daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Тромбопол Таблеткалары 100 Мг №30 | АО Химфарм

Шымкенте қаласындағы Тромбопол Таблеткалары 100 Мг №30 | АО Химфарм

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ішекте еритін қабықпен қапталған, қызғылт түсті, екі беті дөңес, дөңгелек таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Ацетилсалицил қышқылы

Өндіруші:

АО Химфарм

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді ингредиент:

Қатаң түрде рН, РСО2. гидрокарбонат, калий және т.б. бақылау ұсынылады, ауыр жағдайларда гемодиализ қажет болуы мүмкін. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Дәрілік түрі:

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 100.00 мг ацетилсалицил қышқылы,

қосымша заттар: ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты (С типі)

қабықтың құрамы: гипромеллоза, ACRYL-EZE® қызғылт: метакрил қышқылының сополимері, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтилцитрат (Е1505), понсо 4R (Е124), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) (Е551), натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ішекте еритін қабықпен қапталған, қызғылт түсті, екі беті дөңес, дөңгелек таблеткалар.

Қолдану көрсеткіштері

тұрақсыз стенокардия – стандартты ем аясында

жедел миокард инфарктісі – стандартты ем аясында

қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы

операциядан немесе артерияларға басқа да араласулардан кейін (мысалы, аортокоронарлық шунттаудан, тері арқылы транслюминальді катетерлі ангиопластикадан кейін)

аурудың алғашқы белгісінің манифестациясынан кейін транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) және инсульттің профилактикасында

Кавасаки синдромы:

қызба кезеңіндегі қабынуды азайту үшін

коронарлық тамырлардың аневризмаларында тромбоциттер агрегациясын профилактикалық тежеу үшін

Қарсы көрсеткіштер

ацетилсалицил қышқылына, басқа салицилаттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

анамнездегі салицилаттарды немесе әсері соған ұқсас заттарды қабылдаудан, әсіресе қабынуға қарсы стероидты емес препараттардан индукцияланған бронх демікпесі

асқазан-ішек жолының ойық жаралы ауруының жедел кезеңі

геморрагиялық диатез

бауыр жеткіліксіздігі

бүйрек жеткіліксіздігі

талапқа сай емделмеген кездегі ауыр жүрек жеткіліксіздігі

метотрексатпен аптасына 15 мг немесе одан көп дозада үйлестіріп қолдану

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)

жүктіліктің соңғы триместрінде 150 мг-ден жоғары тәуліктік дозада

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты мұқият медициналық бақылау аясында қолдану керек:

ацетилсалицил қышқылының антитромбоцитарлық әсерін әлсіретуі мүмкін ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) бір мезгілде қабылдауда. Егер пациенттер ацетилсалицил қышқылын қабылдап жүрсе немесе кез келген ҚҚСП қабылдауды бастауға дайындалса, емдеуші дәрігеріне жүгінуді ұсыну керек (Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі бөлімін қараңыз)

басқа аллергиялық жай-күйлерде: тері реакциялары, қышыну, есекжем,

бронх демікпесі, пішен қызбасы, мұрынның шырышты қабығының ісінуі (мұрын полиптері), тыныс жолдарының созылмалы аурулары

антикоагулянттармен бірге қолданғанда

анамнезде асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы немесе асқазан-ішектен қан кетулер болғанда

- бауыр функциясының бұзылуында

бүйрек функциясының немесе қан айналымының бұзылуында (мысалы, бүйрек тамырларының зақымдануында, іркілген жүрек жеткіліксіздігінде, айналымдағы қан көлемі азайғанда, ауқымды хирургиялық араласуларда, сепсисте немесе ауқымды қан кетулерде), өйткені ацетилсалицил қышқылы бүйрек дисфункциясының немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін қосымша жоғарылатуы мүмкін

Сақтық шаралары

Препаратты мұқият медициналық бақылау аясында қолдану керек:

анальгетиктерге, қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы препараттарға немесе басқа аллергенді заттарға аса жоғары сезімталдықта (Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз)

ацетилсалицил қышқылының антитромбоцитарлық әсерін әлсіретуі мүмкін ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) бір мезгілде қабылдауда. Егер пациенттер ацетилсалицил қышқылын қабылдап жүрсе немесе кез келген ҚҚСП қабылдауды бастауға дайындалса, емдеуші дәрігеріне жүгінуді ұсыну керек (Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі бөлімін қараңыз)

басқа аллергиялық жай-күйлерде: тері реакциялары, қышыну, есекжем,

бронх демікпесі, пішен қызбасы, мұрынның шырышты қабығының ісінуі (мұрын полиптері), тыныс жолдарының созылмалы аурулары

антикоагулянттармен бірге қолданғанда

анамнезде асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы немесе асқазан-ішектен қан кетулер болғанда

- бауыр функциясының бұзылуында

бүйрек функциясының немесе қан айналымының бұзылуында (мысалы, бүйрек тамырларының зақымдануында, іркілген жүрек жеткіліксіздігінде, айналымдағы қан көлемі азайғанда, ауқымды хирургиялық араласуларда, сепсисте немесе ауқымды қан кетулерде), өйткені ацетилсалицил қышқылы бүйрек дисфункциясының немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін қосымша жоғарылатуы мүмкін

Арнайы нұсқаулар

Қосымша заттар:

Тромбопол әр таблеткасынын құрамында 0,092 мг (4 ммоль) натрий бар, сондықтан тұзсыз диета ұстанатын адамдарға тағайындағанда сақ болу керек.

Тромбопол құрамында понсо 4R (Е124) 0.32 мг бояғыш бар, сондықтан бұл аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін

Педиатрияда қолдану

Тромбополды 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктілік ағымына және/немесе эмбрионның немесе шарананың дамуына теріс әсерін тигізуі мүмкін.

1 және 2 триместр

Жүктіліктің бірінші және екінші триместрлерінде Тромбопол препаратын 300 мг дейінгі тәуліктік дозаларда ғана, қатаң көрсетілімдер болған жағайда ғана тағайындау керек.

3 триместр

АСҚ 150 мг дейінгі тәуліктік дозасы да 3 триместрде шұғыл көрсетілімдерде ғана тағайындалуы тиіс. Жүктіліктің соңғы триместрінде Тромбопол препаратын 150 мг және одан жоғары тәуліктік дозаларда қолдануға болмайды.

Ацетилсалицил қышқылының және оның метаболиттерінің аздаған мөлшері емшек сүтіне өтеді. Қазіргі сәтте балаға зиянды әсерлері туралы хабарланған жоқ, сондықтан егер тәуліктік доза 150 мг-ден аспаса, емшек емізуді тоқтату талап етілмейді. Жоғары дозаларын қабылдаған кезде (тәулігіне 150 мг-ден астам) емшек емізуді тоқтату керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Тұрақсыз стенокардия

100 мг Тромбопол препаратының 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).

Жедел миокард инфарктісі

100 мг Тромбопол препаратының 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).

Қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы

100 мг Тромбопол препаратының 3 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау (тәулігіне 300 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы) ұсынылады.

Операциядан немесе артерияларға басқа да араласулардан кейін (мысалы, аортакоронарлық шунттаудан, тері арқылы транслюминальді катетерлі ангиопластикадан кейін)

100 мг Тромбопол препаратының 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).

Емнің басталуына ең қолайлы уақыт, шамасы, аортакоронарлық шунттаудан кейін 24 сағаттан соң басталады.

Аурудың алғашқы белгісінің манифестациясынан кейін транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) және инсульттің профилактикасында

100 мг Тромбопол препаратының 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).

Кавасаки синдромы

Қызба кезеңіндегі қабынуды азайту үшін

Емдеуді иммуноглобулиндермен емдеу аясында тәулігіне 4 қабылдауға бөлінген, дене салмағының кг-ге ацетилсалицил қышқылының 80-100 мг дозасынан бастау керек.

Коронарлық тамырлардың аневризмаларында тромбоциттер агрегациясын профилактикалық тежеу үшін

Емдеуді кейінірек (аурудың 2-3 аптасында) Тромбопол препаратының таблеткаларын тәулігіне дене салмағының кг-ге 3-5 мг дозада қабылдаумен жалғастыру қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар мен жасөспірімдер

Тромбопол препаратының 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Деректер жоқ. Осыған байланысты, Тромбопол препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды. 

Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар препараттарды дәрігермен кеңесусіз ұзақ уақыт бойы немесе жоғары дозаларда қабылдамау керек.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған

Тромбопол препаратының ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларын, кем дегенде, тамақтан 30 минут бұрын, көп мөлшердегі сумен ішу арқылы қабылдаған дұрыс.

Белсенді заттың ішектегі сілтілі ортада босап шығуын қамтамасыз ету үшін, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды ұсақтауға, бөлуге немесе шайнауға болмайды.

Жедел миокард инфарктісін емдеу үшін бірінші таблетканы тіспен бөлу немесе шайнау керек.

Тромбопол препараты ұзақ уақыт қолдануға арналған. Емдеудің ұзақтығы туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдауы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Ацетилсалицил қышқылының негізінен орталық жүйке жүйесі тарапынан, ұйқышылдық, бас айналу, сананың шатасуы немесе жүрек айну («салицилизм») сияқты көріністермен созылмалы артық дозалануын, және жедел улануды ажырата білу керек.

Жедел улану

Жедел уланудың басты көрінісі қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің ауыр бұзылуы болып табылады. Тіпті емдік дозалар аясында тыныс алудың күшеюі салдарынан респираторлық алкалоз дамиды. Бұл жай-күй рН қалпына келуіне әкелетін бикарбонаттардың бүйрекпен шығарылуының жоғарылауы арқылы реттеледі. Уытты дозаларда компенсация жеткіліксіз; рН және қандағы бикарбонаттар концентрациясы төмендейді. Плазмалық РСО2 деңгейі уақытша қалып шегінде қалады. Симптомдардың клиникалық манифестациясы метаболизмдік ацидозға негізделген, алайда шын мәнінде, респираторлық және метаболизмдік ацидоздың үйлесуі орын алады. Себептері: уытты дозаларға байланысты тыныс алудың шектелуі, ішінара көмірсулар метаболизмінің бұзылуы салдарынан бүйрекпен шығарылудың төмендеуіне байланысты қышқылдардың жинақталуы (күкірт, фосфор, салицил, сүт, ацетосірке қышқылдары). Бұған қосымша электролиттік теңгерім бұзылады; калийдің көп мөлшерде жоғалуы жүреді.

Жедел улану симптомдары:

Жеңілірек улану симптомдары (200-400 мкг/мл):

Қышқылдық-негіздік және электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуына (мысалы, калий жоғалту) қосымша гипогликемия, тері бөртпесі және асқазан-ішектен қан кету, асқын желдетілу, құлақтағы шуыл, жүрек айну, құсу, көрудің және естудің бұзылуы, бас ауыруы, бас айналу және сананың шатасуы байқалды.

Ауыр улану симптомдары (400 мкг/мл-ден жоғары):

делирий, тремор, тыныс алудың қиындауы, тершеңдік, сусыздану,

гипертермия және кома дамуы мүмкін.

Фатальді аяқталған улануда өлім әдетте тыныс алу жеткіліксіздігі салдарынан болады.

Емі: ацетилсалицил қышқылмен улануға қатысты емдік шаралар уланудың таралғандығына, сатысына және клиникалық симптомдарына байланысты болады. Олар белсенді заттың сіңуін азайтудың стандартты шараларын, су-электролиттік теңгерімге, температуралық реттеудің және тыныс алудың бұзылуына мониторинг жүргізуді қамтиды. Емдеу препараттың шығарылуын жылдамдатуға әрі су-электролиттік және қышқылды-негізді тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған. Натрий гидрокарбонаты және калий хлориді ерітінділерінің инфузиясы диуретиктермен тағайындалады. Салицилаттардың иондану дәрежесін арттыру және өзекшелерге кері диффузиялану жылдамдығын азайту үшін несептің реакциясы сілтілік болуы тиіс.

Қатаң түрде рН, РСО2. гидрокарбонат, калий және т.б. бақылау ұсынылады, ауыр жағдайларда гемодиализ қажет болуы мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Жиі

қыжыл, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы және диарея сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

асқазан-ішек жолынан аздаған қан жоғалту (микроқанкету)

Жиі емес

асқазан-ішек жолының ойық жаралары, перфорацияға әкеліп соғуы өте сирек

асқазан-ішектен қан кетулер

Тромбопол препаратын ұзақ уақыт қолдану асқазан-ішек жолынан

жасырын қан жоғалту салдарынан темір тапшылығы анемиясына әкеліп соғуы мүмкін.

асқазан-ішек жолының қабынуы

Пациентте қара түсті нәжіс (қарамай тәрізді) немесе қан құсу байқалса, асқазаннан күрделі қан кетудің белгісі болып табылады, бұл туралы дәрігерге дереу хабарлау керек.

тері реакциялары (өте сирек жағдайларда экссудативті мультиформалы эритемаға дейін)

Сирек

тері, тыныс жолдары, асқазан-ішек жолы және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан аса жоғары сезімталдық реакциялары, әдетте бронх демікпесі бар пациенттерде. Симптомдар мыналарды қамтуы мүмкін: артериялық гипотензия, ентігу ұстамалары, ринит, мұрынның бітелуі, анафилаксиялық шок немесе ангионевроздық ісіну)

ауыр қан кетулер, мысалы: миға қан құйылу, әсіресе бақыланбайтын

артериялық гипертониясы бар және/немесе бір мезгілде

антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде), олар жекелеген

жағдайларда өмірге қауіп төндіруі.

Өте сирек

гипогликемия

ацетилсалицил қышқылы төмен дозаларда несеп қышқылының

экскрециясын төмендетеді. Бұл оған бейімділігі бар пациенттерде

подагра ұстамаларына әкеліп соғуы мүмкін.

бауыр функциясы көрсеткіштері деңгейінің жоғарылауы

бүйрек функциясының бұзылуы және жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Белгісіз

глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа (Г6ФД) жеткіліксіздігінің ауыр түрлері бар пациенттердегі гемолиз және гемолиздік анемия

қан кетулер, мысалы, мұрыннан, қызыл иектен, теріден немесе несеп-жыныс жолынан, қан кету уақытының ұзару мүмкіндігімен. Бұл әсер препаратты тоқтатқаннан кейін 4-8 күн бойы жалғасуы мүмкін

бас ауыруы, бас айналуы, естудің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы, сананың шатасуы препараттың артық дозалану белгілері болуы мүмкін. (Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар бөлімді қараңыз)

Шығарылу түрі

ПВХ/ПВДХ (поливинилхлоридті/поливинилденхлоридті) үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.

Пішінді ұяшықты 3 немесе 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Дәрілік препараты бар қорапшаларды картон қораптарға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада

сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

1 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада

сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладытромбопол таблеткалары 100 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube