Құрамы
10,0 мл препараттың құрамында 0,03 % 0,06 %
10,0 мл препараттың құрамында 0,03 % 0,06 %
- жедел ринитте
- аллергиялық риносинуситте
- аллергиялық вазомоторлық ринитте
- операциядан кейінгі үстіңгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының гиперемиясы мен ісінуінде
- риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жабықбұрышты глаукома
- көздің ауыр аурулары
- артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
- гипертиреоидизм
- қант диабеті
- созылмалы ринит
- қуықасты безінің гипертрофиясы
- моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдану аяқталғаннан кейінгі 14 күнге дейінгі кезең
- 2 жасқа дейінгі балаларға (Алергозол-DF 0,03 % үшін)
- 15 жасқа дейінгі балаларға (Алергозол-DF 0,06 % үшін)
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Препарат резорбция әсерін береді, соған байланысты оны қысқа мерзімде – 1 аптадан асырмай қолдану, содан кейін бірнеше күн үзіліс жасау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Трициклдық антидепрессанттармен бірге қолданғанда нафазолиннің тамырды тарылтатын әсері күшеюі мүмкін. Нафазолинді моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде және оны тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қолдану гипертониялық кризге алып келуі мүмкін.
Препарат жергілікті жансыздандырғыш дәрілердің сіңуін баяулатады (беткейлік анестезия жүргізген кезде олардың әсерін ұзартады).
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде тек, анасы үшін күтілетін пайдасы бала мен ұрық үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.

Дозалану режимі
Ересектер мен 15 жастан асқан жасөспірімдерге 0,06 % спрей: әр мұрын жолына спрейді күніне 3 рет 1 бүркуден.
Балаларға арналған 0,03 % спрей:
- 2 жастан 6 жасқа дейін – әр мұрын жолына спрейді күніне 1-2 рет 1 бүркуден;
- 6 жастан 15 жасқа дейін – әр мұрын жолына спрейді күніне 3 рет 1 бүркуден.
Емдеу курсы 1 аптадан аспайды.
Енгізу әдісі және жолы
Интраназальді.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипертензия, ауыздың құрғауы, тыныстың тарылуы, қозу, сананың шатасуы.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсарур болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге сәйкес қолданыңыз.

Сирек
- 1 аптадан артық қолданған кезде – шырышты қабықтың тітіркенуі, атрофиялық ринит
Өте сирек
- жүрек айнуы, бас ауыруы
- артериялық қысымның жоғарылуы, тахикардия
- мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі
- мұрынның шырышты қабығының реактивті гиперемиясы
- ауыздың құрғауы
Бүріккіш қақпағы және қорғағыш қалпақшасы бар полипропилен құтыларда 10 мл препараттан. Бір құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.