Қолдану көрсеткіштері
Экзифин кремі емдеу үшін ересектер мен 12 және одан жоғары жастағы балаларда қолдануға арналған:
- Tinea pedis, Tinea corporis немесе Tinea cruris сияқты Trichophyton (мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes ,T. verrucosum, T. violaceum), Microsporum Canis және Epidermophyton floccosum тектес дерматофиттерден туындаған дерматомикоз
- Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur деген атпен де белгілі) туындаған кебек тәрізді теміреткі (Tinea versicolor)
- негізінен Сandida (мысалы, Candida albicans) тектес ашытқы зеңдерінен туындаған дерматомикоздар