Қолдану көрсеткіштері
Бупивакаин-М, инъекцияға арналған ерітіндісі, 5 мг/мл тері арқылы инфильтрация, шеткері жүйке блокадасы (блокадалары) және орталық жүйке жүйесінің (каудальді немесе эпидуральді) блокадасы арқылы жергілікті анестезия жүргізу үшін пайдаланылады, яғни ұзақ анестезия талап етілетін жағдайларда маманның пайдалануы үшін. Сенсорлық жүйке блокадасы моторлық блокадаға қарағанда анағұрлым айқын болғандықтан, Бупивакаин-М, инъекцияға арналған ерітіндісі, 5 мг/мл әсіресе ауыруды, мысалы, босану кезіндегі ауыруды басу үшін пайдалы.
Бупивакаин-М 5 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндісі келесі жағдайларда қолданылады:
- ересектер мен 12 жаста асқан балаларда хирургиялық анестезияда
- ересектерде, сәбилер мен 1 жастан асқан балаларда жедел ауыруды басу үшін