daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Талдыкоргане қаласындағы Летрозол Таблеткалары 2,5 Мг №30 | С.К. Синдан-Фарма С.Р.Л.

Талдыкоргане қаласындағы Летрозол Таблеткалары 2,5 Мг №30 | С.К. Синдан-Фарма С.Р.Л.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Летрозол

Өндіруші:

С.К. Синдан-Фарма С.Р.Л.

Өндіруші ел:

Румыния

Белсенді ингредиент:

- пременопаузалық кезеңге тән эндокриндік статус (егер толық менопауза көрсеткіштері болмаса) тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Лапп-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар пременопаузалық эндокриндік статус жүктілік және лактация кезеңі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Белсенді заттың дозасы:

2,5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

сүт безінің ерте сатыдағы инвазивті гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде сүт безінің обырын адъювантты емдеу

алдын ала 5 жыл бойы тамоксифенмен стандартты адъювантты ем қабылдаған, сүт безінің ерте сатыдағы инвазивті гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде адъювантты емді жалғастыру

сүт безінің гормон-позитивті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерде бірінші линиялық ем

алдыңғы терапияда антиэстрогендер қабылдаған әйелдерде постменопаузада (табиғи немесе жасанды түрде туындаған) қайталанудан немесе өршуден кейін сүт безінің кең атарлған обыры

химиялық емдеу қолайлы ем болып табылмаған және шұғыл операциялық араласым көрсетілмеген жағдайда сүт безінің гормон-позитивті, HER-2 негативті обыры бар, менопаузадан кейінгі әйелдерді неоадъювантты емдеу

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- пременопаузалық кезеңге тән эндокриндік статус (егер толық менопауза көрсеткіштері болмаса)

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Лапп-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

пременопаузалық эндокриндік статус

жүктілік және лактация кезеңі

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Өзара әрекеттесуі

Летрозол бауырда, P450 цитохромының - CYP3A4 және CYP2A6 ферменттерінің әсерінен летрозол метаболитіне метаболизденеді. Осылайша, летрозолдың жүйелі шығарылуы CYP3A4 және CYP2A6 изоферменттеріне әсер ететін дәрілік препараттарға тәуелді болады.

Қан сарысуындағы летрозол деңгейін арттыратын дәрілік препараттар.

CYP3A4 және CYP2A6 изоферменттерінің тежегіштері летрозол метаболизмінің төмендеуіне әкеледі, сол арқылы оның қан плазмасындағы концентрациясын арттырады. Летрозолды изоферменттердің белсенділігін бәсеңдететін препараттармен (CYP3A4 - итраконазол, вориконазол, ритонавир, кларитромицин, телитромицин; CYP2A6- метоксален) бір мезгілде қолдану летрозолдың әсерін күшейтуі мүмкін. Бұл препараттарды летрозолмен бірге тағайындағанда сақ болу керек.

Қан сарысуындағы летрозол деңгейін бәсеңдететін препараттар.
CYP3A4 изоферментінің индукторлары летрозолдың метаболизмін күшейтеді, сол арқылы оның қан плазмасындағы концентрациясын азайтады. CYP3A4 изоферментін белсенділендіретін препараттарды (мысалы, фенитоин, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал және шайқурай) бір мезгілде қолдану летрозолдың фармакологиялық әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұны аталған препараттарды летрозолмен бірге тағайындағанда ескерген жөн.

2,5 мг Летрозол-Тева препаратын тәулігіне 20 мг тамоксифенмен бірге тағайындау летрозолдың қан плазмасындағы деңгейін орта есеппен 38% төмендетеді.

Жүйелі плазмалық концентрациялары летрозол арқылы өзгерістерге ұшырайтын дәрілік препараттар.

Летрозол Р450 цитохромының CYP2A6 және CYP2C19 изоферменттерінің белсенділігін бәсеңдетеді (соңғысын орташа). Мұны летрозолды шығарылуы негізінен CYP2C19 изоферментіне байланысты болатын және емдік индексі шектеулі (мысалы, фенитоин, клопидогрел) дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындағанда ескеру қажет.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану. Препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолданбаған дұрыс.

Егде жастағы адамдар. Егде жастағы пациенттерде Летрозол-Тева препаратының дозасын түзету керек емес.

Лактозаның болуына байланысты-қант диабеті бар пациенттерге мұқият тағайындаңыз.

Жүктілік және бала емізу

Летрозол-Тева препаратын жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Постмаркетингтік есептерде аналары Летрозол-Тева препаратын қабылдаған нәрестелерде спонтанды түсік және туа біткен аномалия оқиғалары хабарланды.

Дәрігер олардың постменопаузалық статусын растағанға дейін ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдермен (предменопаузалық кезеңдегі әйелдерді немесе постменопаузалық кезеңге жақында ғана кірген әйелдерді қоса) тиісті контрацепцияны қолдану қажеттілігін талқылау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емдегенде жалпы шаршау, әлсіздік, бас айналуы, ұйқышылдық байқалғандықтан көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Летрозол-Тева препаратының ұсынылатын және тәуліктік дозасы 2,5 мг құрайды. Препараттың тәуліктік дозасын арттыру ұсынылмайды.

Енгізу жолы және тәсілі

Ішке.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Летрозол-Тева препаратын тәулігіне бір рет тамақпен немесе тамақсыз қабылдауға болады, өйткені тамақ препараттың сіңірілуіне әсер етпейді.

Емдеу ұзақтығы

Адъювантты және кеңейтілген адъювантты ем кезінде Летрозол-Тева препаратымен емдеу 5 жыл бойы немесе қайталану басталған сәтке дейін жалғасуы тиіс. Метастаздары бар пациенттерде Летрозол-Тева препаратымен емдеуді аурудың өршу белгілері пайда болғанға дейін жалғастырады.

Неоадъювантты (операция алдындағы) ем кезінде Летрозол-Тева препараты ісіктің тиімді азаюына қол жеткізу үшін 4-8 ай бойы тағайындау ұсынылады. Осы ем тиімсіз болған жағдайда, препаратты тоқтату, операциялық араласым тағайындау және/немесе пациентпен әрі қарай емдеуді талқылау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Летрозол-Тева препаратының артық дозалануы жөнінде қазіргі таңда мәліметтер жоқ.

Симптомдары: артық дозаланған жағдайда препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емдеу: симптоматикалық ем жүргізу.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар

Өткізіп алған дозаны, пациент бұл туралы есіне түсе салысымен бірден қабылдау қажет. Алайда, егер пациент ол жайында келесі дозаны қабылдауға дейінгі аралық жақын қалғанда есіне түссе, өткізіп алған дозаны қабылдамай кестеге сай келесі дозаны қабылдау керек. Екі есе дозаны қолдануға болмайды, өйткені ұсынылған 2,5 мг тәуліктік дозадан жоғары дозаны қабылдау кезінде пропорциональдіден жоғары жүйелі экспозиция байқалған.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Шығарылу түрі

10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ/алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛетрозол таблеткалары 2,5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube