daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ацикловир Белупо Таблеткалары 400 Мг №35 | БЕЛУПО, лекарства и косметика

Таразе қаласындағы Ацикловир Белупо Таблеткалары 400 Мг №35 | БЕЛУПО, лекарства и косметика

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Бір жақ бетінде сызығы бар, бозаң-қызғылт түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, эллипс пішінді таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Ацикловир

Өндіруші:

БЕЛУПО, лекарства и косметика

Өндіруші ел:

Республика Хорватия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: повидон, натрий крахмалы гликоляты (А типі), микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты; үлбірлі қабықтың құрамы Opadry Pink OY-24926: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) сары тотығы (Е172). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Бір жақ бетінде сызығы бар, бозаң-қызғылт түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, эллипс пішінді таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

400 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг

Қаптамадағы саны:

35 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- бастапқы және қайталанатын генитальді герпесті қоса, 1 және 2 типті herpes simplex қарапайым герпес вирустарынан (ҚГВ) туындаған тері мен шырышты қабықтарды емдеу (иммунитеті әлсіреген балаларда неонатальді ҚГВ және ауыр формадағы ҚГВ қоспағанда)

- иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялар қайталануының профилактикасы

- иммун тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирустарынан туындаған инфекциялардың профилактикасы

- желшешек (varicella) және белдемелі герпес (herpes zoster) вирустарынан туындаған инфекцияларды емдеу

Қарсы көрсеткіштер

- ацкиловирге, валацикловирге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Ацикловир бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет.

Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының ықтимал төмендеуіне байланысты ацикловир дозасын түзету қажет.

Пациенттердің екі тобында да неврологиялық жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары. Осы себепті емдеу барысын бақылау қажет. Көрсетілген реакциялар тіркелген жағдайларда әдетте қайтымды сипатта болды және препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалып кетті.

Иммун тапшылығы ауыр пациенттерде ацикловирмен ұзақ немесе қайталап емдеу курстары ацикловирге сезімталдығы төмен вирус штаммдарының пайда болуына әкелуі мүмкін, олар ацикловирмен емдеуді жалғастыруға жауап бермеуі мүмкін.

Ацикловирдің жоғары дозаларын алатын пациенттерде тиісті гидратацияны қамтамасыз ету қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі қаупі басқа нефроуытты препараттармен қолданғанда артады.

Олардың негізінде желшешекті ацикловирмен емдеу иммундық статусы қалыпты пациенттерде аурулардың асқыну жиілігін төмендетеді деген қорытынды жасауға болатын клиникалық зерттеулердің қажетті деректері жоқ.

Қосымша заттар

Бұл дәрілік препараттың құрамындағы натрий бір дозаға 1 ммольден (23 мг) кем және іс жүзінде құрамында натрий жоқ деп саналады.

Өзара әрекеттесуі

Ацикловир өзгермеген түрде несеппен, бүйректік өзекшелік белсенді секреция жолымен шығарылады. Сондықтан, ацикловир және осы жолмен шығарылатын басқа да препаратты бір мезгілде қабылдағанда, плазмада ацикловир концентрациясының жоғарылауы мүмкін.

Пронебецид және циметидин осы механизм арқылы ацикловирдің AUC ұлғаюын туындатады және ацикловирдің бүйрек клиренсін төмендетеді.

Ацикловирдің және микофенолат мофетилдің белсенді емес метаболитінің, трансплантациядан өткен пациенттерде пайдаланылатын иммуносупрессорлық әсер ететін препарат, бір мезгілде қолдану кезінде AUC мәнінің ұқсас жоғарылауы байқалады. Дегенмен де, ацикловирдің кең емдік индексіне байланысты дозасын түзету қажет емес.

Бес ер пациенттің қатысуымен жүргізілген эксперименттік зерттеу ацикловир мен теофиллинді бір мезгілде қолданғанда теофиллиннің AUC шамамен 50 %-ға артады деп болжайды. Ацикловирді бір мезгілде қабылдаумен теофиллиннің плазмалық концентрациясын өлшеу ұсынылады.

Шығарылу түрі

7 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАцикловир Белупо таблеткалары 400 мг №35 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube