daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Талдыкоргане қаласындағы Тромбопол Таблеткалары 75 Мг №30 | Фармацевтический завод "ПОЛЬФАРМА" АО Производственный отдел в Новой Дембе

Талдыкоргане қаласындағы Тромбопол Таблеткалары 75 Мг №30 |  Фармацевтический завод "ПОЛЬФАРМА" АО Производственный отдел в Новой Дембе

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ішекте еритін қабықпен қапталған, қызғылт түсті, екі беті дөңес дөңгелек таблеткалар

Халықаралық атауы:

Ацетилсалицил қышқылы

Өндіруші:

Фармацевтический завод "ПОЛЬФАРМА" АО Производственный отдел в Новой Дембе

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты (С типі) қабықтың құрамы: гипромеллоза, Acryl-еze® қызғылт: метакрил қышқылының сополимері, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтилцитрат (Е1505), понсо 4R (Е124), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) (Е551), натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты

Белсенді заттың дозасы:

75 мг

Дәрілік түрі:

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 75 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 75.00 мг ацетилсалицил қышқылы,

қосымша заттар: ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты (С типі)

қабықтың құрамы: гипромеллоза, Acryl-еze® қызғылт: метакрил қышқылының сополимері, тальк, титанның қостотығы (Е171), триэтилцитрат (Е1505), понсо 4R (Е124), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) (Е551), натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты

Қолдану көрсеткіштері

жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы.

қайталанған тромбоз профилактикасы.

жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі факторлары болуы мүмкін келесі белгілердің бірі немесе бірнешеуі бар 50 жастан асқан адамдарда тромбоз және жедел коронарлық синдром сияқты жүрек-қантамыр ауруларының бастапқы профилактикасы: гипертония, гиперхолестеринемия, қант диабеті, семіздік (ДСИ > 30) және отбасылық анамнезінде, кем дегенде ата-анасының, ағасының немесе әпкесінің біреуінде 55 жасқа дейін миокард инфарктісі.

Қарсы көрсеткіштер

Тромбопол келесі жай-күйлері/аурулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімде:

салицилаттарға, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе қосымша заттарының кез келгеніне белгілі немесе күдік болған аса жоғары сезімталдық

қан кетулерге бейімділік (К дәруменінің тапшылығы, тромбоцитопения, гемофилия)

белсенді ойық жара ауруы

бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (ШСЖ <0,2 мл/с

(10 мл/мин))

бауыр функциясының ауыр бұзылулары

жүрек функциясының ауыр бұзылулары

жүктіліктің үшінші триместріндегі 100 мг/тәулік астам дозалар

қызбасы бар 15 жасқа дейінгі балалар (Рейе синдромы дамуының қаупі)

Сақтық шаралары

Жағымсыз әсерлердің даму қаупінің жоғарылығына байланысты басқа ҚҚСП бірге Тромбополды ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу керек.

Тромбопол 2 жасқа дейінгі балаларда дәрігердің тағайындауынсыз қолданылмауы тиіс.

Асқазан-ішектен қан кету қаупіне байланысты ауырсыну, қабыну, қызба және ревматизм аурулары жағдайында егде жастағы пациенттерде ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу керек. Жүректің жедел немесе созылмалы ишемиялық ауруы мен инсультті емдеу үшін, сондай-ақ асқазан-ішектен қан кету қаупіне байланысты инсульт пен жүректің ишемиялық ауруының профилактикасы үшін егде жастағы пациенттерде ацетилсалицил қышқылының (АСҚ) төмен дозаларын сақтықпен қолдану керек. 15 жасқа дейінгі балалардағы вирустық инфекцияларды емдеу үшін дәрігердің кеңесі болмай тұрып, құрамында АСҚ бар өнімдер қолданылмауы тиіс. Кейбір вирустық аурулар, әсіресе А тұмауы, В тұмауы және желшешек Рейе синдромының даму қаупімен байланысты, бұл өте сирек кездесетін, бірақ өмірге қауіптілігі зор, дереу емдеуді қажет ететін ауру. Қауіп АСҚ бір мезгілде қолдану жолымен ұлғаюы мүмкін, бірақ себеп-салдарлық байланысы әлі анықталмаған. Егер осы аурулармен байланысты тұрақты түрде құсу пайда болса, бұл Рейе синдромының белгісі болуы мүмкін.

Егер қан кетудің жоғарылау қаупі ишемия қаупінен асып кетсе, жоспарлы хирургиялық араласудан бірнеше күн бұрын төмен дозада емдеуді тоқтату керек пе, соны ескеру қажет.

АСҚ бронх түйілуін тудыруы мүмкін және демікпе ұстамаларын немесе басқа аллергиялық реакцияларды тудыруы ықтимал. Қауіп факторларына бұрыннан бар демікпе, пішен қызбасы, мұрын полиптері және созылмалы респираторлық аурулар жатады. Бұл сондай-ақ басқа дәрілерге аллергиялық реакциялар (мысалы, тері реакциялары, қышыну және есекжем) білінетін пациенттерге де қатысты. Сондықтан Тромбополды басқа анальгетиктерге/қабынуға қарсы препараттарға/ревматизмге қарсы дәрілік затттарға сезімталдығы жоғары пациенттерде және басқа аллергиялары болған кезде ерекше сақтықпен қолдану керек.

Келесі жағдайларда ерекше сақ болу керек:

- асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының аурулары, диспепсияға

бейімділік

- антикоагулянттармен бір мезгілде емдеу (К дәрумені антагонистерімен

және гепаринмен)

- бүйрек функциясының бұзылуы

- бауыр функциясының бұзылуы

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі препараттарды бір уақытта қолданудан аулақ болу керек:

Метотрексат

Ықтимал механизмі: метотрексат клиренсінің төмендеуі.

Әсері: метотрексат уыттылығы (лейкопения, тромбоцитопения, анемия, нефроуыттылық, шырышты қабықтың ойылып жаралануы).

АӨФ тежегіштері

Ықтимал механизмі: простагландиндер синтезінің тежелуі.

Әсері: АӨФ тежегіштері тиімділігінің төмендеуі.

Ацетазоламид

Ықтимал механизмі: ацетазоламид концентрациясының жоғарылауы салицилаттардың қан плазмасынан қоршаған тіндерге таралуына әкелуі мүмкін.

Әсері: ацетазоламидтен туындаған уыттылық (шаршау, сылбырлық, ұйқышылдық, сананың шатасуы, гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоз) және салицилаттардан туындаған уыттылық (құсу, тахикардия, гиперпноэ, сананың шатасуы).

Пробенецид, сульфинпиразон

Ықтимал механизмі: пробенецид және салицилаттардың жоғары дозалары (> 500 мг) несеп қышқылы шығарылуына ықпал ететін әр препараттың әсерін өзара бөгейді.

Әсері: несеп қышқылы экскрециясының төмендеуі.

Арнайы нұсқаулар

Қосымша заттар

Бұл дәрілік препараттың әр таблеткасының құрамында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.

Тромбопол құрамында аллергиялық реакция тудыруы мүмкін понсо 4R (Е124) бояғышы бар.

Педиатрияда қолдану

жасқа дейінгі балаларда дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға

болмайды.

Қызбасы бар 15 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды

Жүктілік немесе лактация кезінде

Төмен дозалар (тәулігіне 100 мг дейін)

Клиникалық зерттеулер тәулігіне 100 мг-ға дейінгі дозалардың арнаулы бақылауды қажет ететін, белгілі бір акушерлік жағдайларда қолдануға қауіпсіз болатынын көрсетеді.

Тәулігіне 100-500 мг дозалар

Күніне 100-ден 500 мг-ға дейінгі дозаларда клиникалық тәжірибе жеткіліксіз, сондықтан тәулігіне 500 мг немесе одан жоғары дозаға арналған ұсыныстарды орындау қажет (төменде келтірілген).

Күніне 500 мг немесе одан жоғары дозалар

Үшінші триместрде:

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер:
Жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы

150 мг бастапқы доза ретінде, сонан кейін күнделікті 75 мг.
Жедел миокард инфаркті/тұрақсыз стенокардия

Алғашқы симптомдар пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек 150-450 мг.

Қайталанатын тромбоздар профилактикасы

150 мг бастапқы доза ретінде, сонан кейін күнделікті 75 мг.

50 жастан асқан пациенттер

Жүрек-қан тамыр аурулары дамуының ерекше қаупі болғанда бастапқы профилактика:

Күнделікті 75 мг.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

2 жасқа дейінгі балаларда дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға болмайды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылмауы тиіс. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету қажет болуы мүмкін .

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде қолданылмауы тиіс (шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) <0,2 мл / с (10 мл/мин)). Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды тамақтан кейін, оларды тұтасымен жұта отырып қабылдау керек.

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды қолданғанда ацетилсалицил қышқылының (АСҚ) асқазанға жағымсыз реакциялары азаяды. Сондықтан, ешқандай жағдайда ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды бөлуге болмайды.

Емдеу ұзақтығы

Ұзақ пайдаланған кезде препаратты болуы мүмкін ең аз дозада қолдану керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Уыттылық
Қауіпті дозасы
Ересектер: 300 мг/кг.

Балалар: 2 күннен астам уақыт бойы күніне 100 мг/кг қарағанда, бір доза 150 мг/кг немесе одан көп.

Әдетте, салицилаттармен жеңіл дәрежедегі созылмалы улану тек жоғары дозаларды ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ғана пайда болады.

Симптомдары

Салицилаттармен созылмалы улану әдетте тек жоғары дозаларды ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ғана пайда болады.

Қызба, тахипноэ, құлақтағы шуыл, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, сылбырлық, орташа сусыздану, жүрек айнуы және құсу.
Салицилаттармен ауыр немесе жедел уланудың симптомдары гипогликемия (әсіресе балаларда), энцефалопатия, кома, гипотензия, өкпе ісінуі, құрысулар, коагулопатиялар, мидың ісінуі және жүрек ырғағының бұзылуы болып табылады.

АСҚ жедел уыттану (>300 мг/кг) көбінесе жедел бүйрек жеткіліксіздігін тудырады, ал 500 мг/кг-дан жоғары дозалар өлімге әкелуі мүмкін.

Уыттану әдетте созылмалы артық дозаланған пациенттерде немесе дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдайтындарда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде немесе балаларда ауырлау болады.

Емі

АСҚ жедел артық дозалануы жағдайында асқазан босатылуы тиіс. Егер 120 мг/кг-дан астам қабылданды деген күдік болса, белсендірілген көмірдің қайталама дозалары енгізілуі мүмкін. Сарысулық салицилат қабылдағаннан кейін кем дегенде әр 2 сағат сайын және салицилат деңгейі тұрақты төмендей бастағанға дейін, ал қышқыл-сілтілік теңгерім жақсарғанға дейін өлшенуі тиіс.

Протромбиндік уақыт және/немесе халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ), атап айтқанда, егер қан кетуге күдік болса, бақылануы тиіс.
Су-электролит теңгерімі қалпына келтірілуі керек. Сілтілік диурез және гемодиализ плазмадан салицилатты шығарудың тиімді әдісі болып табылады. Гемодиализ ауыр уыттану жағдайында қарастырылуы тиіс, өйткені ол салицилат клиренсін тез арттырады және қышқыл-сілтілік және су-тұз теңгерімін қалпына келтіреді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз.

Артық дозалану

Уыттылық
Қауіпті дозасы
Ересектер: 300 мг/кг.

Балалар: 2 күннен астам уақыт бойы күніне 100 мг/кг қарағанда, бір доза 150 мг/кг немесе одан көп.

Әдетте, салицилаттармен жеңіл дәрежедегі созылмалы улану тек жоғары дозаларды ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ғана пайда болады.

Симптомдары

Салицилаттармен созылмалы улану әдетте тек жоғары дозаларды ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін ғана пайда болады.

Қызба, тахипноэ, құлақтағы шуыл, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, сылбырлық, орташа сусыздану, жүрек айнуы және құсу.
Салицилаттармен ауыр немесе жедел уланудың симптомдары гипогликемия (әсіресе балаларда), энцефалопатия, кома, гипотензия, өкпе ісінуі, құрысулар, коагулопатиялар, мидың ісінуі және жүрек ырғағының бұзылуы болып табылады.

АСҚ жедел уыттану (>300 мг/кг) көбінесе жедел бүйрек жеткіліксіздігін тудырады, ал 500 мг/кг-дан жоғары дозалар өлімге әкелуі мүмкін.

Уыттану әдетте созылмалы артық дозаланған пациенттерде немесе дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдайтындарда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде немесе балаларда ауырлау болады.

Емі

АСҚ жедел артық дозалануы жағдайында асқазан босатылуы тиіс. Егер 120 мг/кг-дан астам қабылданды деген күдік болса, белсендірілген көмірдің қайталама дозалары енгізілуі мүмкін. Сарысулық салицилат қабылдағаннан кейін кем дегенде әр 2 сағат сайын және салицилат деңгейі тұрақты төмендей бастағанға дейін, ал қышқыл-сілтілік теңгерім жақсарғанға дейін өлшенуі тиіс.

Протромбиндік уақыт және/немесе халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ), атап айтқанда, егер қан кетуге күдік болса, бақылануы тиіс.
Су-электролит теңгерімі қалпына келтірілуі керек. Сілтілік диурез және гемодиализ плазмадан салицилатты шығарудың тиімді әдісі болып табылады. Гемодиализ ауыр уыттану жағдайында қарастырылуы тиіс, өйткені ол салицилат клиренсін тез арттырады және қышқыл-сілтілік және су-тұз теңгерімін қалпына келтіреді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Өте жиі

қан кетудің ұзартылған уақыты

тромбоциттер агрегациясының тежелуі

қыжыл, қышқылдық рефлюкс, іштің ауыруы

Жиі

қан кетуге жоғары бейімділік

бас ауруы

демікпесі бар пациенттердегі бронх түйілуі

асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігіндегі эритема және эрозия, жүрек айну, диспепсия, құсу, диарея

ұйқысыздық

Жиі емес

жасырын қан кету

вертиго (бас айналуы), ұйқышылдық

құлақтағы шуыл

Шығарылу түрі

ПВХ/ПВДХ (поливинилхлоридті/поливинилденхлоридті) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.

Пішінді ұяшықты 3 немесе 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Дәрілік препараты бар қорапшаларды картон қораптарға салады

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада

сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

1 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Талдыкорган қаласындағы «тромбопол таблеткалары 75 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

018036054072090012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-08
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладытромбопол таблеткалары 75 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube