Қолдану көрсеткіштері
- салдарлы инфекциямен асқынған дерматоздарда
- табан эпидермофитиясында
- препаратқа сезімтал қоздырғыштар туындатқан дерматомикоздарда (оның ішінде шап аумағында орналасқан).
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- тері туберкулезі, мерездің терідегі көріністері
- желшешек, қарапайым герпес, вакцинациядан кейінгі тері реакциялары
- ашық жаралар
- 2 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен: жүктіліктің І триместрі, балаларға
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Пропиленгликоль
Дәрілік препараттың қосымша заттарының құрамында пропиленгликоль бар, осыған байланысты терінің тітіркенуі мүмкін.
Кандидерм офтальмологияда қолдануға арналмаған. Көз аймағының терісіне жағуға болмайды. Антибиотиктерді ұзақ уақыт жергілікті пайдалану кейде төзімді микрофлоралардың өсуіне әкелуі мүмкін. Осындай жағдайда, сондай-ақ емдеу аясында тітіркену, сенсибилизация немесе суперинфекциялар дамуы орын алса, тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек. Аминогликозидті антибиотиктермен айқаспалы аллергиялық реакциялар байқалған.
Жүйелік глюкокортикостероидтарды қолданған кезде кездесетін, бүйрек үсті безі қызметінің бәсеңдеуін қоса, кез келген жағымсыз әсерлері глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда, әсіресе нәрестелер мен балаларда байқалуы мүмкін.
Егер емдеу дененің үлкен беткейіне жүргізілетін немесе окклюзиялық таңғыштар пайдаланылатын болса, глюкокортикостероидтар немесе гентамициннің жүйелік сіңірілуі жергілікті қолданғанда жоғары болады. Гентамицинді ашық жараларға немесе терінің зақымданған бөліктеріне жағуға болмайды.
Препаратты ұзақ пайдаланған кезде оны біртіндеп тоқтатқан жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы ескертулер

Кандидерм кремін қолдану аясында тітіркену немесе сенсибилизация дамыған кезде емдеуді тоқтатып, тиісті емді бастау керек.
Егер Кандидерм кремі терінің үлкен аймақтарына қолданылса, әсіресе ұзақ емдеу немесе терінің тұтастығы бұзылса, белсенді заттардың жүйелі сіңуі жергілікті қолданған кезде жоғары болады. Бұл жағдайларда белсенді заттарды жүйелі қолдануға тән жағымсыз әсерлері туындауы мүмкін. Осындай жағдайларда балаларда қолданғанда ерекше сақтық танытуға кеңес беріледі.
Кандидерм препаратын аминогликозидті антибиотиктермен бір мезгілде қолданғанда терінің жоғары сіңуі не байланысты кумулятивті уытты әсердің (отоуыттылық, нефроуыттылық) туындау мүмкіндігі туралы есте сақтау керек.
Атап айтқанда, басқа аминогликозидті антибиотиктерге айқаспалы реакция ықтималдығын ескеру керек.
Антибиотиктерді ұзақ уақыт жергілікті қолдану төзімді микрофлораның өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда, сондай-ақ суперинфекция дамыған кезде тиісті емді бастау керек.
Күшті және өте күшті белсенділік класындағы глюкокортикостероидтарды жоғары дозаларда терінің ауқымды учаскелерінде немесе окклюзиялық таңғыш астында жергілікті қолдану, әсіресе бүйрек үсті безі қыртысы функциясының бәсеңдеуі және метаболизмдық бұзылулардың дамуы мүмкіндігін ескере отырып, дәрігердің тұрақты бақылауымен ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Препаратты ашық жараларда және терінің тұтастығы бұзылған жағдайда қолданудан аулақ болу керек.
Мүмкіндігінше 2-3 аптаны құрайтын Кандидерм препаратын үздіксіз қолдану мерзімінен аспау керек.
Өте күшті, күшті және орташа белсенділік класындағы глюкокортикостероидтарды бетке және жыныс мүшелеріне ерекше сақтықпен және 1 аптадан асырмай қолдану керек.
Көздің айналасында тек белсенділігі төмен глюкокортикостероидтарды ғана қолдануға болады (глаукома дамуы мүмкін).
Кортикостероидтар препарат компоненттерінің кез келгеніне аллергиялық реакция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Пациентке осы препаратты тек терінің ағымдағы ауруын емдеу үшін қолданып, препаратты басқа тұлғаларға бермеу керек екенін түсіндіру керек.
Жүйелік және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды (мұрынішілік, ингаляциялық және көзішілік енгізуді қоса) қолдану кезінде көрудің бұзылуы пайда болуы мүмкін. Анық көрмеу немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдардың дамуы кезінде пациент глюкокортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану кезінде бірқатар жағдайларда байқалған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек ауруды қамтитын көрудің бұзылуының ықтимал себептерін анықтау үшін офтальмологтан тексеруден өтуі керек.
Педиатрияда қолдану
Бұл препаратты 2 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.
Балаларда беткей ауданы мен дене салмағының үлкендігі ересектерге қарағанда үлкен болуына байланысты, балалар жергілікті әсер ететін кез келген ГКЖ қолданғанда гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті жүйесі (ГГБЖ) функциясын басу қаупі жоғары болады.
Топикалық глюкокортикостероидтар алған балаларда ГГБЖ жүйесі супрессиясы, Кушинг синдромы, желілі өсудің төмендеуі, дене салмағын қосудың баяулауы және бассүйекішілік гипертензия белгіленді. Балалардағы ГГБЖ функциясын басудың симптомдары қан плазмасындағы кортизолдың төмен деңгейін және ACTH қоздырғышына реакцияның болмауын қамтиды. Бассүйек ішілік қысымның жоғарлауы еңбегінің дүрдиіп шығып кетумен, бастың ауыруымен және көру жүйкесінің екі жақты ісінуімен байқалады.