерін, сондай-ақ науқастың жағдайын ескере отырып, жекелей жүргізіледі. Немозолды 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға кг дене салмағына тәулігіне 10 мг дозада, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (дене салмағы 60 кг асатын) орташа дозасы 800 мг (40 мл суспензия) 7 – 10 күн бойы тәулігіне 2 қабылдауға бөліп, тамақтан кейін тағайындайды.  Ауыр инвазия мен ағзалардың зақымдалуы кезінде де (миокардит, пневмонит, менингоэнцефалит)  глюкокортикостероидтар мен симптоматикалық дәрілер тағайындалады. Емдеудің тиімділігі клиникалық, зертханалық және аспаптық көрсеткіштер бойынша бағаланады (температураның қалыпқа түсуі, бұлшықеттер ауыруының тыйылуы, ісіктердің жоғалуы, электрокардиограмманың қалыпқа түсуі, өкпенің зақымдалу белгілерінің физикалық және рентгенологиялық белгілерінің жоғалуы, неврологиялық симптоматиканың регрессиясы, қан эозинофилиясының төмендеуі және т.б.).

Токсокароз

Немозол 6 жастан асқан және 12 жасқа дейінгі балаларға кг дене салмағына тәулігіне 10 мг дозада, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (дене салмағы 60 кг артық болса) 800 мг орташа дозасы (40 мл суспензия) 10 күн бойы тәулігіне 2 қабылдауға бөліп, тамақтан соң тағайындалады. Әдетте, емдеу курстарын айына 2 апта аралықпен жүргізу ұсынылады. Жағымсыз реакциялары сирек, жеңіл диспесиялық бұзылыстармен білінеді. Аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылауы аса сирек байқалады.

Тіндер цестодоздарын емдеу

Кисталық эхинококкоз

Эхинококкозды емдеу әдетте операция жолымен жүргізіледі. Химиотерапия кисталар жарылған және қоздырғыштар организмге таралған жағдайда, операциядан кейінгі кезеңде, операция кезінде кистаның бүтіндігі бұзылған жағдайда қоздырғыштар жайылып кету қаупі бар кезде, сондай-ақ көптеген өлшемдері шағын кисталармен (3–5 см аспайтын) зақымданулар жағдайларында жүргізіледі. Қайталануына қарсы ем операциядан кейін, шағын өлшемді паразиттің басқа жерлерде болуын жоққа шығаруға болмайтын кездерде ұсынылады. Ауқымды кисталар тиімсіздігіне және препараттың әсерінен киста бүтіндігінің бұзылуы есебінен асқынулардың болуы мүмкіндігіне байланысты талапқа сай емделмейді.

Немозол ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (дене салмағы 60 кг асатын) 400 мг дозада (20 мл суспензия) күніне 2 рет, 6 – 12 жас аралығындағы балаларға кг дене салмағына тәулігіне 10 мг дозада 2 – 3 қабылдауға бөліп тамақтан соң тағайындалады. Емдеу курсының ұзақтығы – 4 апта.

Емдеу үдерісінде әр 5–7 күн сайын қанға және аминотрансферазаларға зерттеу жүргізіледі. Лейкоциттер 3,0х109/л төмендесе және аминотрансферазалар деңгейі 5–6 есе артса, емдеуді көрсеткіштер қалыпқа түскенге дейін немесе айтарлықтай жақсарғанға дейін тоқтата тұру қажет. Үдемелі лейкопения және гиперферментемия жағдайларында препаратты тоқтату ұсынылады. Емдеу барысында және уытты көріністер жағдайларында гепатопротекторларды тағайындаудың тиімділігі аз, препаратты тоқтату қажет. Эхинококкозды емдеу бірнеше курспен жүргізіледі. Немозолды 1 айда 2 апта аралықпен, курстармен тағайындайды. Инвазияның клиникалық айқын түрлерін (киста болғанда) емдеу ұзақтығы – 12-18 ай.

Емдеудің тиімділігі аспаптық бақылау және спецификалық антиденелер титрінің динамикасын бақылау кезінде бағаланады. Препараттың тағайындалу көрсетілімдері дұрыс анықталған және дозасы мен курстық емдеу режимі сақталған жағдайда, сауығу байқалады.

Альвеолярлық эхинококкоз

Альвеолярлық эхинококкозды емдеу операция жолымен жүргізіледі. Химиотерапия қосымша дәрі болып табылады. Немозолдың дозалары мен оны тағайындау режимі, кисталық эхинококкоз кезіндегідей. Курспен емдеудің ұзақтығы науқастың жағдайына және препараттың көтерімділігіне қарай анықталады. Тек қана Немозолды қолданған кезде толық сауығып кету болмайды.

Цистицеркоз

Немозол балалар мен 12 жастан асқан балаларға (салмағы 60 кг асатын) күніне 3 рет 400 мг (20 мл суспензия), 6 – 12 жастағы балаларға кг дене салмағына 15 мг дозада 3 қабылдауға бөліп, тамақтан соң тағайындалады. Курстың ұзақтығы 28–30 күн. Препаратты қабылдаудан 2 күн бұрын және препаратты қабылдаудың алғашқы аптасында (кейде көрсетілімдері бойынша ұзағырақ) глюкокортикостероидтар (40–50 мг преднизолон) тағайындалады. Емдеудің алдында, препаратты қабылдау үдерісінде және аяқталған кезде де, эхинококкоздарды емдеу кезіндегідей бақылау жүргізіледі. Ми цистицеркозын емдеудің тиімділігін бақылау клиникалық параметрлер мен миға жасалған рентген компьютерлік және ядролық-магниттік резонанс томографиясы нәтижелері бойынша жүргізіледі. Емдеу тиімді болған жағдайда, ошақтардың жоғалуы және/немесе кальцификациясы байқалады. Көбіне қайталап емдеу курстарын жүргізу қажет болады. Тіпті емдеудің әсері жақсы болған жағдайда да, ми тінінің құрылымдық өзгерістерінің тұрақты қалыптасып қалғандығына байланысты, клиникалық симптоматикасының толық регресі басталмауы да мүмкін екендігін естен шығармау керек.

Лямблиоз, описторхоз

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға салмағы болса, 3 тәулік бойы тәулігіне 1 рет 400 мг (20 мл суспензия), немесе 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды қоса, салмағы 60 кг аз болса, 5-7 күн бойы тәулігіне 1 рет 10-15 мг/кг есебінен.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – дене салмағы және одан асатын науқастарға 800 мг (40 мл суспензия), 60 кг аз науқастарға – 15 мг/кг.

Балалар

6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препаратты тағайындау алдында қанның клиникалық талдауы, қанның биохимиялық талдауы (бауырлық-бүйректік кешен) қажет. Емдеу қалыпты зертханалық көрсеткіштер кезінде тағайындалады.

Енгізу әдісі мен жолы

Суспензияны тамақтану кезінде немесе тамақ ішкеннен кейін ішке қабылдайды, сумен ішіп жіберуге болады. Іш жүргізетін препараттарды қабылдау мен арнайы диета қажет емес.

Артық дозаланған жағдайда қабылдау қажет шаралар

Анықталмаған.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтарыңыз болса, өз дәрігеріңіз немесе фармацевтке жүгініңіз.

Шығарылу түрі

Төсемі бар бұралатын алюминий қақпақпен тығындалған, бұрандалы мойны бар пластмасса құтыларға 20 мл препараттан құйылған. Құтыға өздігінен желімденетін қағаз заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

20 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Шымкент қаласындағы «Немозол суспензиясы 100 мг / 5 мл 20 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

03006009001200150012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-09
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНемозол суспензиясы 100 мг / 5 мл 20 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube