Қолдану көрсеткіштері
қақырық түзілуінің және шығуының бұзылуымен қатар жүретін тыныс алу жолдарының (бронх және өкпе) жедел және созылмалы аурулары кезіндегі секретолитикалық ем
қақырық түзілуінің және шығуының бұзылуымен қатар жүретін тыныс алу жолдарының (бронх және өкпе) жедел және созылмалы аурулары кезіндегі секретолитикалық ем
ацетилцистеинге немесе препараттың басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
асқазан мен он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жара ауруы
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
жүктілік және лактация кезеңі
2 жасқа дейінгі балалар (200 мг доза үшін)
18 жасқа дейінгі балалар (600 мг доза үшін)
Сақтықпен тағайындайды: асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, қан түкіру, өкпеден қан кету, фенилкетонурия, бронх демікпесі, бүйрек үсті безі аурулары, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Ацетилцистеинді қолдану кезінде бронх демікпесі бар пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет. Бронх түйілуі туындағанда ацетилцистеин қабылдауды тоқтату қажет.
Ацетилцистеинді бронх демікпесі, анамнезінде асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасы бар пациенттерде, әсіресе асқазанға жағымсыз әсерлері белгілі препараттарды бір уақытта қабылдайтын пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек.
Бауыр және бүйрек аурулары бар пациенттерде сақтықпен тағайындау керек.
Ацетилцистеинді қолданған кезде өте сирек жағдайларда терінің ауыр аллергиялық реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы) туындауы байқалған. Терінің аллергиялық реакциялары туындаған жағдайда ацетилцистеинді қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Гистамин жақпаушылығы бар пациенттер ацетилцистеинді қысқа курстармен қабылдауы керек, өйткені гистаминнің өзінің метаболизміне ықпал етумен жақпаушылық симптомдары (мысалы, бас ауыру, мұрынның бітелуі, қышыну) туындауы мүмкін.
Күкірт тәрізді иістің болуы Ацетилцистеин Вива Фарм препаратының өзгеруін көрсетпейді, ол оның құрамында белсенді зат ацетилцистеиннің болуымен байланысты.
Ацетилцистеин қолдану, әсіресе емдеудің басында бронхта қақырықтың сұйылуына және бір мезгілде оның көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Егер пациент қақырықты шығара алмайтын болса, қақырық іркілуін болдырмас үшін постуральді дренаж немесе аспирация қолданылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ацетилцистеинді және жөтелге қарсы дәрілерді бір мезгілде қолдану, жөтел рефлексінің азаюы салдарынан, қауіпті секреторлы іркілуді тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл препаратты біріктірілген емде қолданбаған жөн.
Бұл препараттарды қолданғанда антибиотиктер тиімділігінің төмендеуі байқалған кезде in vitro сынақтарға жататын антибиотиктер мен ацетилцистеин арасындағы өзара әрекеттесу туралы ақпарат бар. Алайда, сақтық шарасы ретінде пероральді антибиотиктерді ацетилцистеин қолданғаннан кейін кемінде екі сағаттан соң қабылдау ұсынылады.
Нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір уақытта қолдану күрделі гипотензияны туындатады және бас ауыруы ықтималдығымен самай артериясының уақытша дилатациясына әкеледі.
Егер нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір уақытта қолдану қажет деп есептелсе, онда пациентте күрделі болуы мүмкін және бас ауыруы түрінде байқалатын гипотензияның даму мүмкіндігін мониторингілеу керек.
Басқа препараттарды Ацетилцистеин Вива Фарм препаратының ерітіндісінде ерітпеу ұсынылады.
Ацетилцистеин салицилаттарды анықтаудың колориметриялық мөлшерлік талдауына әсер етуі мүмкін.
Ацетилцистеин несеп талдауы кезінде кетон денелері талдауының нәтижелеріне әсер етуі ықтимал.
Арнайы ескертулер
Қант диабеті бар пациенттерге арналған нұсқау:
1 пакетте 2 г артық сахароза бар.
Ацетилцистеиннің секретолитикалық әсері жеткілікті сұйықтық қабылдаумен сақталып тұрады.
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге сахароза болуына байланысты Ацетилцистеин Вива Фарм препаратын қабылдауға болмайды.
Емдеу курсының ұзақтығы жедел аурулар кезінде 5-тен 10 күнге дейінді, созылмалы аурулары емдеуде – бірнеше айға дейінді құрайды (дәрігердің ұсынымы бойынша).
Жүктілік және лактация кезеңі
Ацетилцистеинді жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.

Дозалау режимі
Ацетилцистеин Вива Фарм препараты ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ болып табылады.
2-ден 6 жасқа дейінгі балалар:
1 пакет ұнтақтан (200 мг) тәулігіне 1 рет (тәулігіне 200 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді).
6-дан 18 жасқа дейінгі балалар:
1 пакет ұнтақтан (200 мг) тәулігіне 2 рет (тәулігіне 400 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді).
Ересектер:
1 пакет ұнтақтан (200 мг) тәулігіне 3 рет немесе 1 пакет ұнтақтан (600 мг) тәулігіне 1 рет (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді).
Қолдану тәсілі
Ерітіндіні дайындау:
Ішке қабылдауға арналған ерітінді дайындау үшін 1 пакеттің ішіндегісін 200 мл жылы суда ерітеді. Препаратты тамақтануға байланыссыз қабылдайды.
Жедел аурулар кезіндегі емдеу курсының ұзақтығы 5 күннен 10 күнге дейін, созылмалы ауруларды емдегенде – бірнеше айға дейін (дәрігердің ұсынымы бойынша).
Артық дозалану кезінде қажетті қолдану шаралары
Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, балаларда гиперсекреция туындау қаупі болады.
Емі: симптоматикалық. Арнайы антидоты жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша медициналық қызметкерден кеңес алу ұсыныстар
Егер дәрілік препараттың қолдану тәсілі түсініксіз болса, медициналық қызметкерден кеңес алыңыз.
3 г көп қабатты ламинацияланған полимер материалдан жасалған пакетте.
20 (200 мг үшін) немесе 10 (600 мг үшін) пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.