daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Advantan Майлы Жақпа 0,1% 15 Г | LEO Pharma Manufacturing Italy S.r.l.

Таразе қаласындағы Advantan Майлы Жақпа 0,1% 15 Г | LEO Pharma Manufacturing Italy S.r.l.
Сипаттама:

Ақтан сарғыш түске дейінгі жартылай мөлдір майлы жақпамай.

Халықаралық атауы:

Метилпреднизолон ацепонаты

Өндіруші:

LEO Pharma Manufacturing Italy S.r.l.

Өндіруші ел:

Итальянская Республика

Белсенді ингредиент:

- препаратты жағатын аумақтағы туберкулездік немесе мерездік үдерістер - препаратты жағатын аумақтағы вирустық аурулар (мысалы, желшешек, белдемелі теміреткі) - препаратты жағатын аумақтағы розацеа, периоральді дерматит, ойық жаралар, безеу бөртпелері, терінің атрофиялық аурулары, вакцинациядан кейінгі тері реакциялары Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары Адвантан® майлы жақпамайын қолданған кезде препараттың көзге, терең ашық жаралар мен шырышты қабықтарға түсуін болдырмас үшін сақ болу керек. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Анықталмаған. Арнайы ескертулер Бактериялық дерматоздар және/немесе дерматомикоздар болғанда Адвантан® майлы жақпамайын еміне қосымша арнайы бактерияларға қарсы немесе микозға қарсы ем жүргізу қажет. Глюкокортикоидтарды жергілікті қолданғанда жергілікті тері инфекциялары өршуі мүмкін. Розацеа және периоральді дерматит болған кезде препаратты бетке қолдануға болмайды. Адвантан® майлы жақпамайын окклюзиялық таңғыш болмаған кезде балаларда үлкен беткейлерге (тері беткейнің 40-90%-ы) қолданғанда бүйрек үсті бездері функциясының бұзылуы байқалмайды. Адвантан майлы жақпамайын қолданған кезде препараттың көзге, терең ашық жаралар мен шырышты қабықтарға түсуін болдырмас үшін сақ болу керек. Окклюзиялық таңғыш астына жақпамай жағумен терінің ауқымды жерлерін емдеу жағдайында емдеу ұзақтығы ең аз мерзіммен шектелуі тиіс, себебі препараттың сіңірілуі немесе жүйелі әсерін толығымен жоққа шығару мүмкін емес. Барлық кортикостероидтарды қолданғандағы секілді, дұрыс қолданбау клиникалық симптоматиканы бүркемелеуі мүмкін. Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс көп мөлшерде ауқымды тері беткейіне немесе ұзақ уақыт бойы жағу, әсіресе окклюзиялық таңғыш астына, жүйелік жағымсыз әсерлердің даму қаупін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Памперстердің окклюзиялық әсер беруі мүмкін екендігін ескерген жөн. Жүйелік кортикостероидтарды қолданған кездегідей, жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін (мысалы, үлкен дозалардан, немесе препаратты ұзақ уақыт бойы ауқымды жаққан, окклюзиялық таңғыштарды ұзақ қолданған немесе препаратты көз айналысына жаққан кезде) глаукоманың дамуы ықтимал. Көрудің бұзылуы туралы жүйелік немесе жергілікті кортикостероидтарды пайдалану кезінде хабарлануы мүмкін. Препаратты теріге, әсіресе ұзақ уақыт бойы пайдалану сенсибилизация құбылысын тудыруы мүмкін. Жүктілік және лактация кезінде Жүктілік кезеңінде препаратты қолдану жөнінде талапқа сай деректер жоқ. Әдетте, жүктіліктің бірінші триместрі кезінде құрамында кортикостероидтары бар жергілікті препараттарды пайдаланбаған жөн. Сондай-ақ жүктілік уақытында препаратты терінің ауқымды беткейіне жақпаған, ұзақ қолданбаған немесе окклюзиялық таңғыш астына жақпаған дұрыс. Аналары жүктіліктің бірінші триместрі кезінде глюкокортикоидтармен ем қабылдаған жаңа туған нәрестелерде таңдай жырығы даму қаупі жоғары болуы мүмкіндігін көрсететін эпидемиологиялық деректер бар. Адвантан® майлы жақпамайымен емдеуге арналған жүктілік кезеңіндегі клиникалық көрсетілімдер кезінде емнің анаға ықтимал қаупі мен күтілетін пайдасын мұқият таразылау қажет. Метилпреднизолон ацепонатының, мәлімделгендей емшек сүтімен бөлінуі мүмкін жүйелік кортикостероидтар сияқты емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Адвантан® майлы жақпамайын жергілікті қолдану емшек сүтінде анықталуы үшін жеткілікті болатындай метилпреднизолон ацепонатының жүйелі жеткілікті сіңірілуіне әкелетін-әкелмейтіні белгісіз. Сондықтан препаратты бала емізетін әйелдерге тағайындағанда сақтық танытқан жөн. Емшек емізетін аналардың сүт безіне препаратты жағуға болмайды. Препаратты терінің ауқымды беткейлеріне жағуға, ұзақ қолдануға немесе лактация кезеңінде окклюзиялық таңғыш астына жағуға болмайды. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Әсер етпейді

Белсенді заттың дозасы:

0,1%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- эндогенді экземада (атопиялық дерматитте, нейродермитте)

- жанаспалы дерматитте

- дегенеративті экземада

- дисгидроздық экземада

- нумулярлы экземада (микробтық экземада)

- шығу тегі белгісіз экземада

- балалардағы экземада

Қарсы көрсеткіштер

- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- препаратты жағатын аумақтағы туберкулездік немесе мерездік үдерістер

- препаратты жағатын аумақтағы вирустық аурулар (мысалы, желшешек, белдемелі теміреткі)

- препаратты жағатын аумақтағы розацеа, периоральді дерматит, ойық жаралар, безеу бөртпелері, терінің атрофиялық аурулары, вакцинациядан кейінгі тері реакциялары

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Адвантан® майлы жақпамайын қолданған кезде препараттың көзге, терең ашық жаралар мен шырышты қабықтарға түсуін болдырмас үшін сақ болу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Арнайы ескертулер

Бактериялық дерматоздар және/немесе дерматомикоздар болғанда Адвантан® майлы жақпамайын еміне қосымша арнайы бактерияларға қарсы немесе микозға қарсы ем жүргізу қажет.

Глюкокортикоидтарды жергілікті қолданғанда жергілікті тері инфекциялары өршуі мүмкін.

Розацеа және периоральді дерматит болған кезде препаратты бетке қолдануға болмайды.

Адвантан® майлы жақпамайын окклюзиялық таңғыш болмаған кезде балаларда үлкен беткейлерге (тері беткейнің 40-90%-ы) қолданғанда бүйрек үсті бездері функциясының бұзылуы байқалмайды.

Адвантан майлы жақпамайын қолданған кезде препараттың көзге, терең ашық жаралар мен шырышты қабықтарға түсуін болдырмас үшін сақ болу керек.

Окклюзиялық таңғыш астына жақпамай жағумен терінің ауқымды жерлерін емдеу жағдайында емдеу ұзақтығы ең аз мерзіммен шектелуі тиіс, себебі препараттың сіңірілуі немесе жүйелі әсерін толығымен жоққа шығару мүмкін емес.

Барлық кортикостероидтарды қолданғандағы секілді, дұрыс қолданбау клиникалық симптоматиканы бүркемелеуі мүмкін.

Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс көп мөлшерде ауқымды тері беткейіне немесе ұзақ уақыт бойы жағу, әсіресе окклюзиялық таңғыш астына, жүйелік жағымсыз әсерлердің даму қаупін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Памперстердің окклюзиялық әсер беруі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Жүйелік кортикостероидтарды қолданған кездегідей, жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін (мысалы, үлкен дозалардан, немесе препаратты ұзақ уақыт бойы ауқымды жаққан, окклюзиялық таңғыштарды ұзақ қолданған немесе препаратты көз айналысына жаққан кезде) глаукоманың дамуы ықтимал.

Көрудің бұзылуы туралы жүйелік немесе жергілікті кортикостероидтарды пайдалану кезінде хабарлануы мүмкін.

Препаратты теріге, әсіресе ұзақ уақыт бойы пайдалану сенсибилизация құбылысын тудыруы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік кезеңінде препаратты қолдану жөнінде талапқа сай деректер жоқ.

Әдетте, жүктіліктің бірінші триместрі кезінде құрамында кортикостероидтары бар жергілікті препараттарды пайдаланбаған жөн. Сондай-ақ жүктілік уақытында препаратты терінің ауқымды беткейіне жақпаған, ұзақ қолданбаған немесе окклюзиялық таңғыш астына жақпаған дұрыс.

Аналары жүктіліктің бірінші триместрі кезінде глюкокортикоидтармен ем қабылдаған жаңа туған нәрестелерде таңдай жырығы даму қаупі жоғары болуы мүмкіндігін көрсететін эпидемиологиялық деректер бар.

Адвантан® майлы жақпамайымен емдеуге арналған жүктілік кезеңіндегі клиникалық көрсетілімдер кезінде емнің анаға ықтимал қаупі мен күтілетін пайдасын мұқият таразылау қажет.

Метилпреднизолон ацепонатының, мәлімделгендей емшек сүтімен бөлінуі мүмкін жүйелік кортикостероидтар сияқты емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз.

Адвантан® майлы жақпамайын жергілікті қолдану емшек сүтінде анықталуы үшін жеткілікті болатындай метилпреднизолон ацепонатының жүйелі жеткілікті сіңірілуіне әкелетін-әкелмейтіні белгісіз. Сондықтан препаратты бала емізетін әйелдерге тағайындағанда сақтық танытқан жөн.

Емшек емізетін аналардың сүт безіне препаратты жағуға болмайды. Препаратты терінің ауқымды беткейлеріне жағуға, ұзақ қолдануға немесе лактация кезеңінде окклюзиялық таңғыш астына жағуға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Әдетте, препаратты терінің зақымданған бөлігіне тәулігіне 1 рет жұқалап жағады.

Емдеу ұзақтығы

Әдетте, Адвантан® майлы жақпамайымен емдеу ұзақтығы ересектер үшін 12 аптадан аспауы тиіс.

Бала жасындағы пациенттер

Адвантан® майлы жақпамайын балаларға тағайындаған кезде дозаны түзету талап етілмейді. Әдетте, Адвантан® майлы жақпамайымен балалардағы емдеу ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Препараттың жедел уыттылығын зерттеген кезде теріге бір рет шамадан тыс қолданғанда (сіңуіне қолайлы жағдайда препаратты ауқымды көлемге жаққанда) немесе кездейсоқ ішке қабылдағанда жедел уланудың қандай да бір қаупі анықталмаған.

Шығарылу түрі

15 г майлы жақпамайдан бұрандалы пластмасса қақпағы бар алюминий сықпаларда. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Салмағы

15 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыAdvantan майлы жақпа 0,1% 15 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube