Қолдану көрсеткіштері
- асқазан мен он екі елі ішек ойықжара ауруында
- өршу сатысындағы созылмалы гастрит және гастродуоденит, оның ішінде Helicobacter pylori астасқан
- асқазан мен он екі елі ішек ойықжара ауруында
- өршу сатысындағы созылмалы гастрит және гастродуоденит, оның ішінде Helicobacter pylori астасқан
әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Улькависті қабылдаған соң жарты сағат бойы ішке басқа дәрілік заттарды, сондай-ақ тамақ немесе сұйықтық, атап айтқанда, антацидтер, сүт, жемістер және жеміс шырындарын қабылдауға болмайды. Бұл оларды бір уақытта ішке қабылдағанда, Улькавис® тиімділігіне ықпал етуі мүмкіндігімен байланысты. Улькавис® тетрациклиннің сіңірілуін азайтады.
Дозалау режимі
Ересектер Улькависті 1 таблеткадан тәулігіне 4 рет аш қарынға (негізгі тамақ ішуден 30 минут бұрын және түнде) немесе 2 таблеткадан тәулігіне 2 рет аш қарынға (таңғы асқа дейін 30 минут бұрын және кешкі асқа немесе түнде 30 минут бұрын) қолданады.
Бір емдеу курсының ең көп ұзақтығы 2 айды құрайды.
Құрамында висмут бар препараттармен емдеудің жаңа курсы басталғанға дейін кем дегенде екі ай өту керек.
Он екі елі ішектің немесе асқазанның ойық жарасын емдеу үшін бір емдеу курсының ұзақтығы 4-тен 8 аптаға дейінді құрайды.
Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емді және емдеу ұзақтығын (7-ден 14 күнге дейін) таңдау пациенттің препараттың жеке жағушылығын ескеруі және емдеу сызбалары мен резистенттілік мәселелерін қамтитын ресми нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Таблеткаларды судың жеткілікті мөлшерін іше отырып, тұтастай жұту керек.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Симптомдары: диспепсия, бөртпе, ауыз шырышты қабығының қабынуы, қызыл иекте көгілдір сызықтар түріндегі өзіне тән қараюы, бүйрек функциясының бұзылуы.
Емі: препарат қолдануды тоқтату, асқазанды шаю, белсендірілген көмір, тұзды іш жүргізетін дәрілер қабылдау. Бүйрек функциясын, қандағы және несептегі висмут концентрациясын бақылау көрсетілген. Әрі қарай симптоматикалық ем жүргізеді. Қан плазмасында висмуттың жоғарғы деңгейімен қатар жүретін бүйрек функциясы бұзылғанда кешен түзушілер димеркаптоянтарлық және димеркаптопропансульфон қышқылдарын енгізуге болады. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде гемодиализ қолданылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.
14 таблеткадан ламинацияланған полиамид/алюминий/поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2, 4 немесе 8 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 390₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Шымкенте:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
6940₸
6550₸
390₸