daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Талдыкоргане қаласындағы Лакрис Таблеткалары 75 Мкг №28 | Laboratorios Leon Farma S.A.

Талдыкоргане қаласындағы Лакрис Таблеткалары 75 Мкг №28 | Laboratorios Leon Farma S.A.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Халықаралық атауы:

Дезогестрел

Өндіруші:

Laboratorios Leon Farma S.A.

Өндіруші ел:

Королевство Испания

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон К-30, RRR-альфа-токоферол, гидратацияланған коллоидты кремний, сусыз коллоидты кремний, стеарин қышқылы қабық: тазартылған су, жабын жүйесі қабық жүйесінің құрамы: гипромеллоза 2910, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е171)

Белсенді заттың дозасы:

75 мкг

Қаптамадағы саны:

28 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- гормональді контрацепцияда

Қарсы көрсеткіштер

- препараттың әсер етуші затына немесе кез келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық

- анықталған немесе болжамды жүктілік, сондай-ақ анамнезінде жатырдан тыс жүктіліктің болуы

- веналық тромбоэмболия (балтырдың тереңдегі веналарының тромбозын, өкпе артерияларының тромбоэмболиясын қоса)

- бауырдың ауыр сырқаты (бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа келгенше)

- гормонға тәуелді, анықталған немесе болжамды қатерлі ісіктер

- этиологиясы анық емес қынаптық қан кетулер

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

Өзара әрекеттесуі

Ішуге арналған контрацептивтер мен басқа да дәрілік препараттар арасындағы өзара әрекеттесулер ациклдік қан кетуді және/немесе контрацепция тиімділігінің болмауын туындатуы мүмкін. Мамандандырылған оқулықта төменде көрсетілген өзара әрекеттесулер (негізінен, біріктірілген контрацептивтермен, бірақ тек құрамында прогестаген бар контрацептивтермен ғана) сипатталған.

Бауырлық метаболизм:

Бауырдың микросомальді ферменттерін индукциялайтын дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулер болуы мүмкін, бұл жыныс гормондарының (гидатоин туындылары (мысалы, фенитоин), барбитураттар (мысалы, фенобарбитал), примидон, карбамазепин және рифампицин клиренстерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін; бұл сондай-ақ окскарбамазепинге, топираматқа, рифабутинге, фелбаматқа, ритонавирге, нелфинавирге, гризеофульвинге және құрамында әдеттегі шайқурай (Hypericum perforatum) бар дәрілік препараттарға да қатысты).

Ең жоғары ферментативтік индукция әдетте 2-3 апта ішінде көрініс бермейді, бірақ одан кейін дәрілік препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін ең жоқ дегенде 4 апта бойы сақталуы мүмкін.

Осы препараттардың қандай да болсын біреуін қабылдап жүрген әйелдерге Лакрис препаратын қолданудан басқа, контрацепцияның бөгеттік әдістерін уақытша пайдалану қажет. Микросомальді ферменттерді және контрацептивтерді индукциялайтын препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда емдеудің барлық курсының ішінде және емдеуді аяқтағаннан кейін 28 күн бойы контрацепцияның бөгеттік әдісін пайдаланған жөн. Микросомальді ферменттерді индукциялайтын препараттармен ұзақ уақыт емделіп жүрген әйелдерде контрацепцияның гормональді емес әдістерін пайдалануды қарастырған жөн.

Белсендірілген көмірмен емдеген кезде таблеткалардан стероидтардың сіңуі азаяды, соған сәйкес контрацепциялық тиімділігі де төмендейді. Мұндай жағдайда таблеткаларды қабылдауды өткізіп алған жағдайдағы сияқты әрекет жасау керек.

Контрацептивтік гормональді препараттардың клиренсіне құбылмалы әсер көрсететін субстанциялар:

Контрацептивтік гормональді препараттармен АИТВ протеаза тежегіштерінің (мысалы, ритонавир, нелфинавир) және кері транскриптаза нуклеозиді емес тежегіштерінің (мысалы, невирапин) көптеген біріктірілімдерін және/немесе С вирустық гепатитін (HCV) емдеу үшін қолданылатын біріктірілімдерін (мысалы, боцепревир, телапревир) бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы прогестин концентрациясын ұлғайтуы немесе азайтуы мүмкін. Бұл өзгерістердің әсері кейбір жағдайларда клиникалық маңызды болуы мүмкін.

Сондықтан, ықтималды дәрілік өзара әрекеттесулерді және осыған байланысты ұсынымдарды анықтау үшін АИТВ-инфекцияларын/С гепатитін емдеуге арналған қатар жүретін препараттардың нұсқамалық ақпаратында ұсынылған ақпаратқа талдау жүргізген жөн. Протеаза тежегіштерін немесе кері транскриптазаның ңуклеозидті емес тежегіштерін қабылдайтын әйелдерге кез келген күмән туындаған жағдайда контрацепцияның қосымша бөгеттік әдісін қолданған жөн.

Контрацептивтік гормональді препараттар клиренсінің төмендеуіне әкелетін субстанциялар (бауырдың микросомалық ферменттерінің тежегіштері), мысалы:

Күшті (мысалы, кетоконазол, итраконазол, кларитромицин) немесе орташа (мысалы, флуконазол, дилтиазем, эритромицин) CYP3A4 ферменттік жүйесінің тежегіштерімен бірге қолдану этоногестрелді, дезогестрелдің белсенді метаболитін қоса, қан сарысуындағы прогестиндердің концентрациясын арттыруы мүмкін.

Лакрис препаратының басқа дәрілік препараттарға әсері

Гормональді контрацептивтер басқа дәрілік препараттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін. Тиісінше, қан плазмасындағы және тіндердегі басқа да әсер етуші заттардың концентрациясы артуы (мысалы, циклоспорин), сондай-ақ төмендеуі (мысалы, ламотриджин) мүмкін.

Ескертпе: ықтимал өзара іс-қимылды қарастыру үшін осы препаратпен бір мезгілде қолданылатын дәрілік препараттарға қатысты ақпаратпен танысу қажет.

Зертханалық зерттеулер

Біріктірілген оральді контрацептивтерді (COCs – combined oral contraceptives) қолдану кезеңінде бауыр, қалқанша без, бүйрекүсті безі және бүйрек функциясының биохимиялық көрсеткіштерін қоса есептегенде, кейбір зертханалық көрсеткіштердің нәтижелеріне қан сарысуындағы (тасымалдаушы) ақуыздардың концентрацияларына (мысалы, глобулин байланыстыратын кортикостероидтар), липидтер/липопротеиндердің фракцияларына, көмірсу алмасудың көрсеткіштері, сондай-ақ қанның ұюының және фибринолиз көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін екендігін көрсетті. Әдетте, бұл көрсеткіштер қалыпты мәндер шегінде қалады. Бұл, сондай-ақ құрамында тек прогестаген бар контрацептивтерге қандай дәрежеде қолданылатыны белгісіз.

Дозалау режимі

Қатарынан 28 күн бойына күніне бір таблеткадан қабылдау қажет.

Енгізу әдісі және жолы

Енгізу жолы:пероральді түрде қолдануға арналған.

Бірінен кейін бірі қабылданатын таблеткалар арасындағы үзіліс 24 сағатты құрауы үшін, таблетканы күн сайын белгілі бір уақытта қабылдаған жөн.

Қабылдау уақыты көрсетілуімен қолдану жиілігі

Алғашқы таблетканы етеккір оралымының алғашқы күні қабылдау керек. Осы сәттен бастап, ықтимал қан кетулерге қарамай-ақ, күн сайын бір таблеткадан үзіліссіз қабылдау керек. Жаңа блистерлі қаптамадан таблеткаларды қабылдауды келесі күні, бұның алдындағы блистерлі қаптаманы бітіргеннен кейін бастаған жөн.

Мұның алдындағы айда гормональді контрацепция болмағанда

Таблеткаларды қабылдауды етіккір оралымының алғашқы күні (яғни етеккірлік қан кетудің бірінші күні) бастау керек.

Таблеткаларды қабылдауды етеккірдің 2-ші күнінен 5-ші күніне дейін бастауға жол беріледі, бірақ мұндай жағдайда алғашқы оралым кезінде таблетка қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның бөгегіш әдістерін қолдану ұсынылады.

Жүктіліктің алғашқы триместріндегі аборттан кейін

Жүктіліктің үшінші триместріндегі аборттан кейін таблеткаларды дереу қабылдай бастау ұсынылады. Бұл жағдайда контрацепцияның қосымша әдістерін қолданудың қажеттілігі жоқ.

Босанғаннан кейін немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан кейін

Препаратты қабылдауды босанудан немесе екінші триместрдегі аборттан кейінгі 21-28-ші күндері бастау ұсынылады. Егер қабылдау кешірек басталса, таблеткаларды қабылдаудың бастапқы 7 күні ішінде контрацепцияның бөгеттік әдісін қосымша пайдалану қажет. Препаратты қабылдау басталғанға дейін жыныстық қатынас орын алса, жүктіліктің бар-жоқтығы анықталуы тиіс немесе алғашқы етеккірді күту қажет.

Контрацепцияның басқа әдістерінен ауысқан жағдайда дәрілік препарат Лакристі қолдану

Ішуге арналған контрацептивтен (біріктірілген гормональді контрацептивтен), жатырішілік емдік жүйеден немесе трансдермальді емдік жүйеден, бұласырдан ауысу

Әйел Лакрис препаратын қолдануды мұның алдындағы ішуге арналған біріктірілген контрацептивтің соңғы белсенді таблеткасын (құрамында әсер етуші заты бар соңғы таблеткаларды) қабылдағаннан кейін келесі күні немесе жатырішілік емдік жүйені немесе трансдермальді емдік жүйені, бұласырды алып тастаған күні бастауы тиіс. Мұндай жағдайда контрацепцияның қосымша әддістерін қолдану қажеттілігі жоқ.

Әйел таблеткаларды, трансдермальді емдік жүйелерді, бұласырларды, жатырішілік емдік жүйелерді қолданудың әдеттегі үзілісінен кейінгі немесе бұның алдында ішуге арналған біріктірілген контрацептивті қабылдағаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей, осы препаратты қолдана бастауы мүмкін, алайда таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күн ішінде контрацепцияның қосымша бөгегіш әдісін қолдану ұсынылады.

Құрамында тек прогестаген ғана бар заттардан (мини-пили, инъекциялар, имплантаттар) немесе прогестагенді босатын шығаратын жатырішілік жүйеден ауысу

Әйел мини-пилиден кез кезген күні, имплантат немесе жатырішілік жүйе жағдайында оның алып тастаған күні, инъекция жағдайында келесі инъекцияны жасауды жалғастыратын күні ауысуы мүмкін.

Таблеткаларды қабылдауды өткізіп алған жағдайда әрекет ету

Егер кейінгі екі таблетканы қабылдау арасында 36 сағаттан астам уақыт өтсе, контрацепцияның тиімділігі азаяды. Егер таблеткаларды қабылдаудағы үзіліс 12 сағатқа жетпесе, өткізіп алған таблетканы мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек, ал келесі таблетканы әдеттегі уақытында қабылдайды. Егер қабылдаудағы үзіліс 12 сағаттан асып кетсе, кейінгі 7 күн ішінде контрацепцияның қосымша әдісін қолданған жөн. Егер таблетканы қабылдауды алғашқы аптада өткізіп алса, ал мұның алдында жыныстық қатынаста болса, жүкті болуы қалуы мүмкін екендігін ескеру керек.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар жағдайындағы шаралар

Асқазан-ішек жолы тарапынан ауыр бұзылулар дамыған жағдайда препараттың сіңуі толық болмауы мүмкін, және контрацепцияның қосымша әдістерін қолдану керек. Егер таблетканың қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде құсу басталса, әсер етуші зат толық сіңбеген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда таблеткаларды қабылдауды өткізіп алған жағдайдағы әрекетке кіріскен жөн.

Дәрілік препаратты қолдануды бақылау

Дәрілік препаратты тағайындар алдында анамнезді мұқият жинастыру және жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау мақсатында гинекологиялық тексеру жасау ұсынылады. Дәрілік препаратты тағайындар алдында пациентте етеккірде бұзылулардың байқалған-байқалмағандығын: етеккірдің мардымсыз болғанын және етеккірдің болмағанын анықтап алу керек. Әрбір жекелеген жағдай үшін бақыланатын зерттеулер арасындағы кезең орын алған жайттарға байланысты. Егер тағайындалған дәрілік препарат білінбеген немесе білінген ауыру барысына ықпалын тигізуі мүмкін болса, бақыланатын зерттеулерді тиісінше жоспарлап алған жөн.

Дәрілік препарат Лакристің жүйелі түрде қабылданғанына қарамастан, етеккірдің бұзылулары байқалуы мүмкін. Егер қан кетулер өте жиі және жүйесіз білінсе, контрацепцияның басқа әдістерін қолдануды қарастырған жөн. Егер симптомдар сақталса, органикалық себептерін анықтап алу керек.

Емдеу кезінде етеккір болмаған жағдайда жүргізілетін шаралар таблеткаларды қолданудың нұсқауларға қаншалықты сәйкес келетіндігіне байланысты және сондай-ақ жүктілікке тесті жүргізуді де қамтуы мүмкін.

Жүкті болған жағдайда дәрілік препаратты қолдануды тоқтату керек.

Пациентке Лакристің АИТВ-инфекциялардан (ЖИТС) және жыныстық жолмен жұғатын басқа да аурулардан қорғай алмайтындығын алдын ала ескерткен жөн.

Дезогестрелді 18 жастан кіші жасөспірімдерге қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады. Қол жетімді ақпараттар жоқ.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің қатысуымен клиникалық сынақтар жүргізілмеген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердің қатысуымен клиникалық сынақтар жүргізілмеген. Бауырдың ауыр ауруы бар пациенттерде стероидты гормондардың метаболизмі бұзылуы мүмкін болғандықтан, Лакрис мұндай диагнозы бар әйелдерге бауыр функциясының мәндері қалпына келгенге дейін тағайындалмайды.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Препаратпен артық дозаланудан кейін, бұның күрделі, залалды әсерлері жөнінде мәлімдемелер жоқ.

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, жас қыздарда қынаптан аздаған қан кетулер.

Емі: симптомдық, антидоты жоқ.

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті үлбірден/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 28 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛакрис таблеткалары 75 мкг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube