Қолдану көрсеткіштері
- наркозға енгізу және оны демеу
- наркозға енгізу және оны демеу
изофлуранға немесе басқа галогенделген анестетиктерге жоғары сезімталдық
қатерлі гипертермияға белгілі немесе болжамды генетикалық бейімділік
миопатия, бұлшықет дистрофиясы, Король синдромы (гипертермиялық синдром), миотония
сарғаюдың пайда болуы және/немесе шығу тегі белгісіз қызба
бауыр функциясының жеткіліксіздігі
изофлуранды немесе галогенделген басқа анестетиктерді қолданғаннан кейінгі эозинофилия
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Изофлуранды енгізу, наркозға арналған басқа да күшті дәрілердегі сияқты, анестезия үшін арнайы жабдықталған бөлмелерде және осы препараттың фармакологиялық қасиеттерін жақсы білетін және барынша маманданған және анестезия жүргізу кезінде науқасты бақылау тәжірибесі бар қызметкердің жәрдемімен ғана жүзеге асырылады.
Жекелеген жағдайларда құрамында галогені бар ингаляциялық анестетиктерді – CS2H тобымен (десфлуран, энфлуран, изофлуран) бірге қолданғанда карбоксигемоглобин деңгейінің артқаны байқалды. Барынша ылғандандырылған адсорбенттерде СО2 клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда бөлініп шықпайды.
Кептірілген СО2 адсорбенттері бар осы класқа жататын жалпы анестезияға арналған препараттарды қолданғанда, әсіресе егер олардың құрамында калий гидроксиді бар болса (мысалы, Баралим), наркоз аппаратының қызып кету, жанып кету жағдайлары сирек болды. Құрғақ СО2 адсорбенттерді алмастыруды изофлуранды пайдаланғанға дейін жүргізу қажет. Адсорбенттер кеуіп қалғанда түсін міндетті түрде өзгерте қоймайды, оларды алмастыру жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. СО2 адсорбенттері үшін өндірушінің нұсқауларын сақтаған жөн. Изофлуран жабық контурда анестезия кезінде көмірсутек тотығының түзілуімен көмірқышқыл газының құрғақ адсорбенттерімен өзара әрекеттесетіні хабарланған. Тыныс алу контурында көмірсутек тотығының түзілу қаупін және карбоксигемоглобиннің жоғары деңгейін мүмкіндігін төмендету үшін адсорбенттердің құрғауына жол бермеу керек.
Изофлуранның буын, басқа да ингаляциялық препараттар сияқты, қолдану аймағынан тиімді түрде жоюға кеңес беріледі.
Изофлуранды пайдаланғанда анестезия деңгейі тез және оңай өзгеретін болғандықтан, мұқият калибрленген буландырғыштарды ғана пайдалануға немесе деммен алынатын және шығарылатын концентрацияға баға беруге мүмкіндік беретін мониторинг жүргізуге кеңес беріледі.
Құрамында галоген бар анестетиктерді қолданған жағдайлардағыдай, изофлуранмен анестезия жүргізген кезде гипотензия және тыныс алудың бәсеңдеуі байқалады. Гипотензия және тыныс алу бәсеңдеуінің дәрежесі наркоз тереңдігінің біршама индикациясы болып табылуы мүмкін. Артериялық қысым деңгейіне және респираторлық көрсеткіштерге ұдайы мониторинг керек, демеуші шаралар гипотензияны және тыныс алу бәсеңдеуін түзету үшін қажет болуы мүмкін.
Пируэттік қарынша тахикардиясымен (жекелеген жағдайда өліммен аяқталатын) байланысты QT аралығының ұзаруы туралы хабарламалар алынған. QT аралағының ұзару қаупі бар пациенттерге Изофлуранды тағайындау кезінде сақ болған жөн.
Митохондриялық бұзылыстары бар пациенттерге Изофлуранды қоса жалпы анетезияны тағайындау кезінде сақ болған жөн.
Изофлуран басқа да ингаляциялық агенттер сияқты жатырдан қан кетудің әлеуетті қаупімен жатырға релаксантты әсер етеді. Акушерлік операцияларда Изофлуранның ең төмен ықтимал концентрациясын пайдалануды назарға алған жөн.
Қысқа кезең ішінде (3 айдан кем) Изофлуранмен анестезияны қайталауды сақ жүргізген жөн, өйткені қайталанатын анестезияда гепатоуыттылық қаупі толық зерттелген жоқ. Изофлуран бауырдың функциональді жағдайын нашарлатуы мүмкін, бұл бауыр ферменттері белсенділігінің транзиторлы артуымен, және өте сирек, бауырдың өліммен аяқталатын некрозының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Цирроз, вирусты гепатит немесе бұған дейін болған басқа ауыр аурулары галогенделген анестетиктен ерекшеленетін анестетикті таңдаудың себебі болуы мүмкін.
Изофлуран терең анестезияда (1,5%) ми қан айналымының артуына себеп болады, бұл жұлын-ми сұйықтығындағы церебральді қысымның артуына әкеп соғуы мүмкін. Қажет болған жағдайда осы әсерге наркоз алдында немесе наркоз кезінде пациентті асқын желдету арқылы жол берілмеуі немесе тоқтатылуы мүмкін.
Изофлуран бассүйекішілік қысымы жоғарылаған пациенттерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс, мұндай жағдайларда сондай-ақ аскын желдету қажет болуы мүмкін.
ЭЭГ-да өзгерулер және құрысу белсенділігі изофлуранды пайдаланғанда өте сирек.
Гиповолемия, гипотензия және тозуы бар пациенттерде Изофлуранды пайдалану мұқият зерттелген жоқ. Изофлуранның ең төмен концентрациясы осы пациенттерде пайдалану үшін ұсынылады.
Изофлуран миокардты адреналиннің әсеріне, энфлюранға қарағанда, едәуір аз сенсибилизациялайды.
Изофлуран жүйелік және коронарлы артериялардың күшті кеңейткіші болып табылады, артериялық қысымды төмендетеді. Бұл дені сау қалыпты адамдарда оңай басқарылады, бірақ Изофлуран коронарлық артериялар ауруы бар пациенттерде, атап айтқанда, препаратқа өте сезімтал субэндокардиальді ишемиясы бар пациенттерге сақтықпен пайдаланылуы тиіс. Пайдаланылатын анестетиктерге қарамастан қалыпты гемодинамиканы демеу жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде миокард ишемиясының алдын алу үшін маңызды.
Изофлуранды қолданғаннан кейін, жалпы анестезияға арналған басқа да дәрілер сияқты, интеллектуалды функция 2 - 4 күнге төмендейді, көңіл-күйдің аздаған өзгерулері анестезиядан кейін 6 күн бойы байқалуы мүмкін. Бұл ақпаратты пациент қалыпты күнделікті өмірге оралған кезде, соның ішінде көлікті басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс істеу кезінде ескерілуі керек.
Жүйке-бұлшықет шаршауының күшеюін миастения сияқты жүйке-бұлшықет аурулары бар пациенттерде байқауға болады. Изофлуранды бұл пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Изофлуранды бронх түйілуі дамуы мүмкін пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн.
Анестезияның индукциясы кезінде сілекейдің ағыны мен трахеоброниальді сүзіліс артуы мүмкін және ларингоспазмның, әсіресе балаларда себебі болуы мүмкін.
Қатерлі гипертермия
Изофлуранмен анестезияға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде қаңқа бұлшықеттерінің гиперметаболизмдік жағдайын қамтуы мүмкін, ол оттегіні қажет етудің артуымен және қатерлі гипертермия ретінде белгілі клиникалық синдромның пайда болуымен қатарласа жүреді. Бұл синдром бұлшықеттердің сіресуі, тахикардия, тахипноэ, цианоз, аритмия және артериялық қысымның тұрақсыздығы сияқты өзіне тән емес симптомдар мен белгілерді қамтиды. (Спецификалық емес осы белгілердің көбісі беткейлік наркозда, жедел гипоксияларда және басқа да жағдайларда пайда болуы мүмкін екендігін ескерген жөн). Жалпы метаболизмнің күшеюі температураның жоғарылауымен (ол кез келген сәтте кенеттен жоғарылауы мүмкін, бірақ әдетте гипертермия метаболизмнің алғашқы жоғарылау белгісі емес) және СО2 сорылуын қамтамасыз ететін (адсорбент корпусын қыздыратын) аппарат жұмысының күшеюімен білінуі мүмкін.
Оттегінің парциальді қысымы және рН азаюы мүмкін. Сондай-ақ гиперкалиемия және негіздің тапшылығы пайда болуы мүмкін. Изофлуранды қолдану кезінде қатерлі гипертермияның өліммен аяқталуы туралы хабарланған. Емдеу осы синдромның пайда болуын тудырған препараттарды (мысалы, изофлуранды) енгізуді тоқтату, натрий дантроленін вена ішіне енгізуді және демеуші ем жүргізуді қамтиды. Мұндай емге дене температурасын қалыпты мәнге дейін тез төмендетуге арналған шаралар, тыныс алуды және қан айналымын көрсетілімдері бойынша демеу және су-электролиттік және қышқыл-сілтілік бұзылуларды жою жатады. (Осындай науқастарды емдеу жөнінде қосымша ақпарат алу үшін вена ішіне енгізу үшін натрий дантроленін тағайындауға арналған ақпаратты қараңыз). Сондай-ақ бүйрек функциясының жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін, мұндайда несептің бөлініп шығуын мүмкіндігінше демеу қажет.
Периоперациялық гиперкалиемия
Ингаляциялық анестетиктерді пайдалану сарысудағы калий деңгейінің өте сирек артуымен байланысты болған бұл жүрек аритмиясына және балаларда операциядан кейінгі кезеңде өлімге әкеледі.
Латентті, сондай-ақ анық айқын жүрек-бұлшықет ауруы, әсіресе, Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы бар пациенттер ең осал болып табылады. Сукцинилхолинді бірге пайдалану көптеген, алайда барлық осы жағдайлармен байланысты болмаған. Бұл пациенттерде сондай-ақ сарысуда креатинкиназа деңгейінің артуы және кейбір жағдайларда миоглобинурияға сәйкес несептегі өзгерістер байқалған. Қатерлі гипертермияға ұқсастығына қарамастан, бұл пациенттерде бұлшықеттердің сіресуі немесе гиперметаболизмдік жағдай сияқты қатерлі гипертермияның классикалық белгілері немесе симптомдары болмаған. Гиперкалиемияны және резистентті аритмияны жылдам емдеу, сондай-ақ жасырын жүйке-бұлшықет ауруын содан соң бағалау ұсынылады.
Педиатрияда қолданылуы
Изофлуран балаларға туылған сәттен бастап қолданылуы мүмкін. Осы топтағы пациенттермен шектеулі жұмыс тәжірибесіне байланысты кішкентай балаларда Изофлуранды пайдалану кезінде сақ болған жөн. Анестезияның индукциясы кезінде сілекейдің ағыны мен трахеоброниальді сүзіліс артуы мүмкін және ларингоспазмның, әсіресе балаларда, себебі болуы мүмкін.
Жағымсыз біріктірілімдер
Изопреналин және альфа- сияқты бета- симпатомиметикалық препараттар және адреналин мен норадреналин сияқты бета- симпатомиметикалық препараттар қарынша аритмиясының әлеуетті қаупіне байланысты Изофлуранды наркоз кезінде сақтықпен пайдалану керек.
Селективті емес МАО тежегіштері жалпы анестезияның әсерін арттырады. Егер мүмкіндік болса, пациенттер МАО препараттарын қабылдауды күтілген операциядан кем дегенде 15 күн бұрын тоқтатуы тиіс.
Сақтық шараларын қажет ететін біріктірілімдер
Тікелей әсер етпейтін симпатомиметиктер (амфетаминдер және оның туындылары, психостимуляторлар, тәбетті басатын дәрілер, эфедрин және оның туындылары): периоперациялық гипертония қаупі. Жоспарлы операцияға ұшырайтын пациенттерде емдеу операцияға дейін бірнеше күн бұрын тоқтатылуы тиіс.
Адреналин, тері асты немесе қызылиектік инъекциялар кезінде: жүрек жиырылуының жоғары жиілігінің салдарынан күрделі жүрекше аритмияның қаупі, алайда миокардтың адреналинге сезімталдығы галотанға қарағанда Изофлуранды пайдалану кезінде төмен. Осылайша, дозаны шектеу керек, мысалы, ересектер үшін адреналин дозасын 10 минут ішінде 0,1 мг немесе бір сағат ішінде 0,3 мг етіп енгізу қажет. Адреналиннің 5 мкг/кг-дан асатын шырышасты енгізілетін дозалары көптеген қарыншалық аритмияларды тудыруы мүмкін.
Кальций антагонистері, әсіресе дигидропиридин туындылары:
Изофлуран кальций антагонистерін қабылдаған пациенттерде ауыр гипотензияны тудыруы мүмкін.
Кальций антагонистерін ингаляциялық анестетиктермен бір мезгілде қолданғанда аддитивті теріс инотропты әсер ету қаупіне байланысты сақ болу керек.
Бета-блокаторлар: жүрек-қантамыр жүйесінің компенсация реакциялары бета-блокаторлардың әсерінен бұзылуы мүмкін.
CYP2E1 индукторлары
P450 цитохромының CYP2E1 Изоферментінің белсенділігін арттыратын изониазид және алкоголь сияқты дәрілік заттар мен қосылыстар Изофлуранның метаболизмін арттыруы және плазмадағы фторидтің концентрациясын елеулі арттыруға әкелуі мүмкін.
Изофлуран мен изониазидті пайдалану гепатоуытты әсерлердің күшею қаупін арттыруы мүмкін.
Апиындар, бензодиазепиндер және басқа тыныштандыратын дәрілер тыныс алудың бәсеңдеуімен байланысты, сондықтан Изофлуранмен бір уақытта қабылдаған кезде сақ болған жөн. Сукцинилхолинді ингаляциялық анестетиктермен бірге пайдалану сарысудағы калий деңгейінің сирек жоғарылауымен байланысты болған, бұл жүрек аритмиясына және операциядан кейінгі кезеңде балалардың өліміне әкелген.
Изофлуран барлық жалпы қолданыстағы миорелаксанттарды айтарлықтай күшейтеді, бұл әсер деполяризацияланбайтын агенттерті қолданғанда айқын көрінеді. Осылайша, осы препараттардың әдеттегі дозасының 1/3 - 1/2 бөлігін енгізу ұсынылады. Неостигмин деполяризацияланбайтын босаңсытқыштарға әсер етеді, бірақ изофлуранның өзіндік босаңсыту әсеріне әсер етпейді.
ЕАК (ең төмен альвеолярлық концентрация) ересектерде N2O бір уақытта тағайындаған кезде төмендейді.
Изониазид
Изониазид ферменттердің белсенділігін күшейтеді. Изониазидты қабылдап жүрген пациенттер ұшқыр анальгетиктердің гепатоуыттылығына өте сезімтал болуы мүмкін. Егер мүмкін болса, онда изониазидпен емдеуді операциядан 1 апта бұрын тоқтату қажет және операциядан кейін 15 күн өткен соң ғана емдеуді қайта бастауға болады.
Апиындық анальгетиктер
Апиындық анальгетиктер изофлуранның тыныстық депрессиялық әсерін күшейтеді.
100 және 250 мл препараттан бұралатын қара полиэтилен қақпақпен тығындалған янтарь түсті шыны құтыларда. Қақпаққа QR коды бар жапсырма жапсырылады. Қақпақтың астына сақина орнатылады (адаптерді бекіту үшін). Қақпақ және сақина TAMPER EVIDENT жазуы өрнектелген бірінші ашылуын бақылауға арналған мөлдір қорғаныс үлбірмен жабылған.
1 құты медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
30 ℃-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Қақпағы тығыз жабылған құтыда сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.