daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Альбумин Адам Құтысы 5% 100 Мл | Такеда Мануфактуринг Италия С.п.А

Таразе қаласындағы Альбумин Адам Құтысы 5% 100 Мл | Такеда Мануфактуринг Италия С.п.А

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір, сәл тұтқыр ерітінді; іс жүзінде түссіз, сарыдан қоңырға немесе жасыл түске дейін.

Өндіруші:

Такеда Мануфактуринг Италия С.п.А

Өндіруші ел:

Италия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: каприл қышқылы, N-ацетилтриптофан, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір, сәл тұтқыр ерітінді; іс жүзінде түссіз, сарыдан қоңырға немесе жасыл түске дейін.

Белсенді заттың дозасы:

5%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Адам альбумині препараты коллоидты ерітінділерді қолдану көлемінің жеткіліксіздігі мен орындылығы кезінде айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру және ұстап тұру үшін ұсынылады.

Синтетикалық коллоидты ерітінділердің орнына Адам альбумині препаратын таңдау пациенттің клиникалық жағдайымен, сондай-ақ медициналық көмек көрсету стандарттарымен айқындалады.

Қарсы көрсеткіштер

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Өзара әрекеттесуі

Адам альбумині препаратының басқа дәрілік заттармен спецификалық өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда қолданғанда Адам альбумині препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Жүктілік және лактация кезінде

Адам альбумині препаратының жүкті әйелдерде және бала емізетін әйелдерде қолдану кезіндегі қауіпсіздігі бақыланатын клиникалық зерттеулерде зерттелмеген. Алайда адам қанының табиғи компоненті - адам альбуминін қолданудың клиникалық тәжірибесі жүктілік кезінде, шаранаға немесе жаңа туған нәрестеге зиянды әсерлердің болмауын болжауға мүмкіндік береді.

Фертильділігі

Бақыланатын клиникалық зерттеулерде адам альбуминінің фертильділікке әсері зерттелмеген.

Клиникаға дейінгі зерттеулердің деректері ұрпақ өрбітуге, эмбрион немесе ұрықтың дамуына, жүктілік ағымына, перинаталды және постнатальды дамуға қатысты қауіпсіздікті бағалау үшін жеткіліксіз.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Адам альбумині препаратын қолдану көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі.

Адам альбумині препаратының концентрациясы, дозасы және оны енгізу жылдамдығы пациенттің көрсетілімдері мен жағдайына сәйкес жеке таңдалады.

Енгізуге қажетті доза пациенттің дене салмағына, жарақаттың немесе аурудың ауырлығына және сұйықтық пен ақуыздың жалғасқан жоғалуына байланысты. Енгізуге қажетті доза плазмадағы альбумин концентрациясы негізінде емес, айналымдағы қан көлемінің талапқа сай деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде айқындалады.

Адам альбумині препаратын енгізген кезде өкпе ісінуінің алдын алу үшін тыныс алу функциясын, бассүйекішілік қысымның артуын болдырмау үшін пациенттің неврологиялық жағдайын, сондай-ақ гемодинамикалық көрсеткіштерді бақылау қажет:

- артериялық қысым және тамыр соғысының жиілігі,

- орталық веналық қысым,

- өкпе артериясының қарысу қысымы,

- диурез,

- электролиттер концентрациясы,

- гематокрит / гемоглобин,

- жүрек / өкпе жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері (мысалы, ентігу),

- бассүйекішілік қысымның жоғарылауының клиникалық белгілері (мысалы, бас ауыру).

Енгізу әдісі мен жолы

Адам альбумині препараты сұйылтылмаған немесе изотониялық ерітіндіде алдын ала сұйылтылған (5% декстроза ерітіндісі немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісі) күйінде вена ішіне енгізіледі.

Препаратты инъекцияға арналған сумен сұйылтуға болмайды, өйткені бұл реципиенттерде гемолизді туындатуы мүмкін.

Үлкен көлемді енгізер алдында препаратты бөлме температурасына немесе дене температурасына дейін жылыту керек.

Бұлыңғыр ерітінділерді немесе тұнба түзілген ерітінділерді қолдануға болмайды. Бұл ақуыздың тұрақсыз екенін немесе ерітіндінің ластанғанын көрсетуі мүмкін.

Қалпақшасы зақымдалған болса, қолдануға болмайды. Егер ағып кету анықталса, оны пайдалану ұсынылмайды.

Контейнерді аша сала, ішіндегісін дереу пайдалану қажет.

Инфузия жылдамдығы нақты жағдайлар мен көрсетілімдерге сәйкес түзетілуі тиіс.

Егер препаратты енгізу кезінде қандай да бір жағымсыз реакциялар анықталса, енгізу жылдамдығын төмендету немесе препарат енгізуді тоқтату керек.

Плазма алмасуы кезінде инфузия жылдамдығы шығарылу жылдамдығына дейін түзетілуі тиіс.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Бұл дәрілік препарат тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Артық дозаланған жағдайда қолданылатын шаралар

Жүрек-қантамыр жүйесінің асқын жүктемесінің алғашқы клиникалық белгілері (бас ауыру, ентігу, жарма веналарының ісінуі), жоғары артериялық қысым, орталық веналық қысым жоғарылауы және/немесе өкпенің ісіну кезінде инфузияны дереу тоқтатып, пациенттің гемодинамикалық параметрлерін мұқият бақылау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Бұл дәрілік препарат тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Шығарылу түрі

250 мл және 500 мл (50 г/л дозасы үшін) және 50 мл немесе 100 мл (200 г/л және 250 г/л дозасы үшін) препараттан ашық сұр немесе ақ түсті flip-off типті полипропилен дискісі бар алюминий қаусырмамен қаусырылған, галогенбутилді резеңке тығынмен тығындалған, II типті гидролитикалық шыныдан жасалған құтыда. Құты іліп қоятын құрылғымен жабдықталған.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада, жарықтың әсерінен қорғау үшін құтыны картон қорапта сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

36 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАльбумин адам құтысы 5% 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube