daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Тиамин Хлориді В1 Дәрумені Инъекцияға Арналған Ерітінді 5% 1 Мл №10 | ЧАО "Фармацевтическая фирма "Дарница"

Шымкенте қаласындағы Тиамин Хлориді В1 Дәрумені Инъекцияға Арналған Ерітінді 5% 1 Мл №10 | ЧАО "Фармацевтическая фирма "Дарница"

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Өзіне тән әлсіз иісі бар түссіз мөлдір немесе аздап сарғыштау сұйықтық

Халықаралық атауы:

Тиамин

Өндіруші:

ЧАО "Фармацевтическая фирма "Дарница"

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: унитиол, инъекцияға арналған су Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Өзіне тән әлсіз иісі бар түссіз мөлдір немесе аздап сарғыштау сұйықтық

Белсенді заттың дозасы:

5%

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- B1 гиповитаминозы мен авитаминозында

- невриттер мен полиневриттерде, радикулиттерде, невралгияларда, шеткері салдануларда, энцефалопатияда, неврастенияда

- асқазан мен 12 елі ішектің ойық жаралы ауруында, ішек атониясында, бауырдың созылмалы зақымдануларында

- миокард дистрофиясында, эндартериитте

- шығу тегі нейрогенді дерматоздарда, пиодермияда, экземада, псориазда

- Бери-бери, тұтынылатын тағамда B1 дәруменінің жетіспеушілігіне түрткі болатын және оның клиникалық белгілері көз симптомдарын, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуын (атаксия), ісінуді, жедел жүрек жеткіліксіздігін және шеткергі жүйке жүйесінің зақымдануын (шеткергі нейропатия) қамтиды.

- Вернике-Корсаковтың энцефалопатиясы, бұл В1 дәрумені жетіспеушілігінің күрделі белгісі болып табылады. Бұл тамақпен бірге қанға енетін В1 дәруменінің өтуіне кедергі келтіретін бірнеше жағдайлардан туындауы мүмкін.

Көбінесе бұл созылмалы алкоголизм кезінде пайда болады, бірақ сондай-ақ:

- жүктілікке байланысты ұзақ құсу,

- мальабсорбция синдромы,

- В1 дәруменініқосусыз парентеральді тамақтану,

- психикалық анорексия,

- аш ішектің бір бөлігінің қабынуы (аймақтық энтерит),

- диализ,

- тиреотоксикоз,

- нитроглицеринмен жоғары дозада венаішілік емдеу,

- гастропластикадан туындауы мүмкін.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- аллергиялық аурулар

- идиосинкразия

- әйелдердегі климакс алдындағы және климактериялық кезең

- 8 жасқа дейінгі балалар.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Тиамин хлориді бір шприцте араластырмаған жөн:

- бензилпенициллинмен немесе стрептомицинмен, себебі бұл антибиотиктерді ыдыратады;

- никотин қышқылымен немесе құрамында сульфит бар ерітінділермен, өйткені бұл тиаминнің бұзылуына әкеледі;

- карбонаттармен, цитраттармен, барбитураттармен, Cu2+ , йодидтермен,

темір-аммоний цитратымен, танин қышқылымен, өйткені тиамин сілтілік және бейтарап ерітінділерде тұрақсыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Тиамин жүйке-бұлшықет блокаторларының әсерін күшейтуі мүмкін.

Тиамин несеп қышқылын фосфовольфрам әдісімен анықтауда және уробилиногенге Эрлих реагентімен несептің тамшылату тестінде жалған оң нәтиже беруі мүмкін деп хабарланған. Тиаминнің жоғары деңгейі Schack & Waxler бойынша қан плазмасындағы теофиллинді спектрофотометриялық анықтауға кедергі келтіреді.

Арнайы ескертулер

Тиаминді парентеральді енгізгеннен кейін анафилаксиялық реакциялар, тіпті шок пайда болуы мүмкін. Бұл реакциялар сирек және күтілмейді. Алайда, қайта қолданған кезде олардың қаупі артады.

Сондықтан енгізер алдында тиаминге аса жоғары сезімталдықты тексеру ұсынылады.

Тиаминге аса жоғары сезімталдыққа күдік бар пациенттерге теріішілік тестілік доза.

Анафилаксиялық реакцияларды жедел емдеуге арналған медициналық жабдықтар әрқашан қол жетімді болуы керек.

Венаішілік инъекцияларды баяу енгізу керек (кем дегенде 10 минут).

50 мг тиамин инъекциясынан кейін уытты реакциялар және 100 мг тиамин в/і енгізгеннен кейін кем дегенде 1 кенет өлім туралы хабарланды.

Тиамин жүйке-бұлшықет блокаторларының әсерін күшейтуі мүмкін.

Егер ерітінді мөлдір болмаса, пайдаланбаңыз.

Жылдам енгізген немесе инъекцияның мөлшері көп болса, әдетте, инъекция немесе тромбофлебит орнында тітіркену немесе некроз қаупі бар. Тромбофлебит қаупін азайту үшін әр 24 сағат сайын енгізу орнын өзгерту ұсынылады.

Бұл дәрілік ерітіндінің құрамында микробқа қарсы консерванттар жоқ, сондықтан ампуланы ашқаннан кейін микроорганизмдердің көбеюіне жол бермейді.

Бұл дәрілік ерітінді және құрамында осы дәрілік ерітінді бар кез келген шприц тек бір реттік және жеке пайдалануға арналған.

Педиатрияда қолдану

Балаларға әдетте тиамин хлоридінің 2,5 % ерітіндісін қолданады. 8 жастан асқан балаларға 5 % ерітіндіні енгізуге болады.

Жүктілік және лактация кезінде

Препараттың жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде көрсетілімдер бойынша ұсынылатын дозаларда қолданылуы мүмкін.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерінің даму мүмкіндігіне байланысты көлік құралдарын басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс істегенде сақ болған жөн.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге

В1 дәрумені 5-тен 100 мг-ге дейін күніне 3 рет бұлшықет ішіне немесе бірнеше күн бойы баяу вена ішіне енгізіледі. Содан кейін күніне 2,5-тен 5 мг-геа дейін B1 дәруменінің демеуші дозасы пероральді

Вернике энцефалопатиясы жағдайында ұсынылатын бастапқы доза әдетте вена ішіне В1 дәруменінің 100 мг құрайды. Бұл дозадан кейін күніне 50-ден 100 мг-ге дейін венаішілік немесе бұлшықетішілік доза жүреді және пациент тұрақты және теңгерімді тамақтануды қалпына келтіргенге дейін болады.

B1 дәруменінің күніне 100-ден 200 мг-ге дейінгі дозасы 3 күн бойы осы энцефалопатияны емдеу үшін ұсынылады. Кейбір жағдайларда алғашқы 12 сағат ішінде 1000 мг дейінгі дозалар қажет болды.

8 жастан асқан балаларға.

Күніне 10-нан 25 мг-ге дейін В1 дәрумені бұлшықет ішіне немесе баяу вена ішіне.

Енгізу әдісі және жолы

Дәрілік затты қажет болған жағдайда вена ішіне (баяу) немесе бұлшықет ішіне (бұлшықетке терең) тағайындалады (әйтпесе мүмкіндігінше пероральді жолды таңдаған жөн).

(Баяу) вена ішіне енгізу жағдайында препарат ерітіндісін алдымен 5% глюкоза немесе 0,9% натрий хлориді сияқты тиісті стерильді ерітіндіде сұйылту керек. Инъекцияны баяу, 10 минут бойы жасау керек.

Бұлшықет ішіне енгізу үшін сұйылтылмаған препаратты қолдану керек. Тамырішілік инъекциялардан аулақ болыңыз.

Бұлшықет ішіне терең енгізуді үлкен бұлшықет массасына (бөксенің жоғарғы, сыртқы квадранты немесе жамбастың бүйір бөлігінде) жасау керек. Дозаны енгізер алдында иненің қан тамырында жоқ екеніне көз жеткізу үшін аспирация жасау керек. Егер қан аспирацияланса, инені алып тастап, басқа жерге инъекция жасау керек. Қайталанған дозаларда ешқашан препаратты бір жерге енгізбеңіз.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері симптомдарының күшеюі мүмкін. Гиперкоагуляция, пуриндік алмасудың бұзылуы жоққа шығарылмайды.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кездегі қажетті шаралар

Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Өткізіп алған дәрілік заттың орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Тоқтату симптомдары қаупінің барын көрсету

Аталған дәрілік затқа қатысты емес.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Әрқашан препаратты қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз.

Жанама әсерлері

Барлық дәрілік препараттар тәрізді препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында пайда болмайды.

Жиі емес

- қышыну

Сирек

- гиперемия, дерматит, бөртпе, есекжемді қоса аса жоғары сезімталдық реакциялары, Квинке ісінуі, құрысулары бар бронх демікпесінің ұстамалары, анафилаксиялық шок

- жалпы бұзылулар: қатты терлеу, қалтырау, тремор, жалпы әлсіздік, ісінулер, қызба, инъекция орнындағы реакциялар: бөртулер, қышыну;

- тыныс алудың бұзылуымен, қышынумен, шокпен және іштің ауырсынуымен ауыр анафилактоидты реакциялар препаратты енгізу жолына қарамастан, әдетте 25-тен 100 мг-ға дейінгі диапазонда, 7 күннен астам аралықпен жоғары дозаларды бірнеше рет қабылдағаннан кейін. Бұл реакцияларға дейін жиі түшкіру немесе өтпелі қышулар бұрын болған. Ауыр анафилактоидты реакциялардың осы қаупін ескере отырып, тиаминді парентеральді енгізуді өте маңызды жағдайларда ғана қолдану, және мұндай жағдайларда осы реакцияларды емдеу үшін қажетті барлық шұғыл медициналық көмек көрсету жабдығы болуы ұсынылады.

Өте сирек

- тахикардия, жүрек қағуын сезіну

- коллапс

- бас ауыру, бас айналу, мазасыздық, парастезиялар

- көру жүйкесінің зақымдануы

- тыныс алу қиындауы, ентігу

- жұтудың қиындауы, жүрек айнуы, ішек геморрагиялары

- бауыр ферменттері белсенділігінің бұзылуы

- синаптоплегия құбылыстары – тиаминнің әр түрлі медиаторлармен кешендер түзу қабілеті артериялық қысымның төмендеуімен, жүрек аритмияларының пайда болуымен, қаңқа (соның ішінде, тыныс алу) бұлшық еттері жиырылуының бұзылуымен, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуімен қатар жүруі мүмкін; тиамин хлориді стафилококктың антибиотиктерге төзімділігінің қалыптасуына ықпал етеді.

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- жанаспалы дерматит

Шығарылу түрі

1 мл препараттан шыны ампулаларда.

Ампулаға өздігінен жапсырылатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады.

5 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға (кассетаға) салады.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампулаларды ашуға арналған пышақтар салынбайды.

Екі пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Көлемі

1 мл (ампула)

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладытиамин хлориді В1 дәрумені инъекцияға арналған ерітінді 5% 1 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube