daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Амоксиклав Таблетки 625 Мг №15 | Lek Pharmaceuticals d d

Таразе қаласындағы Амоксиклав Таблетки 625 Мг №15 | Lek Pharmaceuticals d d
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі беті дөңес таблеткалар.

Өндіруші:

Lek Pharmaceuticals d d

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, құрғатылған кросповидон, құрғатылған көлденеңінен қосылған натрий карбоксиметилцеллюлозасы, магний стеараты, құрғатылған микрокристалды целлюлоза; үлбірлі қабық құрамы: гидроксипропилцеллюлоза, этилцеллюлоза, полисорбат, триэтилцитрат, титанның қостотығы (Е 171), тальк. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі беті дөңес таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

625 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған 625 мг таблеткалар

Қаптамадағы саны:

15 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

жедел бактериялық синуситте

жедел ортаңғы отитте

созылмалы бронхиттің асқынуында

ауруханадан тыс пневмонияда

циститте

пиелонефритте

тері және жұмсақ тіндердің (флегмона, жануарлардың тістеуі, пародонтальді абсцесс, бет-жақ сүйек аумағының флегмонасы) инфекцияларында

сүйек және буындардың (атап айтқанда остеомиелит) инфекцияларында

Қарсы көрсеткіштер

пенициллин тобы препараттарының белсенді компоненттеріне немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық

анамнезіндегі басқа бета-лактамды препараттарға (мысалы, цефалоспориндерге, карбапенемдерге немесе монобактамдарға) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары

анамнезіндегі холестаздық сарғаю немесе бауыр жеткіліксіздігінің басқа жағдайлары (амоксициллин/клавулан қышқылын қолдануға байланысты)

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Амоксициллин/клавулан қышқылымен ем бастар алдында пациенттердің пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа да бета-лактамды заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары барын мұқият зерттеу керек.

Күрделі және кейде өлімге әкеп соғатын (анафилаксиялық) аса жоғары сезімталдық реакциялары пенициллинмен ем қабылдаған пациенттерде тіркелген. Бұл реакциялар көбіне пенициллинге аса жоғары сезімталдық реакциялары және анамнезінде атопиясы бар адамдарда кездеседі. Амоксициллин/клавулан қышқылына аллергиялық реакциялар дамығанда бұл препаратпен емді тоқтату және басқа баламалы емге ауысу керек.

Егер инфекция амоксициллинге төзімді болса, онда амоксициллиннің орнына амоксициллин/клавулан қышқылын пайдалану мүмкіндігі қарастырылу керек.

Қоздырғыштардың бета-лактамды антибиотиктерге төзімділігінің жоғары қаупінде Амоксиклавты қолдануға болмайды. Препаратты пенициллинге төзімді S. pneumoniae емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар және препараттың жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде құрысулар дамуы мүмкін.

Инфекциялық мононуклеозде амоксициллин/клавулан қышқылын тағайындауға болмайды, өйткені қызылшаға ұқсас бөртпелер (амоксициллинге) пайда болуы мүмкін.

Амоксициллинмен емдеу уақытында бір мезгілде аллопуринол қолдану терінің аллергиялық реакциялары даму ықтималдығын арттыруы мүмкін. Қазіргі кезде аллопуринол мен Амоксиклавты бір уақытта қолдану туралы деректер жоқ.

Препаратты ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес организмдердің шамадан тыс өсіп-өнуін туындатуы мүмкін.

Емнің басында пустулезді бөртпесі және қызбасы бар жайылған эритема пайда болуы жедел жайылған экзантематозды пустулездің даму симптомы болуы мүмкін. Бұл реакция дамығанда Амоксиклав препаратын қолдануды тоқтату және болашақта амоксициллинді қайта пайдаланбау талап етіледі.

Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Бауыр функциясының бұзылу жағдайлары негізінен еркектерде және егде жастағы пациенттерде тіркелген, препаратты ұзақ уақыт бойы қолдануға байланысты туындауы мүмкіндігімен балаларда айтарлықтай сирек кездесті. Әдетте белгілері мен симптомдары емді бастау кезінде немесе емнен кейін бірден туындайды, бірақ кейбір жағдайларда емді тоқтатқан соң бірнеше аптадан кейін білінуі мүмкін. Бұл симптомдар әдетте қайтымды. Бауыр тарапынан асқынулар ауыр түрде болуы және өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін. Олар әркез дерлік күрделі қатарлас аурулары бар пациенттерде немесе бауырға әсер ететін басқа да препараттар қабылдайтын пациенттерде дамиды.

Антибиотикпен-астасқан колит дамуы амоксициллинді қоса, кез келген бактерияға қарсы препараттарда да сипатталған және айқындылығы жағынан орташадан өмірге қауіпті дәрежеге дейін ауытқуы мүмкін. Сондықтан, препаратты антибиотиктердің кез келгенін қолдану уақытында немесе одан кейін диареядан зардап шегуші пациенттерге тағайындағанда бұл диагнозды ескерудің маңызы зор. Антибиотикпен-астасқан колит туындаған жағдайда Амоксиклав препаратын пайдалануды дереу тоқтату керек. Дәрігер кеңесінен кейін тиісті ем тағайындалуы керек. Бұл жағдайда перистальтиканы төмендететін препараттарды қолдануға болмайды.

Ұзақ уақыт емдеуде ағзалар жүйесінің функциясын, оның ішінде бүйрек, бауыр және қан түзу функциясын ұдайы бағалау ұсынылады.

Қажетті қан ұю деңгейін ұстап тұру үшін пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге бұзылу айқындығы дәрежесіне қарай доза түзету талап етіледі.

Диурезі төмендеген пациенттерде кристаллурия өте сирек, көбіне парентеральді ем уақытында анықталды. Ем уақытында туындауы мүмкін кристаллуриядан аулақ болу үшін пациентке мол сұйық ішу ұсынылады.

Алынған деректерге сәйкес, амоксициллин қуықтың катетерінде шөгеді (көбіне үлкен дозаны вена ішіне енгізгенде), бұл жағдайда катетердің өткізгіштігін ұдайы бақылау керек.
Амоксициллин қолданумен емдеу уақытында ферментативті емес әдістерді пайдалануда жалғаноң нәтиже болуы мүмкіндігінен, несепте глюкоза барлығына талдау жүргізуде глюкозооксидазаның ферментативтік әдістерін пайдалану керек.

Препаратта клавулан қышқылының болуы иммуноглобулин G және альбуминнің эритроциттер жарғақшасымен спецификалық емес байланысуына және Кумбс сынамасының жалғаноң нәтижесіне алып келуі мүмкін.

Кейіннен Aspergillus инфекциясын жұқтырмағаны айғақталған, бірақ non-Aspergillus полисахаридтері мен полифураноздарды қолдануда айқаспалы реакциялар туралы деректер болмаған, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA талдауының оң нәтижесі туралы деректер алынған. Демек, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттердегі талдаудың оң нәтижесін сақтықпен интерпретациялау және диагностиканың басқа әдістерімен нақтылау керек.

Педиатрияда
Дене салмағы 40 кг төмен балаларға Амоксиклав препаратының басқа дәрілік түрінде (суспензия) тағайындау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар және пенициллин тобының антибиотиктері өзара әрекеттесуі туралы хабарламасыз іс жүзінде кеңінен пайдаланылады.

Алайда әдебиеттердің дереккөздерінде аценокумарол немесе варфаринді амоксициллинмен үйлесімде қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың ұлғайғаны туралы анықталды. Егер препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, амоксициллинді тағайындауда және тоқтатуда протромбиндік уақытты немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты мұқият бақылау керек. Оның үстіне, пероральді антикоагулянттардың дозалануы өзгертілуі қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Пенициллиндік топтың препараттары метотрексат шығарылуын азайтуы мүмкін, бұл уыттылықтың потенциалды артуын туындатады.

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректік өзекшелік секрециясын азайтады. Амоксиклав препаратымен бірге пайдалану қандағы клавулан қышқылының емес, амоксициллин деңгейінің артуына алып келуі мүмкін.

Микофенолат мофетилін қабылдайтын пациенттерде Амоксиклав препаратымен үйлесімде қолданғанда микофенол қышқылының белсенді метаболитінің концентрациясы бастапқы дозаны тағайындағанда шамамен 50%-ға төмендеген. Бастапқы доза концентрациясының деңгейі өзгеруі микофенол қышқылының жиынтық концентрациясы өзгеруіне сәйкес келмеуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Қазіргі уақытта амоксициллин/клавулан қышқылын адамдағы жүктілік кезінде пайдалану деректерінің шектеулі мөлшері бар, бұл дамудың туа біткен ақауы қаупінің жоғарылығын анықтамаған. Ұрық қабы мерзімінен бұрын ажыраған әйелдердегі клиникалық зерттеулерде амоксициллин/клавулан қышқылын қолданумен алдын ала емдеу мен жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколиттің қаупі жоғарылығының арасындағы себеп-салдарлы байланыс тіркелген. Амоксициллин/клавулан қышқылын жүктілік кезінде пайдалану ұсынылмайды, тек өте қажет жағдайда дәрігердің тағайындауымен қолданылуы мүмкін.

Лактация

Белсенді заттың екеуі де емшек сүтіне бөлінеді (клавулан қышқылының емшекпен емізуге әсері туралы деректер жоқ). Демек, емшекпен емізуде іш өту және шырышты қабықтардың зеңдік инфекциялары сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін, бұл жағдайларда бала емізуді тоқтату керек. Амоксициллин/клавулан қышқылын бала емізу уақытында пайдалануға тек емдеуші дәрігер пайда/қаупін бағалағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Доза амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшерін ескерумен есептеледі. Жеке дара инфекцияларды емдеу үшін Амоксиклав препаратының дозасын таңдағанда:

қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын

инфекцияның ауырлық дәрежесі мен орналасуын

төменде көрсетілгендей пациенттің жасын, салмағын және бүйрек функциясын ескеру керек.

Сондай-ақ Амоксиклав препаратын қолданудың басқа да тәсілдерін, мысалы, амоксициллиннің жоғарылау дозаларын пайдалануды және/немесе амоксициллин және клавулан қышқылын әртүрлі арақатынастарда тағайындауды ескеру керек.

Ересектер және дене салмағы 40 кг астам балалар

Тәулігіне 1 таблеткадан 625 мг 3 рет тағайындалады.

Ең жоғары тәуліктік доза 1500 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылын құрайды.

Егде жастағы пациенттер үшін доза түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігінде доза түзету амоксициллиннің ұсынылатын ең жоғары деңгейін ескерумен орындалады. Препаратты креатинин клиренсі (CrCl) 0,5мл/сек. (30 мл / мин.) астам пациенттерге тағайындағанда доза түзету талап етілмейді.

Ересектер және салмағы 40 кг астам балалар

Дене салмағы 40 кг төмен балалар

Бауыр жеткіліксіздігінде сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясын ұдайы бақылау керек.

Емдеу ұзақтығы

Емнің ұзақтығы пациенттің реакциясына байланысты. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) емдеу кезеңінің ұзақтау болуын талап етеді. Емдеудің ең ұзақ уақыты 14 күннен аспауы тиіс.

Қолдану тәсілі

Таблеткаларды туындауы мүмкін асқазан-ішек бұзылуларын азайту үшін және амоксициллин/клавулан қышқылының сіңуін арттыру үшін тамақ ішер алдында пероральді қабылдау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Симптомдары: асқазан-ішек симптомдары және су/электролиттік теңгерім бұзылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда амоксициллин кристаллуриясы бүйрек жеткіліксіздігіне алып келеді. Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде немесе препараттың жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде құрысулар болуы мүмкін.

Емі: су/электролитті теңгерімді ескере отырып, симптоматикалық емдеу. Амоксициллин/клавулан қышқылы организмнен гемодиализ көмегімен шығарылуы мүмкін.

Шығарылу түрі

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 таблеткадан салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАмоксиклав таблетки 625 мг №15 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube